ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет315/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   440
6.  Индукция.  Индукция  танымның  негізгі  әдістерінің  біріне  жата-

ды,  өйткені  заттар  мен  құбылыстардың  жекелеген  қасиеттерін  зерт-




325

теуден  жалпы  түсініктерді  қалыптастыруға  қарай  өту  орын  алады, 

яғни  мұнда  бақылаулар  мен  сынақтардың  нәтижелерін  жинақтап 

қорыту  туралы  сөз  болып  отыр.  Индуктивтік  қорытуда  эмпириялық 

заңдар  айқындалады.  Мысалы,  Лавуазье  табиғаттың  қатты,  сұйық 

және газ тәріздес күйдегі кейбір денелеріне (су, сынап) бақылау жасап, 

табиғаттың барлық денелері жоғарыда аталған осы үш күйде болаты-

ны туралы индуктивтік қорытынды жасаған.

Индуктивтік  қорыту  толық  және  толық  емес  болады.  толық  ин-

дукцияда  бір  топтағы  заттардың  бірқатарында  табылған  ортақ  сапа-

лар  мен  қасиеттер  осы  топтың  барлық  заттарына  ауысады.  Мысалы, 

Жердің, Марстың, Шолпанның қозғалысын зерттеу негізінде И.Кеплер 

«әрбір планетаның эллипс (оның бір нүктесінде Күн орналасқан) бойы-

мен қозғалатыны» туралы индуктивтік қорытынды жасады. Бұл жерде 

біз Күн жүйесі планеталарының саны шектеулі болатын жағдайға тап 

болып отырмыз.

Алайда  ғылымда  көпшілік  жағдайларда  бір  немесе  басқа  топтағы 

денелер  санының  шексіздікке  кететіні  кездеседі,  олардың  барлығын 

қамту  мүмкін  емес.  Олай  болса,  берілген  топ  заттарының  мейлінше 

ықтимал  сандарын  зерттей  отырып,  ғалымдар  бүкіл  топқа  жататын 

қорытынды  жасауға  мәжбүр.  Бұл  жерде  қорытынды  деректерінің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет