376
Тарихи тұрғыда ол адамның табиғаттағы әлдебір заттектерге,
материалдарға мұқтаждығынан пайда болады. Орта ғасырларда ал-
химиктер табиғаттың әртүрлі заттектерін алтынға, басқа қымбат
бұйымдарға айналдыру мақсатында олармен есепсіз көп тәжірибелер
жасап, қорытындысында, химия ғылымының пайда болуына қажетті
орасан көп эмпириялық материал бейберекет жинақталды.
Тек XIX ғасырда ғана тарихи жинақталған деректерді біртіндеп
теориялық ойластыру орын алғанмен, алайда ғалымдар әлі де атом-
дарды табиғаттың аса ұсақ, ары қарай бөлінбейтін бөлшектері деп са-
найтын. Нәтижесінде, осындай жағдайда «Атомдардың бір-бірлерімен
өзара байланыстарының себебі неде?» деген қасиетті сұраққа жауап
Достарыңызбен бөлісу: