гомеостаз деп аталатын ішкі орнықты күйін сақтайды.
Ғылым ретінде биология тарихи тұрғыда өз дамуының үш сатысы-
нан өтті. Бірінші сатыда өсімдік және жануарлар түрлерінің жүйеленуі
орын алды. Бүгінгі күнге дейін 1 миллионға жуық жануар, 0,5 мил-
лион алуан түрлі өсімдік және үш мыңдай микроорганизм зерт-
телді. Бұл жүйелеу ісіне швед ғалымы карл линней орасан зор үлес
қосты.
Екінші сатыда келесі сұрақтар пайда болды:
Тірі тіршілік әлемінде не болып жатыр? Жануарлардың бір түрінен
қалайша екінші түрі пайда болады немесе олар Құдай қалай жаратса,
солай қалады?
Жер шарының әр түкпірінен табылған ертедегі жануарлардың
сүйектері ғалымдарды жоғарыдағы сұрақтар бойынша ойлануға
мәжбүр етті. Француз ғалымы ж.ламарк жануарлардың өзгеруін екі
жағдаймен түсіндіреді. Бір жағынан, бұл – өзгеріп жатқан қоршаған
ортаның әсері, екінші жағынан, – тұқым қуалаушылық факторы, яғни
жаңадан пайда болған қасиеттердің келесі ұрпаққа берілуі. «биоло-
Достарыңызбен бөлісу: |