ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


шарттары  ертедегі  грек  ғылымы  бастаулары



Pdf көрінісі
бет46/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   440
шарттары  ертедегі  грек  ғылымы  бастаулары  пайда  болуының 

алғышарттарын құрған.

Алайда  ертедегі  грек  ғылымының  Шығыстың  жеткен 

жетістіктерінен  аса  ұзап  кете  алмағанына  ерекше  назар  аудару  ке-

рек.  Оның  себебі  бұл  екі  өркениеттің  де  өндірістің  құлиеленушілік 

тәсіліне  негізделгенінде  болды.  Ежелгі  Грекияда  еркін  адамдар  дене 

еңбегінен қашатын, ол тек құлдардың мойнына түскен жүк болды. Сол 

себепті  олар  (гректер)  еркін  ақыл-ой  қызметімен  ғана  айналысып, 




44

еңбек  құралдарын  пайдалануға,  оларды  жетілдіруге  аса  көңіл  аудара 

қоймады.  Ақыл-ой  қызметін  олар  ғылым  деп  атап,  қалғандарының 

барлығын «техне», яғни кәсіптіңөнердің қатарына қосты. Әдебиетте 

жазылғандай, шығармашылық қызметтің «материямен» (сәулет, мүсін) 

байланысты күрделі түрлеріне де олар жеккөрушілікпен қарап, кәсіпке 

жатқызды.  Міне,  сол  себепті  де  ежелгі  гректер  Фидий,  Поликлет, 

Пракситель  сияқты  ертедегі  грек  өнерінің  алыптарын  кәсіпшілер  са-

нап,  оларға  жоғарыдан,  менсінбей  қараған.  Бұндай  жағдай  ақылмен 

пайымдауға, әлемді жалпылама ойлау арқылы ғана қол жететін әлдебір 

үйлесімді  тұтастық  деп  қарауға  жеткізді.  Міне,  сондықтан  да  олар 

Шығыс ғалымдарына да осылай жоғарыдан қараған, ал олар, керісінше, 

нақты өмірдің мұқтаждықтарына сүйенуге, іс жүзінде пайдалануға бо-

латындай  бір  нәрсе  жасауға  тырысты.  Ол  туралы  ертеде  Плутарх  та 

өзінің «Салыстырмалы өмір сипаттары» еңбегінде жазған-ды.

Айтылғандарды  қорытындылай  және  мәселені  нақтылай  келе, 

Шығыста  сияқты,  Ежелгі  Грекияда  да  ғылым  бастаулары  нақты 

өмір  қажеттіліктерінен  пайда  болған  деп  айтуға  болады.  Алғашқы 

математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге 

байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан-

ұрпаққа  ауызша  және  көрсету  жолымен  беріліп  отырды.  Қисынды 

дәлелдеу  жолымен  негізделген  әлдебір  мәтіндер  іспетті  арифметика 

мен геометрия әлі пайда бола қойған жоқ еді. Кейіннен грек рухы ол 

жұмысты  атқарып  шықты.  Егер  бір  ғалымдар  оны  Фалестің  атымен 

байланыстырса, ал екіншілері Демокриттің атымен байланыстырады 

(қараңыз:  С.А.Лебедев.  Философия  науки.  –  М.:  Академический  про-

ект,  2006.  –  52-бет).  Бірақ  бір  нәрсе  анық:  олардың  екеуі  де  алғашқы 

математикалық мәтіндерді құрды, оларда теориялық тұрғыда қисынды 

дәлелділік  бар,  яғни  олардың  есімдерін  ертедегі  грек  ғылымының 

бастаушылары  деп  қарауға  болады.  Олардың  қатарына:  әлемнің 

негізін құрайтын сандар, денелердің сәйкестігі (пропорциясы) туралы 

түсініксіз (жұмбақ) ілім құруға, табиғат құбылыстары мен заңдарының 

жасырын  мағынасына  енуге  әрекет  еткен  пифагоршыларды  да 

жатқыза аламыз.

Милетте  (Кіші  Азияда)  алғаш  рет  бастапқы  бастау-көзді  (архэ) 

іздестіруге  бағытталған  философиялық  идеялар  пайда  бола  бастады, 

өйткені әлемді мифологиялық түсіну енді сол заманның ойшылдарын 

қанағаттандыра  алмайтын  болды,  ал  олар  өз  ақылдарымен  әлемнің 

негізіне,  түп-қазығына  жетпек,  олардың  пікірінше,  ол  негіз  сезіммен 

қабылдануға,  кең  таралуға,  аса  сапалы  болуға  тиіс.  Сондай  деп  Фа-



45



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет