ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет54/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   440
зенон Элейский (б.з.д. 490-430 жж. шамасы) түскен-ді.

Зенон өз заманының саяси өміріне белсене араласты. Аңыздар бо-

йынша  ол  озбыр  билеуші  Неархқа  қарсы  қастандық  ұйымдастырған, 

бірақ  қамауға  алынған.  Қатыгез  Неарх  оған  қарсы  шыққандардың 

аты-жөндерін айтуды талап еткенде, Зенон өзінің тілін қыршып алып, 

озбырдың  бетіне  түкірген-міс.  Философия  тарихына  Зенон  «апорий-

лер» (ойдағы қиындықтар) деп аталатын түсініктері арқылы енді, сол 

түсініктерінде  көптіліктің  және  қозғалыстың  жоқтығын  дәлелдеуге 

тырысты.

Зат жылжи отырып, кеңістіктің әлдебір нүктесіне жетуге тиіс. Бірақ 

бұл мүмкін емес, демек, дұрыс емес. Неге? Себебі, зат бұл нүктеге жету 

үшін,  алдымен  қашықтықтың  жартысын,  содан  соң  келесі  жартысын 

жүріп өтуге тиіс, солай шексіз кете береді. Ол кезде зат қозғалмайды. 

Зенонның  белгілі  апорийлері  –  «Ахиллес  пен  тасбақа»,  «Жебе»  де 

осыған ұқсас тәсілмен дәлелденеді.

Зенонның  көптілікті  (көпшені)  жоққа  шығаратын  апорийлері  де 

соншалықты  қызғылықты.  Көптілік  көп  бірліктен  тұрады,  ал  бұл 

мүмкін  емес.  Егер  әлем  көптеген  заттардан  тұратын  болса,  онда 

қажеттілігімен бірге, олардың саны сомаға тең. Бірақ сома шексіздікке 

кетеді,  өйткені  екеудің  арасына  тағы  бірді,  содан  кейін  екеуді  және 

т.с.с. орналастыруға болады. Ол кезде бір бар, ал көптілік жоқ.

Өзінің дәлелдемелерімен Зенон Логостың мағынасын жаңа деңгейге 

көтерді, басқаларды қозғалыстың, кеңістіктің және уақыттың мәні ту-

ралы ойлануға мәжбүр етті.

Болмысты  түсіну  үшін  ежелгі  грек  материалистері  –  левкипп 

(б.з.д. V ғасыр) және Демокрит (б.з.д. 460-370 жж.) мүлдем бөлек жол 

таңдады.  Олар  философияға  атом  (atomos  –  бөлінбейтін)  ұғымын 

енгізді.  Атомдар  –  ары  қарай  бөлінбейтін,  өте  ұсақ,  адамның  көзіне 

көрінбейтін, бір-бірінен формасы, көлемі және салмағы бойынша ғана 

ажыратылатын бөлшектер. Бос кеңістікке түсіп, бір-бірімен тізбектеле 

келе, олар табиғаттың алуан түрлі денелерін құрайды.

Сондықтан  да  екі  ойшыл  да  болмыссыздықтың  бар  екенін 



жоққа  шығарды.  Әлдебір  зат  пайда  болғанда,  ол  атомдардың 

әртүрлі  қосылыстарынан  құралады,  ал  зат  құрып,  жоғалғанда,  оны 

құрайтын  атомдар  бір-бірінен  ажырайды.  Әлбетте,  атомдардың 

қозғалуы  үшін  кеңістік  керек.  Сол  себепті  олар  әлемді  ішінде  атом-




51

дар  қозғалып  жүретін  орасан  үлкен  бос  кеңістік  деп  қарады.  Табиғат 

денесін  құрайтын  атомдар  шексіз  болғандықтан,  кеңістік  те  шексіз. 

Егер  кеңістік  шектеулі  болса,  онда  оған  атомдардың  шексіз  саны 

сыймаған  болар  еді.  Осының  барлығы  уақыттың  үздіксіздігін  және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет