ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет100/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   382
герменизм
сияқты құбылысты айналып өтуге болмайды. Ресми ғылыммен қатар, 
ежелден-ақ ғылымнан тыс арнаулы білімнің өмір сүргенін және 
әлі де өмір сүріп келе жатқанын айтуға тиіспіз, оның үстіне, оның 
кейбір түрлері жеткілікті дәрежеде жүйеленген. Олардың қатарына 
«оккульттік» немесе «эзотерийлік» деп аталатындарды да жатқызуға 
болады.
Ғалымдардың пікірінше, ол білімдер бітіп болмайтын 
қателесушіліктер, ал оларды қолдайтындар мен тарататындар – 
алаяқтар болып табылады. Міне, енді өткен ғасырдың 60 жылдарының 
ортасынан бері қарай Батыс ғылымтануында, ғылымның тарихтануы 
мен философиясында ғылымнан тыс арнаулы білімдердің ғылымға 
ықпал ете бастаған мәселесі белсенді талқылана бастады.


113
Мәдениет құбылысы ретінде 
герменизм
ілімнің ажырамас бірлігі 
және осы ілімге сай өмір салты болып табылады. Ілім ретінде, ерек-
ше доктрина ретінде ол білімдердің әлдебір эзотерийлік, яғни даңқты 
гермес трисмегиске
(яғни Үш мәрте Ұлы дейтінге) телінетін жүйені 
білдіреді.
Алхимиялық дәстүр – осы ілімнің негізі. Мамандар герменизмді 
«оқымысты» және «танымал» деп бөледі. Батысеуропалық Ортағасыр 
және Қайта өрлеу дәуірінде, негізінен, «танымал» герменизм, яғни ал-
химия, астрология, магия кең қолданыла бастады.
Бұл ілім Н.Коперникті де айналып өтпеді (герменизмнің көрнекті 
өкілдері М.Нострадамус пен Т.Кампанелла болған).
Алайда ол, біздің заманымызда белгілі болып отырғандай, Джор-
дано Бруноға ерекше ықпал еткен. 1964 жылы американдық зерттеуші 
Ф.А.Ейтенің «Джордано Бруно және гермендік дәстүр» деген кітабы 
жарыққа шықты. Онда автор Қайта өрлеу алыбының негізгі туынды-
ларында Гермес Трисмегистің рухы басым екенін дәлелдейді. Бруно 
еңбектерінен ол герменизмнің басты кітабы «Асклепияға» («Тығыз 
жабылған корпустың» екінші бөлімі) идея жағынан да, мәтіні жағынан 
да сәйкестік тапқан. Оның үстіне, әдетте, Бруноның озық көзқарастары 
мен атеистік дүниетанымын дәлелдеу үшін айтылатын ойлары гер-
менизмнен алынған ойлар болып шықты. Н.Коперниктің әлемнің 
гелиоцентрлік сызбанұсқасының өзін Дж.Бруно, Ф.А.Ейтенің пікірі 
бойынша, герменизм идеяларының дұрыстығының ұлы дәлелі деп 
қабылдаған.
Бірақ, біздің ойымызша, бұл Дж.Бруноның ұлылығын және болашақ 
ұрпақтар үшін оның мұраларының маңызын ешбір кемсітпесе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет