ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет108/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   382
Байланысты:
Философия

жаратылыстануына
келсек, бір-біріне 
қарама-қайшы екі бағыт: 
эмпиризм
мен 
рационализм
шықты. Егер 


122
эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал 
рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді та-
лап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың 
ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. 
Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай бедел-
абыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы 
адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын 
шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар 
өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерт-
тей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр за-
манында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге 
және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, 
енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен 
оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі 
элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды.
Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол 
арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым 
Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды.
Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса 
маңызды ерекшеліктері осындай.
4.2. жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен 
рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы
(Ф.бэкон және Р.Декарт)
Жаңаеуропалық философиядағы эмпиризмнің негізін салу-
шы деп 
Френсис бэкон
(1561-1626) әділетті аталады. Ол Кембридж 
университетінде білім алып, саяси өмірге белсене араласады және 
мемлекеттік қызметте «Лорд-канцлер» атағын иеленеді. Король Яков 
I адал қызметі үшін оған Верлуам деген жерден қорған сыйға тар-
тады. Бірақ «бақытыма сорым себепші болды» демекші, жас жігітке 
қамқоршы болған король Яков I қайтыс болғаннан кейін, Ф.Бэконға 
әртүрлі айыптар тағылып, – бұл енді үйреншікті нәрсе емес пе, – 
нәтижесінде, оның мемлекеттік лауазымдарда қызмет етуіне тыйым 
салынды. Англия өзінің сан ғасырларға даңқын асырған ұлы ғалымға 
осылай қол жеткізді.
Ғалым, әрі тәжірибе жасаушы болған ол тауықтарды мұздатып 
қатырғаннан кейін олардың тірілетін-тірілмейтінін білу мақсатында 


123
жасаған тәжірибесі барысында суық тиіп ауырып, ақыры, сол аурудан 
қайтыс болды.
«Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты 
мен неге арналатынына деген жаңа көзқарасына философиялық 
негіздеме береді және зерттеудің индуктивтік әдісінің негізгі 
қағидаларын ойлап шығарады. Ф.Бэкон: «Шын мәнінде өте пайдалы 
нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген.
Оның шығармашылығының өзгеше ерекшелігі адамдар білімді 
өздерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет