ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет109/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   382
Байланысты:
Философия

өмірлік мұқтаждықтарын
қанағаттандыру үшін алады деп 
ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу 
қажет, ал оған апаратын негізгі жол – 
тәжірибемен келетін білімдер. 
Тәжірибелік білімдердің өздері 
өнім беруші
және 
жарық беруші
не-
месе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, 
қолданбалы
және 
іргелі
болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал 
екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның 
жарық беруші білімдерді дамыту қажеттігі туралы айтқаны тамаша, 
өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді.
Ф.Бэкон өз заманының ғылымдарын саралап жіктеуді жүзеге 
асыруға әрекет етті. Бөлу белгісі ретінде ол адам жанының қабілеттерін 
алады. Ол – зерде, қиял, ақыл. Зердеге – тарих, қиялға – поэзия, ақылға 
философия сай келеді.
Өз кезегінде, тарих жаратылыстану тарихына (historia naturalis) 
және азаматтық тарихқа (historia civilis) бөлінеді.
Поэзия нақты өмірді шынайы түрде емес, адамның жүрегі мен 
сезімдерінің талаптары тұрғысынан көрсетеді.
Ал философияның зерттейтін тақырыбы – Ол Құдай, Табиғат және 
Адам. Құдай мәселесін «екі шындық» тұрғысынан қарастыра келе, ол 
философия аясында оның танылмайтыны туралы айтады. Сол себепті 
бұл – теологияның қарайтын мәселесі.
Табиғат философиясын ол екі: теориялық және практикалық 
құрамдас бөлікке ажыратады. Теориялық философия жарық беруші 
тәжірибелерге негізделсе, ал практикалық философия өнім беруші 
тәжірибелерге негізделген.
Адам мәселесі де екіге бөлінеді: адамды табиғат туындысы 
ретінде философиялық антропология (philosophia humana) зерттесе, 
ал қоғамдық тіршілік иесі ретінде азаматтық философия (philosophia 
civilis) зерттейді.
Сызбанұсқа түрінде оны төмендегіше көрсетуге болады:


124
ЗЕРДЕ
ҚИЯЛ
АҚЫЛ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет