ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет116/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   382
ойлаймын, демек, өмір сүремін
(лат. – Cogito ergo sum) де-
ген қорытындыға келуге болады. Декарттың ойынша, бұл тұжырымға 
күмәндануға болмайды, өйткені ол түсінікті, айқын, ашық. Мыса-
лы, егер мен ойлау қабілетімнен айырылсам, ол жағдайда менің өмір 
сүруімнің дәлелі де тез ғайып болар еді.
Р.Декарт адамның ойлау үдерісін өзгеше кең түсінеді: адамдар 
қабылдайды, түсінеді, түйіндейді, теріске шығарады, сезеді, қиялдайды 
және т.б., тіпті адамның ұйықтап жатып көрген түсі де ойдан туады.
Адамның танымдық белсенділігі идеялардың үш тобынан тұрады. 
Біріншісі біздің 
сезімдеріміздің
сырттан қабылдаған идеяларынан 
құралады. Мысалы, Күн, Ай, ағаш идеясы және т.с.с.
Екінші топты 
ақылдың
өзінің идеялары құрайды. Олар сырттан 
қабылданған идеялардың өзгеруі нәтижесінде пайда болады.
Үшінші топ 
туа біткен
идеялардан тұрады. Адам оларға ақыл-
парасаттың түйсігі арқылы жетеді. Ал бұл жерде оның жәрдемшісі – 
ақылдың табиғи жарық сәулесі
(лат. – Lumen naturale). Тумысынан 
келген идеялар қашанда ұғынықты, қарапайым, заттарға да, адамдарға 
да тәуелсіз. Мысал үшін айтсақ, егер кез келген екі сан үшінші бір 
санға тең болса, онда олар өзара да тең; ештеңеден ештеңе пайда бол-
майды; бір мезгілде бір заттың болуы да, болмауы да мүмкін емес және 
т.с.с. «Ойлаймын, демек, өмір сүремін» дегенді де ойшыл осылардың 
қатарына жатқызады.
Демек, пікірлердің әрбір нақтылығының негіздемесі – ойлау-
шы субъектінің болуы. Ал бұл жерде ойлаушы субъектінің – Жаңа 
дәуірдің бар философиясының түпқазығы және бір мезгілде бастауы 
болып табылатынын ерекше атап көрсету қажет. Орта ғасырлардың 
даусыз даралығы қағидасынан және Қайта өрлеу дәуірінің сезімдік-
материалдық тұлғасы ұстанымынан Жаңа дәуірдің философиясы 
ой-
лайтын адам
тұжырымдамасына келіп тоқтады.
Ф.Бэконға қарсы Р.Декарт алдыңғы орынға 
дедукцияны
шығарады. 
Оның маңызы мынада: танымның негізінде, анық, қарапайым және 
айқын, яғни ақыл-парасат түйсігі арқылы қабылданатын және ақыл 
тезінен өткізілетін қағидалар жатуға тиіс.
Кез келген мәселеде белгілімен қатар, қандай да бір өзіндік 
ерекшеліктері бар белгісіз нәрселер де болуы керек. Демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет