ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет110/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   382
 Тарих
Поэзия
Философия

Теология
Жаратылыстану тарихы
Азаматтық тарих
Теориялық философия
Практикалық философия
Философиялық антропология
Азаматтық философия
Ф.Бэконның пікірінше, ғылым практиканың алдында озып жүруге, 
жаңадан ашылатын жаңалықтарға жол көрсетуге тиіс. Бірақ басты 
қиындық адамның 
ақылының өзінде
, оның қолданылуында 
жатыр

Демек, таптаурын болған жолмен емес, «мүлдем басқа әдіспен, басқа 
жолмен жүру керек». «Органон» логикадан артық ештеңе де емес. 
Жаңа логика, яғни әдіс құру арқылы ғана ойлау шектерін тәжірибемен 
сәйкестікке келтіруге және теорияны адамның табиғат күштерін игеру 
үшін жұмсайтын құралына айналдыруға болады.
Бірақ ғылым ғимаратын қайта салу үшін алдымен теорияны прак-
тикадан кейін қалып қояға келтірген шарттарды ашып көрсету керек.
Ф.Бэкон бойынша, ғылымда ғасырлар бойы ғылымның ары қарай 
дамуына кедергі жасаған ескі наным-сенімдер қалыптасып келді. 
Оларды ғалым «пұттар» немесе «елестер» деп атады.
Алғашқы елес – 
тектік пұттар
(лат. – idola tribus). Олар адамның 
жалпы табиғатынан келіп шығады. Қазіргі заман тілімен айтқанда, 
бұл – танымның антропоморфизмі, яғни адамға тән психологиялық 
қасиеттерді табиғат құбылысына немесе жан-жануарларға, заттарға 
телу болады. Олардың түп-тамырлары алғашқы қауымдық қоғамға, 
адам табиғаттың дүлей күштерін «өзіне ұқсас» деп қабылдайтын 
заманға кетеді. Іс жүзінде тектік пұттар әлі күнге дейін сақталған
өйткені табиғат әлі де біз үшін ұлы құпия күйінде қалып отыр, оны 
алдағы ұрпақтардың көпшілігі шешетін болады.
Екінші елес – ол 
үңгір пұттары
(лат. – idola spesus). Әрбір адам бұл 
өмірге белгілі бір орында, отбасында келеді. Біреу кедей шаруа отба-
сында дүние есігін ашса, ал екіншісі сәби кезінен-ақ байлыққа «шо-
мылып» өседі. Есейе келе, тиісті білім және тәрбие алып, адам дүниеге 
«табиғат жарығы қисық түсетін» өз үңгірінің терезесінен қарағандай 
болады. Сондықтан ғылым жолына түсу үшін, өзінің үңгір аясынан 
аспайтын таяздығын жеңе отырып, адам жалпыадамзаттық жетістіктер 
деңгейіне дейін көтерілуге тиіс.


125
Бір кездері ұлы орыс философы Вл.Соловьев «дүниетаным» 
дегеннің не екені туралы ойлана келе, оны «ақыл терезесі» деп атаған. 
Осындай үш «терезені» – К.Маркстің экономикалық материализмін, 
Л.Толстойдың «ұзын сонар» морализмін және Ф.Ницшенің «ғажап 
адам» теориясын салыстыра келе, ол: «Экономикалық материализм 
терезесінен біз артқы немесе, француздар айтатындай, тарих пен қазіргі 
заманның... «төменгі» ауласын көреміз; дерексіз, ұзын сонар морализм 
терезесі таза, бірақ енді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет