театр немесе беделділер пұттары (лат. – idola
theatri). Оның пайда болуының себептері – бір кездері тарихта болған,
ғылымға еңбек сіңірген беделді тұлғаларға бас ию, олардың идеяла-
ры мен теорияларын «ақырғы кезеңде» олардан кету мүмкін емес
шындықтармен теңдестіру. Ал іс жүзінде «шындық – беделділердің
емес, өз заманының туындысы».
Осыдан аз уақыт бұрын-ақ біз К.Марксті, Ф.Энгельсті, В.И.Ленинді
нағыз табынатын пұттарға айналдырып, маркстік идеялармен
«шырмалған» жоқпыз ба? Олардың аузынан шыққан әр сөз дау тудыр-
мас шындық болды, оларды Құдайдай көрдік. Ал, шын мәнінде, олар,
сөз жоқ, – ұлы адамдар, олар да өз заманының ұрпақтары болды, де-
мек, олардың да қателесуі мүмкін ғой.
Бүгінгі күні енді басқа беделділердің алдында бас иетін адамдар аз
емес.
Сондықтан Ф.Бэконның: «Ғылым жолына түскен адамның жоғарыда
аталған және, мүмкін, басқа да пұттардан азат болғаны жөн», – деген
сөздерімен келіспеуге болмайды.
Ф.Бэконның тағы бір елеулі еңбегін оның ғылыми танымның
абстрактілік-схоластикалық әдісінен еш нәтиже бермейтін әдіс
ретінде үзілді-кесілді бас тартып,
тәжірибелік-индуктивтік әдісті негіздегенінен көреміз. Әлдебір жалпы түсініктерге сүйенетін ой,
оның пікірінше, сол түсініктердің шектерінен аса алмайды. Сол себепті
ғалымдардың назарын Табиғаттың өзінің құбылыстарына аударған
жөн, өйткені Табиғаттың нәзік құпиялары ғалымдардың көпшілік
түсініктерінен анағұрлым тереңірек.
Әлбетте, бұл ойшыл ғылымдағы жалпы ұғымдарды теріске
шығарды дегенді білдірмейді. Сөз бұл ұғымдардың қалай шыққаны
туралы болып отыр. Егер олар кездейсоқ фактілерді қорыту негізінде
шыққан болса, онда бізді теріс жолға итермелейді.
127
Ф.Бэконның ойынша, жалпы ұғымдар тәжірибеге негізделген
білімдерден шығуға тиіс. Бірақ бұл білімді де ақыл тезіне салу ке-
рек. Адам өз жолында барлығын да талғап-таңдамай жинай беретін