ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет117/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   382
Байланысты:
Философия

ойлау ло
-
гикасын
пайдаланып қана 
шындыққа
жетуге болады.


131
Сөйтіп, Ф.Бэкон мен Р.Декарт ғылыми танымның жаңа әдістемесінің 
негізін салып, оған терең философиялық мағына берді.
4.3. т.гоббстың әлеуметтік философиясы: 
моральдың жоғарғы белгісі ретіндегі мемлекет мүдделері
Ағылшын философы, материалист және саяси ойшыл 
томас 
гоббс
(1588-1679) Оксфорд университетінде білім алған. Ағылшын 
тарихындағы ушыққан оқиғаларға орнықты революциялық күштерді 
жақтап қатысқан. Оның көзқарастарының қалыптасуына Ф.Бэконның, 
Р.Декарттың идеялары айтарлықтай ықпал еткен. Бұл оның этатист 
болуына, яғни үкімет атымен жоғары егеменді мемлекеттің дара 
билігін жақтаушыға айналуына жеткізді. Т.Гоббстың 
«левиафан не
-
месе материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы 
мен билігі»
(1651) деген еңбегі қоғамдық-саяси және ғылыми топтар 
арасында үлкен толқу тудырды. Онда мемлекеттің қызметіне, саяси 
билікке қатысты мәселелер терең де жан-жақты зерттелген.
Туындысын библиялық теңіз құбыжығының атымен атай оты-
рып, – Иова кітабында Левиафанның «тәкаппар ұлдардың барлығының 
патшасы» екені айтылған (Иова кітабы, 41:26), – Т.Гоббс өзі «алып 
тірі ағза» деп қарайтын мемлекетті соған ұқсатады. Оның қоғамдық 
құрылыс пен мемлекет туралы ой-пікірлерінің бастауы – «адамдардың 
табиғи жай-күйі» болып табылады, солар деп ол адамның азаматтық 
қоғамнан тыс жағдайын түсінеді: қандай да бір мемлекеттік ұйым бол-
маса, жеке меншік жоқ болса, бұндай жағдайды «бәрінің барлығына 
қарсы соғысы», яғни «адам – адамға жау» деп жариялаудан басқа лаж 
қалмайды.
Бұл соғыста, Гоббс бойынша, жеңімпаздар болмайды. Ол (соғыс) 
әркімге төніп тұрған қауіп-қатер жағдайын білдіреді. Табиғаты 
сездіріп, өз жағдайының мүшкілдігін түсінген соң, адамдар осын-
дай бейшара және жиіркенішті күйден арылуға ұмтылады, бірақ бұл 
олар өзара келісім бойынша өздерінің барлық құқықтарынан бас 
тартқан жағдайда ғана мүмкін болады. «Өз-өзімді билеу құқымнан 
бас тартып, ол құқымды мына бір адамға немесе адамдардың әлдебір 
жиынына беремін, егер сен де мен сияқты, оларға өз құқыларыңды 
берсең, барлығы үшін оларға уәкілеттік ұсынсаң, олардың әрекеттерін 
өзімдікі деп танитын боласың. Солай болған кезде, ерекше бір 
қауымдастыққа, қауымға сөйтіп біріккенде, олар көпшілік деп атала-
ды, латынша – civitas. Ұлы Левиафанның дүниеге келуі осындай...». 


132
Нәтижесінде, жеке адамдар өкілеттіктерін беріп, өз еріктерін мемле-
кетке бағындырып, қоғамдық шарт жасасады. Мемлекет билігі ғана 
табиғи заңдардан көрінетін саналы адамдық табиғатты іске асыра ала-
ды. Азаматтық заңдар табиғи болуға, бірақ міндетті түрде мемлекеттің 
беделі және күшімен бекіген болуға тиіс. Гоббс үшін мемлекет – бұл 
ешкім қол сұға алмайтын құндылық. Мемлекеттік билік мықты, 
орталықтандырылған болуға тиіс: «билікті бөлу – оны жою деген сөз, 
өйткені бөлек-бөлек ажыратылған биліктер бір-бірлерін құртып тына-
ды». Мығым және әлеуетті биліктің талабы қалыптасып келе жатқан 
буржуазияның мүдделеріне әбден сәйкес болды.
Гегель «Философия тарихында» Гоббсқа қаратып, «оның пікірі 
ұшқары және эмпириялық, яғни тәжірибеге ғана негізделгендігін, 
бірақ оған келтіретін уәждері мен тезистері шынайы екенін, өйткені 
табиғи қажеттіліктерден туғанын» айтқан. Бірақ, біздің ойымызша, 
Гегельдің бұл көзқарасы әділетті емес. Әйтпесе Гоббстың мемлекет 
пен қоғамға қатысты пікірлері XVII-XVIII ғасырлар ойшылдарының 
басым көпшілігіне орасан зор ықпал етпеген болар еді. Егер аяғына 
дейін әділетті болғымыз келсе, онда Т.Гоббстың келісім-шарт 
және мемлекеттің пайда болуы теориясынан тартылған жолдың 
«Ж.Ж.Руссоның қоғамдық келісіміне», ары қарай біздің бүгінгі 
заманымызға жеткізгенін мойындағанымыз жөн. Ұлы әлеуметтік 
философтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет