ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет118/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   382
Байланысты:
Философия

мемлекетке және қоғамға
деген пікірлері алғаш рет 
теологияға емес, 
ақыл-парасат пен тәжірибеге
сүйенді.
Иә, бүгінгі күні біз мемлекеттің пайда болуы – аса күрделі, 
көпфакторлы үдеріс екенін, онда келісім де, күш қолдану да, жеке 
меншік те болатынын жақсы түсінеміз. Бірақ сонда Т.Гоббстың 
конвенциялық теориясына неге соншалықты мән беріп, көңіл бөлеміз? 
Себебі, негізінен, кез келген мемлекетті адамдардың қоғамдық 
өмірді қандай ұстанымдар мен нормалар негізінде ұйымдастырғысы 
келетіні туралы әлдебір конвенция деп қарауға болады. Осы тұрғыдан 
алғанда, Қазақстан Республикасының егжей-тегжейлі бүкілхалықтық 
талқылаудан кейін азаматтардың дауыс беруі арқылы қабылданған 
1995 жылғы Конституциясы – біздің елімізде бейбітшілік пен 
орнықтылықты қамтамасыз ететін осындай құжат болып табылады.
Ойшылдың басқа да философиялық көзқарастары жайында бірер 
сөз айта кетуімізге болады. Т.Гоббстың философияны әлемді ақыл-
парасат көмегімен танып білуге болады дей отырып, теологияны фило-
софия аясынан тыс қарастырғанын ерекше атап өткеніміз жөн. Соны-


133
мен бірге ол дінді қарапайым халық үшін, әсіресе оның рухани жетілуі 
үшін қажет деп санады.
Өзінің 
онтологиялық
пікірлерінде Гоббс Әлемді нақты өмірде бар 
заттардың бәрінің жиынтығы деп есептейді. Олардан басқа ештеңе 
де жоқ. Нақты зат – ол субстанция (түпнегіз). Ұзындық және форма – 
заттардың негізгі қасиеттері (акциденция). Зат жоқ жерде кеңістік те 
жоқ. Уақыт – ол да нақты қозғалатын денелердің өлшемі ғана.
Ол әлемнің тек материалдық және қозғаушы себептерін мойындаған. 
Әлемдегі денелердің шексіз санының қозғалысы қайдан шығып жа-
тыр? Бұл сұраққа жауап бергенде, ол Құдайды заттардың бастапқы 
қозғаушысы деп таниды. Ары қарай дүние өзінің заңдылықтары 
негізінде дами береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет