ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет156/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   382
Байланысты:
Философия

5.4. Орыс ағартушылығы
Өзінің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуы жағынан 
Ресейдің Еуропадан жүзжылдыққа артта қалуына байланысты, 
еуропалық ағарту идеялары да XIX ғасырдың екінші жартысын-
да ғана ресми танылды. Оның классикалық үлгісі XVIII ғасырдағы 
Француз ағартушылығы болды. Сол ғасырдың екінші жартысында 
Ресейге Вольтердің, Монтескьёнің, Гольбах пен Дидроның, Руссоның 
және басқаларының шығармалары ене бастады. Олар орыс ойының 
барлық негізгі ағымдарына, тіпті ресми идеологияға (Екатерина II 

Флюгер – бұл жерде: желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап.


176
тұсындағы «сарай ағартуы» деп аталатын) дейін ықпал етті. Бірақ XIX 
ғасырдың ортасына дейін ағарту идеялары дербес бағытта қалыптасып 
үлгірмеген-ді.
Алайда ол идеялардың кейбір жекелерін біз енді орыс шіркеуі 
қызметшісі, белгілі дінтанушы, жазушы 
Феофан прокопович
(1681-
1736) еңбектерінен табамыз. Ол Петр I-дің серіктесі ғана емес, оның 
реформаларының басты идеологы да болды. Келесі ойшылдардың бірі
Я.п.козельский
(1728-1794) крепостнойлыққа қарсы шығып, әділетті 
қоғамдық құрылыс идеясын дамытқан болса, 
а.п.куницын
(1783-
1840) – заңгер, цензура «христиан шындығына» қайшы келеді деп 
алып тастаған, екі бөлімнен тұратын «Табиғи құқық» кітабының авто-
ры болды. Олар сол уақыттың өзінде-ақ дүниетанымның ағартушылық 
тұрпатына салыстырмалы түрде жақын келді.
Сол кезеңдегі орыс ғылымының аса жарқын өкілі – жаратылыс-
танудың ұлы зерттеушісі, философ, тарихшы, ақын, Мәскеу уни-
верситетінің негізін қалаушы (1755) 
м.В.ломоносов
(1711-1765) бол-
ды. Білімдердің әртүрлі: химия, физика, геология, астрономия сияқты 
салаларындағы бірқатар ұлы жаңалықтар – соның еншісі. Сонымен, 
ол заттардың құрылысы туралы молекулярлық түсініктерді дамытты, 
материя мен қозғалысты сақтау қағидасын құрды, химиялық агент-
тер қатарынан флогистонды шығарып тастады, түс туралы ілімді 
алға шығарды, Шолпан жұздызындағы атмосфераны ашты, Жердің 
құрылысын суреттеді, көптеген пайдалы қазбалар мен минералдардың 
шығу тегін сипаттап жазды, металлургия бойынша басшылыққа алы-
натын нұсқаулықты және т.б. жарыққа шығарды. Ломоносов Солтүстік 
теңіз жолын зерттеудің, Сібірді игерудің маңыздылығын атап көрсетті.
Ломоносовтың еңбектері орыс философиясындағы жаңа бағытты 
айқын белгілеп берді. Өзінің дүниетанымы бойынша ол дүниенің жара-
тылуын уақыт қойнауына кейін шегерген деист болды, Жаратушының 
табиғатқа қазіргі күйінде қандай да бір әсері болатынын көруден бас 
тартты. Бұл зерттеу жұмыстары мен ғылыми ізденістер үшін кең 
мүмкіндіктер ашты.
Ағартушылық идеялар жазушылар: Г.Р.Державин, И.А.Крылов, 
Д.И.Фонвизин шығармаларында көрініс тауып, іске асты. Бірақ орыс 
ағартушылығының аса көрнекті өкілдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет