181
ряндар, әрине. Олар тамаша білім алды, бастарына материалдық
ауыртпашылықтар түскен жоқ және бос уақыттары көп болды. Мүмкін,
басқа да себептері болған шығар.
Бытыраңқы Германия туралы айтар болсақ, онда әрбір герцог
немесе князь «ағарған монарх» болып көрінуге тырысатын, сол
себепті дарынды қайраткерлерді өздеріне жақын тартып, олардың
шығармашылығына жақсы жағдай туғызды.
Оның терең себептері, әрине, Тарихтың үнінде, Германияның
уақыт талаптарына лайықты жауап қайтаруға тиіс екендігінде жатты.
Міне, сондықтан да неміс философтары, жасырын түрде болса да, сол
кездегі тәртіптерге, халықтың аянышты хал-ахуалына қарсы шықты.
Рухани тіршілік иесі ретінде адамның қоршаған дүниені өзгертуге
қабілетті екеніне және, оған қоса, соны істеуге
тиіс
екеніне сенді. Осы
мақсаттарда олар диалектика – даму туралы ілім құрды.
Неміс философиясының келесі бір ерекшелігі – Л.Фейербах, К.Маркс
пен Ф.Энгельстен басқа, барлық қалған өкілдер идеалистік бағыттың
жақтаушылары болды. Егер, мысалы, француз ағартушылығы
өкілдерінің көпшілігі материалистік бағдарға жақын болса, И.Кант,
Г.Гегель және басқа ойшылдар, керісінше, адам санасының маңызын,
рухтың шығармашылық күш-қуатын атап көрсетті. Олар руха-
ни дамудың тарихын зерттеді, адамның пайымы мен ақылының
арасындағы қарама-қайшылықты, шындық пен азаттықтың, әсемдік
пен жақсылықтың құндылығын көрсете алды.
Енді, біздің ойымызша, XVIII ғасырдағы неміс философиясының
аса көрнекті өкілдерінің шығармашылығына нақтырақ талдау жасай-
тын уақыт келген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: