ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


парасат бар. Адамда  болмыстың шекті



Pdf көрінісі
бет164/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   382
Байланысты:
Философия

парасат
бар. Адамда 
болмыстың шекті
негіздерін
танып білуге
деген қажеттілік бар. 
Егер ақыл-ой құбылыстарды тани отырып, оларды әлдебір тәртіпке 
келтіруге ұмтылса, онда парасат оның шектерінен шығып, «зат – 
өзінде» дегеннің мәнін ашуға тырысады. Парасат ақылдан асып кетіп, 
ноумендік дүниеге тап болғысы келеді. Егер ақыл санаттармен бірге 
болса, ал 
парасат
енді 
идеяларды
басшылыққа алады. И.Кант бо-
йынша, кез келген таным қиялға берілуден басталады, ақылмен түсіну 
кезеңінен өтіп, идеялармен аяқталады. Демек, идеялар – ақыл санат-
тарынан кеңірек, олар 
метафизикалық санаттар 
болып табыла-
ды. Идеялар әлдебір аяқталған, жетілген, дара нәрсені көрсетеді. Біз 
жақындағанмен, оларға ешқашан жете алмаймыз. Сонымен, парасат 
ұсталмайтынды ұстауға, шешілмейтінді шешуге ұмтылады.
И.Кант бойынша парасаттың үш идеясы бар: 
жан, әлем
және 
Құдай
.
Соларға жету үшін, парасат шешілмейтін қарама-қайшылықтарға, 
И.Канттың сөзімен айтқанда
диалектикалық антиномияға
түсіп 


186
кетеді. Әлем идеясын қарастыра келе, И.Кант төрт антиномияны алға 
тартады:
1. Әлемнің басталған уақыты бар 1. Әлем кеңістікте де, уақытта
және кеңістікте шектеулі.
да шектеусіз.
2. Кез келген күрделі түпнегіз
2. Әлемде қарапайым ештеңе
қарапайым элементтерден
жоқ, бәрі күрделі.
тұрады.
3. Табиғи үдерістердің себеп-
3. Әлемде ешқандай еркіндік 
тілігімен қатар, кейбір құбы-
жоқ, барлығы да табиғи
лыстарды түсіну үшін, еркін
заңдылықтар негізінде 
себептіліктің де болатынын
болады.
мойындау керек.
4. Әлемде оның бөлшектері
4. Әлемдегі еш жерде және 
немесе себептері ретінде
одан тыс шектерде қажетті
қажетті маңыздылық
маңыздылық жоқ.
болуға тиіс.
Әлбетте, И.Кант бұл антиномияларда маңызды философиялық 
мәселелерді көтереді. Оларда тікелей қарама-қарсы ұстанымдар 
өткір қойылған, сол себепті ол мәселелерді диалектикалық тұрғыда 
шешілуге итермелейді (кейіннен Г.Гегель оларды диалектикалық жол-
мен шешуге әрекет жасаған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет