ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет161/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   382
Байланысты:
Философия

мен нені біле аламын?
Бұл – таным теориясының (гносеоло-
гия) сұрағы;
– 
менің не істеуім керек?
Бұл – этиканың, яғни мораль 
теориясының сұрағы;
– 
мен не нәрсеге үміттене аламын?
– Бұл – теологиялық сұрақ 
(Құдайға сенім).
– 
ештеңеге қатыссыз, өз-өзінен алынған адам не, сонда? 
Бұл –
философиялық антропологияға қатысты сұрақ.
Осы сәттен бастап өмірінің ақырына дейін ойшыл осы сұрақтардың 
жауабымен айналысады. Олардың негіздемесі оның: 
«таза ақылды 
сынау»
(1781), 
«нақты ақылды сынау»
(1788), 
«пайым қабілетін 
сынау»
деп аталатын үш кітабында берілген.
Назар аударсаңыз, И.Канттың барлық кітаптарында сынау сөзі орын 
алған. Сондықтан да шығармашылығын зерттеушілер оның өмірін 
сынауға дейінгі
(оның жаратылыстанумен айналысқан кезі) және 
сы
-
нау кезеңі
(оның философиямен айналысқан кезі) деп екіге бөледі.
«мен нені біле аламын?»
деген сұраққа жауап бере отырып, 
И.Кант таным теориясында 
«коперник төңкерісін»
жасады. И.Кант 
адамның білімін екі: апостериорлық (тәжірибелік) және априорлық 
(адамға кез келген тәжірибенің алдында берілген) түрге бөледі. Өзінің 
іс жүзіндегі, яғни моральдық философиясында ол нақты бар нәрсені 
емес, 
болуға тиіс
нәрсені ойға алып отыр. 
Таным теориясында Кант екі: 
трансценденталдық
және 
транс-
ценденттік
санатты жиі пайдаланады.
Трансценденталдық деп ол қандай да бір тәжірибенің алдында 
берілген және тәжірибелік білімнің өзін алуды қамтамасыз ететін 
ұғымдарды, ал трансценденттік деп тәжірибелік білім шектерінен 
шығып кетуді түсінеді.
Келесі екі түсінік: 
«зат – өзінде»
және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет