ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет167/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   382
Байланысты:
Философия

мен не нәрсеге үміттене аламын? 
Бұл – Канттың кезекті сұрағы. 
Бұл нақты әлемде ешқашанда бірде-бір адам бір ғана парыз идеясына 
бола, толыққанды өмір сүре алмайды. Бұны ойшыл жақсы түсінген-
ді. Тек транценденттік шексіздік аясында кесімді ұйғарымның толық 
іске асатынына үміттенуге болады. Осыдан ол 
адам жанының 
ажалсыздығы қажеттігін
шығарады.
Құдай идеясын айтсақ, қазір де, болашақта да оның бар екенін 
немесе жоқ екенін ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Бұл – 
қашанда ашық сұрақ. Алайда ерік бостандығы мен адам жанының 
ажалсыздығы үшін қандай да бір онтологиялық, яғни болмыстық негіз 
қажет. Қисынды оймен болса да, адам әлдебір құдіретті күш бар екенін 
мойындауға тиіс. Ал егер солай болса, онда бұл – Құдай, сол себепті 
Ол бар және болуға тиіс.
Сондықтан «Мен не нәрсеге үміттене ала-
мын?» – деген сұраққа Кант: 
«Құдайға деген сенімге»
, – деп жауап 
береді.
«адам деген не?»
– деген сұраққа И.Кант қарама-қайшы жа-
уап береді. Адамдар табиғатынан тойымсыз, сараң, билікке, 
басымдыққа ұмтылады, ештеңенің парқын білмейді. Бірақ, екінші 
жағынан, кесімді ұйғарымға сәйкес, адамдар өздерінің іс-әрекеттерін 
моральдық тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Адамдар, бір жағынан, 
бір-бірінен алшақтайды, ал, екінші жағынан, жақындайды, өйткені 
1
Эвдемонизм – өмір мақсатын адамның бақытқа, жақсы тұрмысқа жетуге ұмтылуы деп 
санайтын идеалистік ілім.


189
өз қажеттіліктерін іске асыра отырып, олар бір-бірлерінен көмек 
іздеуге мәжбүр. Нақты өмірде адамдар арасында қалыптасатын 
қарама-қайшылықтар, жалпы алғанда, қоғам тұрғысынан тарихты 
алға жылжытады. Қоғамды жетілдіру мүмкіндігіне қарай, адамдар 
көбірек еркіндік алады және сонымен бірге қарама-қайшылықтарға 
тап болады. Айтылғандарды қорытындылай келе, И.Кант: «Адам, ша-
масы, сондай бір қисық тақтайдан жасалған болуы керек: сүргілей 
берсең, әрине, түзеледі, бірақ мүлтіксіз түзу болып шықпайды», – деп 
тұжырымдайды.
И.Канттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет