ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


«жалпы ғылым ілімінің негіздерін»



Pdf көрінісі
бет169/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   382
Байланысты:
Философия

«жалпы ғылым ілімінің негіздерін»
1794 жылы жарыққа шығарды. Бірақ, одан өзге, оның философиялық 
идеялары: «Теориялық қабілеттілікке қатысты ғылым ілімінің 
ерекшеліктері туралы очерк» (1795), «Жаңа философияның шынайы 
мәні туралы бұқара жұртшылыққа күндей жарық хабарлама» (1800) 
т.с.с. шығармаларында көрініс тапқан.
Фихтенің философиялық ұстанымдарының қалыптасуына шешуші 
ықпал еткен екі нәрсе болды: біріншіден, неміс халқын Наполе-
он үстемдігінен азат ету, және, екіншіден, іріп-шіріген феодалдық 
тәртіптің қалдықтарын жою. Тұлға сословиелік тәуелділіктің қандай 
да бір формаларына байланыссыз толық азаттықты сезінуі үшін, адам-
дарды ояту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру қажет.
Фихтенің 
адамзат белсенділігінің философиясын
құруына осы се-
беп болды. Егер Кант адамның танымдағы белсенділігін негіздесе, ал 
Фихте, бәрінен бұрын, қоғамдық-саяси белсенділікті талап етеді. Неміс 
халқына қаратып, ол: 
«әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» 
деген 
ұран ұсынады. Біздің білетініміздей, Ленин өз ойының желісі бойын-
ша Фихтеге жақын болған және ол Ресейдегі революцияның жеңісі-
нен кейін: 
«Оқы, оқы және оқы!»
деген ұран жариялаған. Біздің ойы-
мызша, бұл ұрандар бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.
Адамның белсенділігі, Фихтенің пікірінше, өзінің терең тамыр-
ларымен Әлемнің негізін құрайтын әлеуетті рухани күшке барып 
тіреледі. Олай болса, оны табу керек.
Фихтеше, ондай бастау – шексіз-шекарасыз, таза, азат, өмірлік күш-
қуаты мол, рухтың өз-өзін танып білуіне бағыт ұстаған – «МЕН». 
«МЕН», – деп жазады Фихте, – өз ойларында таза «МЕН» дегенге 
сүйеніп, ол туралы зат арқылы анықталған емес, заттарды анықтайтын 
мүлдем дербес нәрсе деп ойлауға тиіс». Демек, рух өзінен материалдық 
дүниені тудыра алады.
Бірақ ол қалай орындалады?
1. Басында күші мығым «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет