мен
нің» ішкі дүмпуі нәтижесінде
«
мен
–
мен
мін» дегенді түйсінуге жетіп, өзін дәлелдейді.
2. Содан кейін «
мен
» өзінен «
мен емес
» дегенді тудырып, оны
өзіне қарсы қояды; «Мен емес» кішкентай «
мен
дерден» (санасы бар
адамдар) және
табиғаттан
тұрады.
191
3. Үшінші сатыда «МЕН» және «МЕН емес» екеуінің арасында,
бір жағынан, шексіздікке бағытталған, ал, екінші жағынан, ақырғы
диалектикалық қатынастар пайда болады.
Сөйтіп, «үлкен «МЕН» Әлемнің барлық субъектілері мен
объектілерін тудырады, бірақ шексіз рух болғандықтан, тұлға болып
табылмайды.
Кішкентай «МЕНдер» өздерінің Табиғаттан айырмашылығын
түйсінген сәтте ғана пайда болатын сана-сезімге ие. Олай болса,
объектісіз субъект жоқ және субъектісіз объект жоқ. Олардың өзара
әрекеттерінде, әрине, субъект шешуші рөл атқарады: өзінің рухани
күштері мен шығармашылық қызметіне бола ол қоршаған дүниені
өзгертеді. Ішкі дарындарын жайып көрсетіп қана тұлға еркін бола-
ды. Адамзаттың Табиғатты игеруінің бар тарихы бір мезгілде әлемдік
мәдениеттің қалыптасуы үдерісі де болады. Ол кезде адам Табиғатты
игеріп және түрлендіре өзгертіп қана қоймай, өзінің табиғи негіздерін
де жетілдіруге тиіс.
«МЕН еместің» құрамдас бөлігі болып саналатын Табиғатты ай-
тар болсақ, ол –
өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі.
Ал
«МЕН еместің» екінші бөлігі – санасы бар адамдар –
өзгеше белсенді.
Табиғаттың кедергісіне төтеп беріп, «табиғилықтың қабығын» арши
отырып, адам оны игеру нәтижесінде өзін жетілдіре түсіп, үлкен
«МЕНге» жақындайды. Осы тұрғыдан алғанда, адамзаттың бар
әлемдік тарихы – ол Әлемдік рух – үлкен «МЕНге» үздіксіз жақындай
беру болып табылады. Егер олардың қосылуы орын алса, онда бар
әлемдік тарих аяқталған болар еді.
Кант бастаған болмыс метафизикасынан еркіндік метафизикасы-
на бұрылуды Фихте қорытындылайды. Ойшылдың пікірінше, сана-
сезімнің мәні – еркіндік және бар жүйені басынан аяғына дейін ол
еркіндік түсінігіне талдау жасау деп қарайды.
«Алайда сын садағы XVII ғасыр рационализмінің алыпсатарлық ру-
хына қарсы бағытталған Канттың трансценденталдық философиясы-
нан айырмашылығы, – деп атап көрсетіледі «Жаңа философиялық эн-
циклопедияда», – Фихте идеализмнің жаңа формасын – алыпсатарлық
трансцендентализмді құрды» (Жаңа философиялық энциклопедия.
4-том. М.: Мысль. 252-бет).
Фихте іс жүзіндегі, яғни
практикалық философияны
уағыздады.
Ол қатаң ғылыми болуға және барлық жеке ғылымдар үшін іргетас
қызметін атқаруға, ғылымды жалпылай маңызды нақты білім деп
негіздеуге, «ғылым туралы ғылымға», яғни ғылым іліміне айналуға
тиіс.
192
Тарихқа субъективтік идеалист ретінде енгенмен, Фихте «идеа-
лизм» деген сөзді қолданбайтын, ал өзінің жүйесін
сыншылдық
(крити-
цизм) деп атағанды жөн көретін.
Оның этикасы еркіндік түсінігіне негізделген. Адамның
адамгершілік парызы, ойшылдың пікірінше, өзінің белсенділігінің
көмегімен еркін болуға, оның үстіне, басқалардың еркіндігін де
құрметтеуге тиіс. Оның әлеуметтік мемлекет және құқық мәселелеріне
деген көзқарасы да осыдан келіп шығады.
Фихтенің пікірінше,
Достарыңызбен бөлісу: |