ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет171/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   382
Байланысты:
Философия

адам
– қашанда 
әлеуметтік
тіршілік иесі, ол 
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сол себепті Фихте әлемдік тарихты 
мемлекетке дейінгі, табиғаттық 
және 
мемлекеттік
дейтін сатыларға 
бөлуді қабылдай алмайды. Әлем тарихында мемлекет қашанда болған. 
Алайда мемлекет адамнан жоғары тұрған әлдебір 
өзіндік мақсат
емес, ол бар-жоғы – 
қоғамдық өмірді
ұйымдастыру, азаматтардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді дамыту, материалдық 
игіліктерді өндіру 
ҚҰРалы
ғана.
Олай болса, халықтың мемлекет қызметін бақылайтын құқы бар. 
Халық тарапынан бақылау әркез мүмкін бола бермейтін шенеуніктердің 
теріс пайдаланушылықтарын, сыбайластығын сынға ала отырып, ой-
шыл 
мемлекет – ол озбырлық
деген ойға келеді. Бірақ ол – қажетті 
озбырлық, өйткені қазіргі заманғы адамзат онсыз бола алмайды. Ал 
мыңдаған жылдар өткен соң, яғни адамзат адамгершілік тұрғыда ке-
мелденген кезде, мемлекеттің ары қарай өмір сүруі қажетсіз болып 
қалады. Адамдардың моральдық жетілуі шынайы адамдық ахуалдың 
орнауына келтіреді және 
мемлекетке, құқыққа
және 
шіркеуге
деген 
мұқтаждық жойылады.
Шамасы, Фихтенің нақ осы көзқарастары келешек коммунистік 
қоғамда «жаңа адам» дін, мемлекет, құқық сияқты құбылыстарға 
мұқтаж болмайды деп санайтын Маркс пен Энгельске де үлкен ықпал 
еткен болуы керек.
Ойшылдың Германияны қайтадан өркендету үшін 
«жоспарлы эко
-
номика»
қалыптастыру, адамдардың 
еңбекке
және 
білім алуға
деген 
құқықтарын
қатаң қамтамасыз ету, сыртқы сауда-саттықты мемлекет 
қолына беру сияқты мәселелерге байланысты идеялары да марксизмнің 
әлеуметтік теориясына үлкен әсер етті деп жорамалдауға болады.
Өмірінің соңына қарай Фихте әлемді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет