ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Рух – санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни  адам



Pdf көрінісі
бет178/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   382
Байланысты:
Философия

Рух
санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни 
адам
бо-
лып табылады. Табиғаттан шықса да, ол оның жаратқаны болмайды. 
Өзін Рух өзінің бастапқы алғышарттарынан: қисынды Идеядан және 
Табиғаттан жаратады.
Сөйтіп, Дара идея 
қисынды идеяның
бастапқы ахуалынан өзінің 
басқа болмысына – 
табиғатқа
өтеді де, соның аясында адамзаттың 
әлемдік тарихында 
рухтың
дамуы арқылы, – бірақ енді өткен 
баспалдақтарының тәжірибесін жинақтап байыған күйінде, – өзіне 
қайта оралады. Ойларының осындай желісіне сәйкес, Гегель филосо-
фияны үш бөлікке бөледі:
1. Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.
2. Табиғат философиясы. Идеяның басқа заттық болмысын 
зерттейді.
3. Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне 
оралу үдерісін зерттейді.
Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат фило-
софиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар 
«Философия ғылымдарының энциклопедиясын»
құрайды.
Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін 
объективтік идеализм 
деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея-
ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын-
да рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан» 
бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы 
өзін танып 
біледі де,
біз 
классикалық материализмді
алады екенбіз.
Алайда Гегельдің Дара идеясына оралайық. «Бұл не сонда?» – деп 
сұрау әділетті болмақ. Студенттерінің осы сұрағына ол: «Бұл – 
христи
-
ан Құдайының
басқа аты», – деп жауап беріпті-міс дейтін аңыз бар. 
Егер олай болса, онда Гегельдің философиясын 
дүниені діни тұрғыда 
танып білудің нәзік, әдемі кесімді өрнегі
деп қарауға болады.
Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет