200
•
объективті
рух, яғни мемлекет, құқық, мораль, адамгершілік, от-
басы;
•
дара
, дербес рух – өнер, дін және философия.
субъективті рухты
Гегель оның антропологиясында, феноменоло-
гиясында және психологиясында қарастырады.
«антропологияда»
Гегель тән мен жанның арақатынасы тура-
лы сұраққа жауап табуға әрекеттенеді, ол үшін
адамдардың нәсілдік
ерекшеліктерін, олардың мінез-құлықтары мен қызуқандылығын,
адамдардың әртүрлі өмір сатыларынан өту барысында қалай
өзгеретінін және т.б. зерттейді. Ойшылдың пікірінше,
өмірдің басқа
формаларынан адамның маңызды айырмашылықтарының бірі – оның
тік жүретіндігі. Адам өмірінің кезеңдерін қарастыра келе, Гегель адам
жас шағында ғана қоғамдағы кейбір тәртіптерге қарсы шығатынын,
ал ересейгенде оның бірдеңені бұзу, өзгерту түйсіктері сөнетінін
және оның тәртіпті сақтауды және жемісті
шығармашылық еңбекті
жақтайтынын растайды.
Гегель ашық нәсілшіл болған жоқ, бірақ сонымен бірге нәсілдік
топтар арасындағы болашақта да сақталатын өзгешеліктер туралы ай-
татын. Бұл өзін-өзі айқындаудың әртүрлі кезеңдерінде солар арқылы
дара рухтың өткеніне байланысты. Тек «кавказдық нәсіл»
деп атала-
тын рух қана, оның пікірінше, ең көрнекті болып табылады.
«Рух феноменологиясында»
Гегель адам санасының сезімдік
кезеңнен ақыл-ес танымына, ал одан парасатпен пайымдауға секіріс
жасайтыны туралы мәселені қарастырады.
«психологияда»
Гегель
теориялық және практикалық, яғни іс
жүзіндегі парасатты пайымға, сондай-ақ еркіндік мәселесіне талдау
жасауға назар аударады. Адам танымның
теориялық деңгейіне жет-
кен соң, ары қарай білімдерін өзінің еңбек қызметінде пайдалануға
ұмтылады. Бұл жолда ол өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін
іске асырады. Парасаттың бұл теориялық және практикалық бірлігі
еркіндік рухын
тудырады. Бұл соңғы өз-өзін тапқан соң,
дереу
өзінің мазмұнын нысандауға, сыртқы мәнге ұмтылады, нәтижесінде
объективті рух патшалығына секіріс орын алады.
Гегельше,
Достарыңызбен бөлісу: