ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет180/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   382
Байланысты:
Философия

объективті рух
қоғамдағы 
құқықтық
және 
азамат-
тық
қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еркіндікте 
жатқандықтан, құқықтық қатынастардың өзін өмірге нақты енген 
еркіндік шамасының болмысы деп қарау керек. Бұл тұрғыда құқық 
озбырлықтың, тәртіпсіздіктің кез келген түріне қарсы тұрады. Адам 
бірінше кезекте өз құқықтарын заттарға теліп, оларды өзінікі деп жа-


201
риялайды. Нәтижесінде, адам еркіндігі өзінің түпнегізділігін иеленіп, 
өмірге енеді. Жеке меншік арқылы ғана адамның еркіндігі 
тұлғаның 
еркіндігіне
айналады. Адам еркінің субъективтілігі (озбырлығы) 
ақылды тұлғаға
орын босатады. Олай болса, жерге деген жеке меншік 
үшін жеңіспен аяқталған күрестің тарихи ұзақ кезеңі – бұл заңдылық, 
бұл ақылдың жеңісі.
Мораль құқыққа қарсы тұрады. Ол саналы еркіндіктің субъективті 
құқы болып табылады. Содан кейін мораль мен құқық қоғамның отба-
сында, азаматтық қоғамда және мемлекетте іске асатын адамгершілік 
нормаларына ұласады.
Жоғарыда айтылғандар тұрғысынан алғанда, әлемдік тарих – 
ол халықтар рухы дамуының тарихы болып табылады. Бірақ бұл 
объективті рухтың сана-сезімі үшін ғана дұрыс. Ал нақты өмірде нақты 
өмір сүретін адамдар өздерінің алдарына белгілі бір мақсаттар қойып, 
соларға қол жеткізуге ұмтылады, бірақ нәтижесінде ғаламдық тұрғыда 
басқаға жетеді. Бұны Гегель 
«әлемдік рухтың қулығы»
деп атаған. 
Сөйтіп, адамдар мен халықтар әлемдік рухтың өз мақсаттарында пай-
даланатын құралы ретінде әрекет етеді екен.
Дара рухтың кезеңдеріне тарихи жолмен жеткен соң, дара идея өзін 
түбегейлі танып болып, енді тыныштала бастайды. Бұл жолда дара 
рух та үш сатыдан өтеді. Олар: 1. – Өнер; 2. – Дін; 3. – Философия.
өнер,
Гегель бойынша, өзіне толық еркіндікте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет