ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет183/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   382
Байланысты:
Философия

осал жақтары
болған-тын.
Егер Кант адамды ең жоғарғы 
құндылық
деп жарияласа, ал 
Гегельдің философиясында адам 
құрал
, яғни Дара идеяны танып 
білудің құралы болып табылады. Бүгінгі күні Гегельдің Шығыс 
халықтарының рухына берген 
төмен бағасы
теріске шығарылған – 
Жапония, Сингапур, Малайзия, Қытай және басқалары жаңа 
технологиялардың жоғарғы үлгілерін және сонымен қатар өзіндік 
ерекшеліктерін, өздерінің ұлттық мәдениеттерінің жоғары деңгейін 
көрсетіп үлгірді.
Егер Кант болашақ әлемдік тарихта «Мәңгі әлемнің» орнығатынына 
сенсе, ал Гегель 
соғыстар халықтардың қандарын жаңартатынына 
сенді. Әлемдік тарихтағы немістердің рөлін асыра көрсетіп, ол XX 


204
ғасырдың бірінші жартысында 
германияның
содан кейінгі қасіретті 
дамуына да ықпал етті. Оның: «Барлық ақылға қонымды нәрселер – 
шынайы, ал шынайылардың бәрі – ақылға қонымды» деген тезисі 
кейіннен әртүрлі озбырлық режимдерді 
ақтау
үшін қолданылатын «ай-
ырбас мәнетіне» айналды. Шамасы, ұлы адамдардың да «қателесуге 
құқы» бар болғаны ғой.
Гегельдің өлімінен кейін оның ізбасарлары мен шәкірттері тез арада 
екі партия құрды. Француз парламентарийлерінің лексикасын пайдала-
нып, неміс теологы және солшыл жас гегельшілердің бірі 
Д.Ф.Штраус
(1808-1874) гегельшілерді 
оңшылдар
және 
солшылдар
деп атады.
Оңшылдарға сәйкес, Пруссия мемлекеті Рух рационализмін ба-
рынша жүзеге асырушы болды. Солшылдар диалектика атынан сол 
уақытта болған барлық мемлекеттердің өмір сүруге деген құқын 
теріске шығарды.
Сондай-ақ, діни қарама-қайшылықтар да орын алды. Еске түсірсек, 
Гегель философия мен діннің: яғни философия – ұғымдар түрінде 
білдіретін, ал дін көріністер түрінде беретін сәйкестігін дәлелдеді. 
Оң
және 
сол
гегельшілдіктің қарама-қарсылығы нақ осыдан пайда бол-
ды. Христиандықтың гегельдік философиямен үйлесімдігін дәлелдеу 
мүмкін бе? Оңшылдар сенімді түрде: «Иә», – деп жауап қатты. Ал 
солшылдар Құдай жолдауларын тікелей адамдық өлшемдерге сайып, 
қатаң қарсы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет