ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет238/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   382
уильям Джеймс (Джемс)
(1842-1910) дамытқан деп са-
найды. Ол 1907 жылы «Прагматизм» деген кітабын жарыққа шығарды. 
«Қабылдануы мүмкін шындық ретінде, – деп жазады ол, – прагматизм 
бізді барынша жақсы басқаратынды, өмірдің кез келген бөлігіне бәрінен 
жақсы бейімделгенді және тәжірибенің бар жиынтығына қосылып ке-
туге бәрінен жақсы мүмкіндік беретінді ғана мойындайды».
Оның ойынша, прагматизм – ол адамдар өздерінің күнбе-күнгі 
тәжірибесінде басшылыққа алатын ойлаудың ескі тәсілінің жаңа ата-
уы ғана. Прагматизмнің жеңісі, Джеймс пайымдағандай, «қалыпты 
ойларға» барынша көп әсер етуге байланысты болады. Прагматизм 
ғылым мен метафизиканы жақындастыруға қабілетті, сол себепті 
қазіргі заманда ол «философиялық дауларды реттеу» әдісі ретінде 
әрекет етуге тиіс. Бұл ілім емес, – дәлме-дәл әдіс және оның бейтарап, 
догмаға қарсы сипаты бар.
Прагматизмнің 
инструменталистік
жорамалының негізін салушы 
болып американдық ғалым 
Джон Дьюи
(1859-1952) саналады. Оның: 
психологияны, эпистемологияны, этиканы, логиканы, эстетиканы, 
әлеуметтік философияны, білім беруді қамтитын отыз кітабы бар.
Джеймстен айырмашылығы – Дьюи көп дәрежеде гегельдік 
тарихилық философияның ықпалын сезіп, оның трансцендентализмін 
Дарвиннің натурализмімен және дұрыс мағынаның эмпиризмімен 
түзетуге болады деп санады.
Өз философиясын Дьюи көбінесе 
инструментализм
деп атап, ой 
желісін құруға маңызы бар түсініктерді, ғылыми заңдарды, қисынды 
амалдарды қиын мәселелерді зерттеу және шешу құралы деп қарады. 
Ал 
қолайлы
немесе 
«прагматикалық»
дегенді ойлау тәсілдерінің және 
барлық рефлекстік түсініктердің мағынасын анықтау және тексеру 
үшін салдарлары бар солардың арақатынасы деп түсіну керек. Дьюидің 
ойынша, біздердің бәріміз әлемді игеруде ғылым нәтижелеріне се-
нуге және оның әдістерін философияда қолдануға ұмтылуға тиіспіз. 
Ғылыми білім «таза» математикаға немесе физикаға қарағанда, 
инженерлік істе, медицинада, әлеуметтік және моральдық салаларға 
қосылған әлеуметтік пәндерде айқын көрінеді.
Джон Дьюи АҚШ-та «№ 1-ші философ» деген ат иеленген, оның 
идеялары қоғамдық санаға терең тамыр жайып және философиялық 
натурализмге, сараптамалық философияға, феминизмге, постмодер-
низмге және басқа ағымдарға да зор ықпал етті.
Сонымен, егер осы бағыттың барлық өкілдерінің негізгі идеяларын 
жалпылай қорытындыласақ, онда жиынтығында олардың барлығының 


264
болмыстың алғашқы бастауларын танудың, түйсікпен келетін білімнің, 
туа біткен идеялар мен бұрынғы гносеологиялық тұжырымдамалардың 
басқа да қағидаларының мүмкіндігін теріске шығарғанын айта аламыз.
Таным адамдардың жиынтық тәжірибесінен келіп шығады және 
адамның алдында өне бойы пайда болып отыратын өмірлік маңызы 
бар мәселелердің шешімін табуға себепкер болады. Адамға іс жүзінде 
нәтижелер беретін, пайда келтіретін білімдер шынайы болып та-
былады. Адамдардың өмірлік тәжірибесі жинақталғанда, бір неме-
се басқа нысан туралы түсініктер үнемі өзгеріп отырады. Аяқталған 
білім жоқ: ол қашанда салыстырмалы және жорамалды, келешекте 
теріске шығарылуы да мүмкін. Сол себепті бір немесе басқа зат ту-
ралы түсінік адамзаттың өмір сүруінің осы нақты-тарихи кезеңінде 
тәжірибеге негізделген білімнің бар жиынтығына сүйене отырып, 
онымен өзара іс-әрекеттер нәтижесінен келіп шығатын салдар құра 
алады. Нақтылықтың бір немесе басқа қырларын танып білуге деген 
біздің дәл осы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет