ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет239/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   382
Байланысты:
Философия

іс жүзіндегі мүдделілігіміз
шындықты құрайды. Егер 
өмір тәжірибесінен, танымнан алған 
білімдеріміз
бізге 
пайда
әкелсе, 
белгілі бір оң 
нәтижелерге
жеткізсе, ақыр соңында, 
табысымызды
қамтамасыз етсе, онда оларды 
шынайы
деп айтуға әбден болады. Осы 
мағынасында философияның және тұтастай алғанда бар ғылымның 
міндеті – адамдардың өмір сүру жағдайларын, бұл өмірдегі болмысын 
жақсарту.
Адамның әртүрлі заттарды танып білуі – ол белгілі бір өмірлік 
маңызы бар мәселелерді шешу барысында қиындық көрген кезде орын 
алады. Адамның оларды ұтымды шешу құралдарын, жолдарын іздеуі 
осыдан басталады.
неокантиандық
Германияда пайда болып, философияны Кантқа 
қарай бағыттау үрдісі спорадистік (гр. – sporadikos – шашыраңқы
ішінара) сипатта болғанмен, XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ 
оқтын-оқтын өзін көрсетіп қалып отырды, ал Еуропаға кең таралуы 
1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.
Бірақ шоғырланған түрінде бұл теория О.Либманның «Кант 
және эпигондар» (1865) деп аталатын еңбегінде баяндалды. Оның 
қайырмасы: 
«артқа, кантқа қарай!»
деген ой болды. Ол бүкіл 
қозғалыстың өзіндік ұранына айналды.
Неокантиандықтың пайда болуының тарихи себебі философия 
мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы үйлеспеушіліктен, 
ұлғайып бара жатқан алшақтықтан көрінді. 


265
Неокантиандықтың танымал екі: 
Марбург
және 
Баден
(неокан-
тиандықтар жұмыс істеген қалалардың атымен аталған) мектебі бол-
ды. Олар: «Философияда алға қарай бір қадам жасағысы келетін кез 
келген адам Кант философиясын оқып білуді өзінің ең бірінші міндеті 
деп санауға тиіс», – деп пайымдады (П.Ноторп). Сондықтан екі мек-
тепке де ортақ болғаны – И.Канттың философиясы бұрынғыдай өзекті 
деген ұстаным. Соған сүйене отырып, таным теориясының, философия 
мен қоғамдық тәжірибенің қазіргі замандағы мәселелерін шешуге бо-
лады. Олар кантиандықтың «таным нысанның тәжірибеге сай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет