ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


көрінісі немесе сипаты емес, ол – осы ұғымның кең мағынасында таным мен  ғылым  нысанасын құрастыру



Pdf көрінісі
бет240/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   382
Байланысты:
Философия

көрінісі
немесе сипаты емес, ол – осы ұғымның кең мағынасында таным мен 
ғылым 
нысанасын құрастыру
болып табылады» дейтін негізгі идея-
сын бұлжымастай сақтайды.
Марбург мектебінің өкілдері кантиандықтың негізгі кемшілігін 
психологизмнің артықшылығынан, ғылыми таным бірлігін негіздеуден 
көрді. Сондықтан олар танылатын субъектінің құрылымын ғылымның 
өзінің логикалық құрылымымен ауыстыруға тырысты. Сөйтіп, олар 
таным теориясын оның сезімдік танымға байланысынан тыс
таза 
білім логикасына
айналдырды. 
Марбург мектебінің кең танылған классигі 
герман коген 
(1842-
1918) Канттың соңынан: «Философияның аса маңызды қызметі – 
ол ғылым әдістемесі. Философия «таза», яғни ғылыми танымның 
априорлық (тәжірибенің алдындағы) элементтерін зерттеуге тиіс. 
«Тәжірибенің жалпы теориясының»: логика, этика, эстетика деген үш 
құрамдас бөлшегі бар», – деп жариялады.
Баден мектебінің өкілдері адамның қоршаған әлемді танып 
білуіндегі құндылықтардың зор маңызын көрсетті. Құндылықтар 
мүлдем өзгеше әлем – таным үдерісіне, әсіресе гуманитарлық ғылым-
дарға жанама әсер ететін трансценденттік әлем құрайды.
генрих Риккерт
(1863-1936) – осы мектептің басты өкілдерінің 
бірі: «Танып білу – ол 
құндылықтар
ретіндегі шындық негізінде ой-
лау», – деп санады. Ол 1921 жылы «Философия жүйесін» жазып, онда 
құндылықтар теориясын жүйелей отырып, құндылықтардың алты са-
ласын ажыратты:
– 
логика
– шындық құндылығының саласы;
– 
эстетика
– ең жоғарғы құндылық саласы;
– 
мистика
және тұлғасыз қасиеттіліктің мұраты;
– 
этика
, онда моральдық үстемдік етеді;
– 
эротика
және бақыт мұраты;
– 
діни философия
– тұлғаның қасиеттілігі саласы.


266
Бұл салалардың әрқайсысына төмендегілер сай келеді:
а) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет