ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет269/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   382
Байланысты:
Философия

эмпириялық заңдарды
(құрылымдық, статис-
тикалық, динамикалық, себеп-салдарлық және т.б.) ашу жатқызылады. 
Мысалы, «Барлық металдар ток өткізеді», «Барлық планеталар Күнді 
айналып жүреді» деген мысалдарды айтуға болады. Оларға да қорыту 
арқылы жета аламыз және олар зерттеліп жатқан құбылыстардағы 
әлдебір орнықты байланыстарды және қатынастарды білдіреді.
Эмпириялық танымда қорытындылаудың ең жоғарғы деңгейі 
құбылыстық теорияларды
құру болып табылады. Олар эмпириялық 
заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы-
салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).
Эмпириялық білімдердің көп жағдайда 
ықтималдық
сипаты бар, 
өйткені зерттелетін құбылысқа жататын барлық фактілерді түгел 
қамту мүмкін емес. Бірақ ол кезде ғылым зерттеудің эмпириялық 
деңгейінсіз бола алмайды.
Кез келген зерттеу эмпириялық (тәжірибелік) сатыдан, яғни 
ғылыми фактілер мен мағлұматтарды жинаудан басталады. Ол үшін 
зерттелетін затты (нысанды) немесе құбылысты (феномен) бақылауға 
алу қажет. 
ғылымдағы бақылаудың
өзіне тән 
өзгешелігін
ерек-
ше атап айту керек, өйткені ол «tabula rasa» – таза тақта емес. Та-
ным субъектісі, – ол нақты тұлға немесе ғылыми қауымдастық бол-
са да, – қашанда зерттелетін нысанға қатысты белгілі бір 
пікірге, 
тұжырымдамаға 
немесе 
идеяға
жақын 
бірдеңесі
болады және 
мақсатқа сай бағытталған бақылауын бастайды. Тәжірибелік таным 
барысында ғылыми фактілерді жинау, өңдеу, оларды белгілі бір жүйеге 
келтіру орын алады.
Ары қарай таным 
теориялық деңгейге
көтеріледі, онда зерттеу 
нысанасының ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын ашу 
мақсатында, жинақталған және жүйеге келтірілген фактілер 
ұғымдар, 
тұжырымдар, заңдар
сияқты түсініктерге жіктеледі. Сөз жоқ, 
С.А.Лебедев: «Теориялық білімдер пайым-парасаттың емес, сананың 


304
ақыл-ес секілді құрылымдық бөлігі қызметінің жетістігі», – дегенді 
дұрыс айтқан (С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический 
проект, 2006. – 140-бет). Шындығында, пайым фактілерді салысты-
рады, есептеп шығарады және қорытындылайды. Пайым қызметінің 
қарапайым түрлері «ақылды жануарлар» дейтіндерде де болғанмен, 
алайда ақыл-еске тек адам ие. Ақыл-естің нәтижесінде біз терең 
құрылымдарға ену мүмкіндігін аламыз, зерттелетін нысандардың 
байланыстары мен қатынастарын анықтаймыз. Алайда «ақыл-естің 
қызметі санадан тыс нәрсеге де, оның сыртқы болмыспен байланысы-
на да бағытталмай, сананың ішіндегіге, өзінің меншікті мазмұнының 
ішкі ашылуына бағытталғанына» сендіруге тырысатын пікірмен 
келісуге бола қояр ма екен (С.А.Лебедев. Философия науки. – 140-бет). 
Бұндай жағдай батпақтан өзін шашынан тартып шығаратын барон 
Мюнхгаузенді немесе әлемді жарату алдындағы Құдайдың ғажап жо-
басын (Ф.Аквинский), әлемдегі Дара идеяның ашылуын (Гегель) және 
т.б. еске түсіреді. Бірақ тек бұл жағдайда Құдайдың орнына адамның 
өзі үміткер болып тұр. Ал іс жүзінде мәселе теориялық білімнің да-
митын бастауларына тіреледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет