ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет285/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   382
Байланысты:
Философия

зерттеушілік
және 
тексерушілік
түрі ажыратылады. Біріншісі заттардың осы уақытқа дейін белгісіз бо-
лып келген қасиеттерін, сапалары мен байланыстарын ашуға себеп бол-
са, ал екіншісі бір немесе басқа теориядан шығатын қорытындылардың, 
салдарлардың шынайылығын тексереді.
Кез келген сынақ үшін белгілі бір дайындық жұмыстарының 
жүргізілуі қажет. Біріншіден, ғалым зерттелуші нысанға тән болуы 
мүмкін қасиеттер мен қатынастарды алдын ала белгілеп алуға және 
санаттық тұрғыда сипаттауға тиіс. Екіншіден, тиісті құрал-жабдықтар 
әзірленуге, ал олардың мүмкіндіктерімен ғалым да, тиісті ғылыми 
қауымдастықтар да мұқият таныстырылуға тиіс. Содан кейін ғана 
сынақ зерттеулерін бастауға болады.
Демек, зерттеушінің айқын негізді теориялық білімдерінсіз 
сынақ өткізудің қандай да бір елеулі нәтижелер бермесі анық. Он-
дай жағдайда, сынақ ғалымның күш-қуаты мен уақытын зая кетірген 
мағынасыз әрекет болып шығады. Тиісті теориялық құрылымдарға 
сүйенген бақылауларды, осы негізде алдын ала жасалған болжамдар-
ды, мақсатты ұстанымдарды сынақ деп есептеуге болады.
Сынақ өткізуде ғылыми қауымдастықта бар құрал-жабдықтардың 
рөлі орасан үлкен болып табылады. Бастапқыда, егер есіңізде болса, 
адам қоршаған дүниені ертеде адамның «құралдары» болған өзінің 
сезінуі арқылы қабылдаған және әлі күнге дейін солай болып қалып 
отыр. Бірақ прогресс жолымен ілгерілеу шамасына, адамның алдына 
қойылатын міндеттердің күрделенуіне қарай, ол сезінудің шектеулі 
екенін білді. Сондықтан әлемдік тарихтың ұзақ жүзжылдықтары 
ішінде адамдар өздерінің табиғи сезу органдарының «орнын толтыра-
тын» аспаптар мен құрал-жабдықтар ойлап тапты.


322
Сөйтіп, ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар деп ғылыми таным 
мақсаттарында пайдаланылатын, саналы түрде ойдан шығарылған 
жасанды денелерді түсіну керек. Таным барысында зерттеуші оларды 
зерттелуші нысанмен біріктіріп, олардың өзара әрекеттесуі арқылы 
белгілі бір ақпаратты алады. Әлбетте, бұл ақпарат адамның сезу ор-
гандары жете алатын болуға тиіс.
Ғылыми аспаптар мен құрал-жабдықтар екі түрге бөлінеді: біріншісі 
зерттелуші заттың немесе құбылыстың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет