ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет350/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   382
Байланысты:
Философия

«Homo Simbolicus»
деп 
атады, өйткені адам өзін символдардың – нышан-белгілердің әлемімен 
қоршады. Сіз машинада келе жатқаныңызды және алдыңыздан ор-
тасында кірпіш бейнеленген дөңгелек белгіні көргеніңізді елестетіп 
көріңіз. Сіз дереу тежегішті басасыз, өйткені ары қарай жүруге болмай-
ды. Мысалы, Прометейдің бейнесі – адамды сүюдің, адамгершіліктің 
белгісі болса, Сизиф бейнесі – ауыр да мағынасыз тер төгудің белгісі. 
Ал Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу – мөлдір де таза романтикалық 
сүйіспеншіліктің бейнелері.
Ф.Ницше адамды 
«уәде беруші хайуан»
десе, Ж.Ж.Руссо 
«бұзылған 
хайуан» 
деп атайды.
Адам өзгеше күрделі тіршілік иесі болғандықтан, ондай 
анықтамалардың санын ары қарай да көбейте беруге болар еді. Біз 
өз тарапымыздан: «күлетін адам», «адам – жылай білетін тіршілік 
иесі», «адам – өлетінін білетін тіршілік иесі» және т.б. дер едік. Бірақ 


393
«У.Оккама ұстарасы» бізге мәндерді қажеттіден жоғары өсіре беруге 
болмайтынын айтады. Осыны есімізде ұстап, адамға кең анықтама 
беріп көрейік: адам – қоршаған ортаны 
танып білуге
қабілетті және 
соның негізінде 
еңбек құралдарын жасай
алатын, еңбек ету бары-
сында өзінің әртүрлі 
қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып, 
қоршаған әлемді өзгерте алатын саналы тіршілік иесі. Адамның біз 
жоғарыда айтып өткен барлық қалған қасиеттерін осы анықтамадан 
шығаруға болады.
Адам – қарама-қайшы тіршілік иесі. Бір жағынан, ол – дене және 
оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру 
және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем 
туралы ойға шомады, қоғамда өз орнын табуға тырысады, қуанады, 
ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді 
және т.б. Егер хайуандар ырықсыз сезімдер арқылы қозғалса, ал 
адам өзін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол өз-өзін бақылауда 
ұстауға қабілетті.
Әйткенмен адамның бұл ішкі қарама-қайшылығы әртүрлі 
философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық 
философия, бір жағынан, рух иеленуші адамды тіпті Құдайдың 
деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет