ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


ұлтшылдық «ауруға» шалдыққанын көрсетеді. Өткен ғасырдың басында италиялық психиатр, антрополог  Че



Pdf көрінісі
бет352/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   382
ұлтшылдық
«ауруға» шалдыққанын көрсетеді.
Өткен ғасырдың басында италиялық психиатр, антрополог 
Че
-
заре ломброзо
қылмыскерлердің өздерінің биологиялық табиғаты 
бойынша 
қазіргі адамдардан төмен 
тұратыны туралы идеясын 
ұсынды. Олардың жақ сүйектері ауыр, қалың қастары бірігіп кеткен, 
маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда 
әлеуметтік ауытқушылықтарға жақын болғандықтан, қылмысқа 
оп-оңай барады. Қылмыстарды зерттеушілердің, психиатрлардың 
кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін 
көрсетті. 
Қылмыскерлік – әлеуметтік құбылыс. 
Солай болғанмен, 
ондай көзқарастарды ұстанатын адамдар әлі де бар.
әлеуметтік 
дарвинизм
«өмір 
сүру 
үшін 
күрес», 
«тұқымқуалаушылық», «іріктеу» сияқты санаттарды қолдануға тыры-
сады.
әлеуметтік биология жоғары ұжымдасқан жануарлардың да 
«әлеуметтік қасиеттері» 
бар екеніне сендіреді. Мысалы, жануар-
лардың альтруистік (төлін қорғау үшін жануардың өзінің мерт бо-
луы; үйір немесе табын ішіндегі өзара қамқорлық, өзара көмек 
сияқты) ырықсыз сезімдері Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының 
іргелі қағидаларына қайшы келеді. Іс жүзінде, өмірді сақтап қалу 
мақсатында дербес организмнің қоршаған ортаға бейімделуінен 
үйірдегі өзара көмек қажеттіктері тумайды. Оның бұл ойымен келісуге 
болады. Сондықтан ол тиімді эволюцияның қоршаған ортаға дербес, 
ұжымдасып және үйір-үйір болып бейімделу арқылы мүмкін бола-
тынына сендіреді. Олай болса, әлеуметтіктің бастамасы алдымен 
алғашқы қауымдық үйірде пайда болады. Ондай идеялар даму тео-
риясына қайшы емес, өйткені жаңаның ұрықтары қашанда ескінің 
қойнауында жатады. Алайда бұдан әлеуметтік туралы алысты болжай-
тын, маңызды негіздері биологиялық үдерістерге кететін қорытынды 
жасаудың қажеті жоқ.


395


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет