«теология жинағы». Ф.Аквинскийдің Құдай болмысын дәлелдеумен аты шықты.
Ол дәлелдеулер – бесеу: Қозғалыс арқылы. Сірә, ешкім де әлемде қозғалыс болып жататы-
нына күмәнданбаса керек. Мысалы, оттың жануы – ағаштың әлеуетті
жылуының нақты жылуға айналуы. Бірақ бірде-бір зат бір мезгілдегі
қатынаста әлеуетті, әрі нақты бола алмайды. Олай болса, ештеңе
де бір мезгілде қозғалтқыш және қозғалушы бола алмайды. Демек,
қажеттілік туған кез келген қозғалыс қозғалтқышты қажет етеді,
ол, өз кезегінде, екіншісін қажет етеді, сөйтіп, шексіз созыла береді.
Бірақ біз енді өзіміз тоқтауға және өздігінен қозғала алмайтын, бірақ
басқаларының барлығын қозғалта алатын күшті мойындауға тиіспіз.
Ол – Құдай.
себеп арқылы. Әлемде себепсіз құбылыстар жоқ. Себеп келесі
өзгерістерге себеп болатын салдарды туғызады, өйткені ешкім де өзін-
өзі тудырған затты көрген емес. Солай десек, зат бұл дүниеде өзінің
алдында пайда болар еді. Ол ақылға сыймайды. Демек, бұл әлемнің
басты себебін – Құдайды мойындау керек.
мүмкіндік және қажеттілік арқылы. Бұл әлемде осы дүниеге
келген, бірақ келмеуі де мүмкін болған заттар бар. Олар бүгін – бар,
ал ертең – жоқ. Олардың болмысы мәңгілік емес. Демек, әлемдегі
заттардың барлығы күндердің күнінде жоқ болуы мүмкін. Бірақ олай
болып жатқан жоқ, бұл бар болуы мүмкін нәрсенің артында қажетті
нәрсе бар екенін көрсетеді. Ал ол – Құдай.
игіліктің сатылығы арқылы. Дүниеде бар заттардың барлығының
да кемелдікке жету дәрежелері әртүрлі: біреулер әдемірек, екіншілері
оншалықты әдемі емес. Заттарды тек салыстыра қарау арқылы біз
оларды бағалаймыз. Ал бұл Игіліктің, Әсемдіктің, Жақсылықтың,
Шындықтың жоғарғы үлгісін қажет етеді. Ол – Құдай.
мақсатқа сай болушылық арқылы. Ақыл иеленуші адам ғана
мақсат көздеген іс-әрекеттерге ұмтылмайды. Дүниедегі әрбір заттың
болмысының пайдаланылатын өз орны бар. Бұл жағдай садақтан
атылған жебені еске түсіреді. Бірақ садақтан жебе атқан садақшыны
80
ұмытуға болмайды. Егер осылай болса, онда әлемдегі мақсатқа сай
болушылық Құдайды мойындауды талап етеді.
Ф.Аквинский шығармашылығындағы