ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


-тарау. ҚаЙта өРлеу ДәуіРі ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет88/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   382
3-тарау. ҚаЙта өРлеу ДәуіРі ФилОсОФиЯсы
 3.1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі
Қайта өрлеу
немесе 
Ренессанс
дәуірі (фран. – Renaissance) Еуропа 
тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капита-
лизмге 
өту
кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия сана-
лады.
Аталған өтпелі кезеңнің орын алуына қандай жағдайлар се-
беп болды? Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кәсіптер мен сауда-
саттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами баста-
ды. Сауда-саттық пен балық аулау арқылы байып алған шаруалар өз 
қожайындарынан іргелерін аулақ салып, 
еркін
адамдарға айналды. 
Олар 
еркін жалдамалы еңбекті
пайдаланып, әртүрлі шеберханалар 
мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері 
пайда болып, феодализм бірте-бірте шегіне берді. Қалалар жылдам 
қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асы-
рыла бастады, сән пайда болып, шетелдерден тәтті-тәрім, жібек мата 
әкелінетін болды. Феодалдық қоғамның бірсарынды өмірі осындай 
экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. 
Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капита-
лизмге бет алды.
Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер руха-
ни өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді:
а) өндірістік күштерді дамыту қажеттігі схоластиканы кейін ысы-
рып тастап, 
жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға
, табиғатты зерт-
теуге себепкер болды;
ә) бірақ табиғат дегеннің өзі не? – Материя. Бұл, өз кезегінде, ой-
шылдарды материализм жағына қарай бағыттады;
б) табиғатқа жүргізілген кез келген зерттеу әртүрлі 
тәжірибелер
жасауға байланысты болады, философия тілінде бұл 
эмпиризм
деп 
аталады;
в) фактілердің жинақталуына қарай оларды қорытындылау қажет 
болды, демек, рационализм (лат. – ratio – ақыл, сана) пайда болды;
г) бұл, өз кезегінде, 
зиялы қауым
(интеллигенция) рөлін арттырады.
Егер Орта ғасырларда оны, негізінен, діни қайраткерлер көрсетсе, 
ал қазір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет