ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет91/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   382
пико
делла 
мирандолланың
(1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан 
Табиғат арасындағы делдал. Өз бойына бәрін жинай отырып, адам 
кім болуға да қабілетті. Жер бетінде адамнан биік ештеңе жоқ және 
адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай 
адамдарды жан-жақты тіршілік иелері ете отырып, олардың бойына 
өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша 
саналатыны – ол 
еркіндік
. Адамдардың өмірдің әр алуан жолдарын 
таңдайтын
мүмкіндіктері бар. Әңгіме таңдаған мүмкіндікті тиісті 
дәрежеде пайдалану туралы болып отыр. Сөйтіп, егер ортағасырлық 
философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп 
соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны 
Құдайдың адамға бер
-
ген баға жетпес сыйы
деп түсінеді. Міне, Пико антропологиясының 
түпқазығында бәрінен бұрын өзінің толыққанды жаратушы ретінде 


102
«Мен» дейтін адамның мәртебесі мен еркіндігі туралы ілім жатыр. 
Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.
Егер біз Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктеріне талдау жасаумен 
ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты 
жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен 
қателік жіберген болар едік.
Адам құндылықтары мен мәртебесі, еркіндіктің мұраттары бас-
ты, басымдыққа ие болып саналған рухани ахуал 
табиғаттың 
жаңа философиясын
тудырмай қоймас еді және тудырды да. Ал со-
нымен қатарлас жаңа жаратылыстану да дами бастады. Ол бірқатар 
дәуір жаңалықтарын әкелді және жаңа философияның маңызды 
бастауларының біріне айналды.
Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай 
Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (1548-
1600) және Галилео Галилей (1546-1642) шығармашылығында көрініс 
тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет