ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет287/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   382
Байланысты:
Философия

сұрақ тарихын
есімізге түсірейік.
Жалпылай айтқанда, дерексіздендіру деп шындық туралы түсінікті 
құру мақсатында шындықтың (болмыстың) әлдебір қырларын ойша 
бөліп қарауды түсіну керек. Платон мен оның шәкірттері, өздерінің «екі 
әлем» туралы тұжырымдамаларына сәйкес, дерексіздендіруді «идея-
лар әлемінде» бар құбылыстарды танып білу деп қарады. Оларға қарсы 
тұрған Аристотельдің ойынша, егер біз математикалық денелерді өз 
бетінше, дербес өмір сүретін болмыстар деп қарасақ, онда шындықпен 
де, дұрыс мағынамен де қайшылыққа келген болар едік.
Ортағасырлық номиналистер (Р.Бэкон, У.Оккам) де біздің алдымыз-
да жатқан әлем сезімдік болмыстан басқа ештеңе де емес: онда бір зат 
екінші затқа ұқсамайды, сондықтан дерексіздік – ол заттардың атауы 
ғана деп сендіре отырып, платонизмге қарсы шыққан.
Концептуалистер 
платонизмнің 
де, 
номинализмнің 
де 
біржақтылығын жеңуге ұмтылды. Олар ұғымдардың нақты өмір 
сүретінін мүмкін емес деп санағанмен, дегенмен дерексіздік – ол атау 
ғана емес, нақты өмір сүретін жалпының бұл әлемнің заттарына тән 
бейнесі екеніне сенімді болды.
Дерексіздендіру туралы айтқанда, біз тағы бір пікірге кезігеміз: 
дерексіздіктер шындық-болмысқа жақын болған сайын, құндырақ 
болмақ. Бұл жағдайда оларда зерттелетін нысандардың ортақ 
қасиеттері көбірек. Барынша ортақ дерексіздіктер өз ауқымына ба-
рынша мол заттарды қамти отырып, сонымен бірге мағынасыз да бола 
береді.


324
Дерексіздіктердің өздері білдіретін болмысқа қаншалықты сәйкес 
келетініне қатысты қиын сұрақ күтіп тұрғанына көз жеткізу қиын 
емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез кел-
ген зат нақты бір жағдайда өмір сүреді және қалыптасқан жағдайлар 
шектерінде басқа денелер және құбылыстармен өзара әрекеттерге 
түсіп, өздерін соларға сәйкес көрсетеді. Оның үстіне, біреулері 
өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол 
уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл 
көбінесе тәжірибелік танымда, яғни біз бір затты бақылауға алып
оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген 
кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай, 
ескерілмеуіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, ондай бақылаудың 
қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.
Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің 
кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда 
бұрын байқалған қасиеттердің кейбірі жоғалып, ал кейбірлері қалуы 
мүмкін. Соңғыларды нақ осылай жинақтап қорыту – дерексіздендірудің 
жоғарғы деңгейіне келтіреді.
Зат немесе құбылыс басқалармен өзара әрекеттескенде, өзін қашанда 
өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес, 
оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы ке-
рек.
Дерексіздендірудің кез келгенінің өз шектері бар. Сондықтан 
танымның белгілі бір деңгейінде бір немесе басқа дерексіздіктің та-
ным мүмкіндіктерінің сарқылғаны анықталады. Мысалы, ғалымдар 
микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап бол-
ды, өйткені классикалық физикада пайда болған бұрынғы ұғымдар 
бірқатар жаңа шындық, нақтылықты зерттеу барысында енді жарам-
сыз болып қалды. Денелердің координаттары мен импульстерінің 
макроәлемде айқындалған арақатынас заңдылықтары микроәлем 
үдерістерін зерттеуде өздерінің эвристикалық мағыналылығынан
айырылды. Егер қарапайым бөлшектің координаттары анықталса, 
онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер им-
пульс күші анықталса, онда оның координаттарын анықтау мүмкін 
болмайды. Осы және басқа жағдайлар бұрынғы санаттардың шектері 
сарқылғанын және ғылымның алдында жаңа санаттық құрал жасау 
қажеттігі туғанын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет