ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет37/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   382
кәсіптің

өнердің
қатарына қосты. Әдебиетте 
жазылғандай, шығармашылық қызметтің «материямен» (сәулет, мүсін) 
байланысты күрделі түрлеріне де олар жеккөрушілікпен қарап, кәсіпке 
жатқызды. Міне, сол себепті де ежелгі гректер Фидий, Поликлет, 
Пракситель сияқты ертедегі грек өнерінің алыптарын кәсіпшілер са-
нап, оларға жоғарыдан, менсінбей қараған. Бұндай жағдай ақылмен 
пайымдауға, әлемді жалпылама ойлау арқылы ғана қол жететін әлдебір 
үйлесімді тұтастық деп қарауға жеткізді. Міне, сондықтан да олар 
Шығыс ғалымдарына да осылай жоғарыдан қараған, ал олар, керісінше, 
нақты өмірдің мұқтаждықтарына сүйенуге, іс жүзінде пайдалануға бо-
латындай бір нәрсе жасауға тырысты. Ол туралы ертеде Плутарх та 
өзінің «Салыстырмалы өмір сипаттары» еңбегінде жазған-ды.
Айтылғандарды қорытындылай және мәселені нақтылай келе
Шығыста сияқты, Ежелгі Грекияда да ғылым бастаулары нақты 
өмір қажеттіліктерінен пайда болған деп айтуға болады. Алғашқы 
математикалық ұғымдар жер өлшеуге, әртүрлі материалдарды өңдеуге 
байланысты болды. Олардың қарапайымдығы соншалықты, ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша және көрсету жолымен беріліп отырды. Қисынды 
дәлелдеу жолымен негізделген әлдебір мәтіндер іспетті арифметика 
мен геометрия әлі пайда бола қойған жоқ еді. Кейіннен грек рухы ол 
жұмысты атқарып шықты. Егер бір ғалымдар оны 
Фалестің
атымен 
байланыстырса, ал екіншілері 
Демокриттің
атымен байланыстырады 
(қараңыз: С.А.Лебедев. Философия науки. – М.: Академический про-
ект, 2006. – 52-бет). Бірақ бір нәрсе анық: олардың екеуі де алғашқы 
математикалық мәтіндерді құрды, оларда теориялық тұрғыда қисынды 
дәлелділік бар, яғни олардың есімдерін 
ертедегі грек ғылымының 
бастаушылары
деп қарауға болады. Олардың қатарына: әлемнің 
негізін құрайтын сандар, денелердің сәйкестігі (пропорциясы) туралы 
түсініксіз (жұмбақ) ілім құруға, табиғат құбылыстары мен заңдарының 
жасырын мағынасына енуге әрекет еткен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет