ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет366/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   382
Байланысты:
Философия

денсаулығын сақтау
да адамзаттың ғаламдық 
мәселесіне айналып отыр. Осы заманның ғылымы техникалық жетілу, 
қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығының нашарла-
уы арасындағы өзара байланысты анықтап отыр. Бұл тұжырымның 
дәлелі ретінде «өркениет аурулары» деп аталатын: қатерлі ісік, жүрек-
қан тамырлары ауруларын, бүйрек пен бауыр ауруларын, СПИД және 
басқаларын атауға болады. Егер дамыған елдерде тамақты артық жеу, 
семіздік, аз қозғалу, араққұмарлық пен шылым шегу үлкен мәселе 
болса, ал дамушы елдердің қиын мәселесіне азық-түлік сапасының 
төмендігі, таза ауызсудың аздығы, «әлеуметтік аурулар» деген ат 
алған туберкулез, трахома (жұқпалы көз ауруы), безгек және т.б. ау-
рулар жатады. Жаһандану миллиондаған адамның бір континенттен 
екіншісіне көшуіне жеткізсе, ал бұл жұқпалы аурулардың таралуына 
себеп болады.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешу жолдарын зерттеу-
де, негізінен, екі: 
технооптимистік
(болашақ керемет дейтін) және 
технопессимистік
(болашақ қасіретті дейтін) бағыт қалыптасқан.
Технооптимистік идеялар өз шыңына XX ғасырдың 60 жылдары 
шықты. Сол уақытта өндірісте ғылыми-техникалық революцияның 
жетістіктері кең пайдаланыла бастады. Дж.Гелбрайт, Р.Арон және басқа 
ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы бұқара халыққа қажетті та-
уарлар мен қызметтердің нарығын тудыратынын және болашақта жер 
бетіндегі барлық халықтарға бақытты да ауқатты өмір әкелетінін айта 
бастады. 80 жылдары Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер және басқалары 
ғылымның қоғамдағы тікелей өндіргіш күштерге айналғанына, 
ал болашақта оның адамзаттың барлық жинақталған мәселелерін 
шешетініне сендірді.
Бірақ көп ұзамай, ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) 
көлеңкелі тұстары да айқындала бастады. Экологиялық тоқырау 
бірқатар елдерді тұралатты, табиғи ресурстардың шектеулі екені белгілі 
болды, дамыған және дамушы елдер арасындағы қайшылық өрши
бастады. Осы жағдайлардың барлығы технопессимистік көзқарастарды 
тудырмай қоймады.
Технопессимизм 
(Г.Маркузе, 
К.Лоренц, 
Д.Гудмен 
және 
басқалары) осы заман қоғамының адамдарды техниканың құлдарына 


411
айналдырғанына сендіреді. К.Лоренц ҒТР миллиондаған адамды 
мыңжылдықтар бойы өмір сүрген табиғат аясынан жұлып алып, «аң 
тұмсығы өтпейтін тас ормандарға» лақтырып тастағанын айтады. Ірі 
қалалардағы тар пәтерлерде зерігумен өмір сүріп, адамдар жылдар 
бойы табиғат аясына шыға алмайды.
Автоматтар адамдарды ауыр дене еңбегінен құтқарғанмен, олардың 
жүйке жүйесіне күш түсірді, соның кесірінен адамдар әртүрлі дәрі-
дәрмектер пайдалануға мәжбүр болады. Материалдық қиындықсыз 
өмір адамды күшті сезімдерден айырып, зерігуге жеткізеді. 
Нәтижесінде, адам есірткіге әуестене бастайды... Технопессимистер 
тұтынудың тәндік-сезімдік бағдарынан бас тартуға және жаңа өмір 
бағдарламасын құруға үндейді.
Батыстың ірі ғалымдары 1968 жылы «Рим клубын» құрып, қазіргі 
заманның ғаламдық мәселелерін зерттей бастады. 1972 жылы әлемдік 
қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер еткен «Жетілудің шегі» 
(«The Limit of Growth») деп аталатын елеулі еңбек дүниеге келді. 
Кітаптың негізгі идеясы – жер байлықтарының шектеулілігі, жаңа 
өндірістерді құруды тежеу қажеттігі, олай болмаса климаттың өзгеріп, 
экологиялық апаттың орын алатыны. А.Печчеи адамзатқа бүгінгі 
таңда жетпейтіні материалдық игіліктер емес, руханилық, әсіресе 
адамшылық екенін айтқан-ды. Орыс ойшылы Н.Моисеев XX ғасырдың 
адамзатқа ескерту жасағанын баса көрсеткен-ді.
Егер XXI ғасырда адамзат оған құлақ аспаса, онда жер 
бетіндегілерді, мүмкін, құрып кету қаупі күтіп тұрған шығар. 
Ондай алаңдаушылықтарды туғызатын себептер жеткілікті. 
Ағылшын публицисі, лорд Г.К.Честертон айтқандай, «адамды байлық 
аздырады». Өкінішке қарай, материалдық игіліктердің артуы әрдайым 
рухани игіліктің де артуына жеткізе бермейді. Көп жағдайларда ол 
рухани-адамгершілік тұрғыда құлдырауға әкеліп соқтырады. Бүгінгі 
күні ол болып та жатыр.
Адамзат бұл қарама-қайшылықты шеше алар ма екен? Оны болашақ 
көрсетер.


412


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет