415
зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды
күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына,
оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.
биоэтика
– биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық
сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
бифуркация
– жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының
бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
буровщина
– ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал-
пы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық
релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік
тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес)
ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден
шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация
– дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырым-
дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен
тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай
салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда
тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: