414
антиципация
– болашақ оқиғалар субъектісін, «саңырауқұлақтың»
ішкі және сыртқы жай-күйін күнібұрын біліп отыру;
бірдеңе туралы
алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір.
антроптық ұстаным
– қазіргі заманғы космологияның
(әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы
ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының)
негізгі
тұжырымдарының бірі. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір
сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
антропологизм
– 1) Адам теориясының,
оның мәнінің, өмір сүру
тәсілдері мен мағынасының жалпы теориясы ретіндегі философия
нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық
танып білуге, олардың адами өлшемдегі мағынасы мен маңызын
іздеуге деген ұстаным.
апостериорлық білім
– таным нысанасын сезімдік және эмпирия-
лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция
– кез келген әрекеттің
нақты бір субъектінің
алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір
сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан
– моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль
бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті,
қажыр-қайрат,
адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық
танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты
атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас-
тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке)
дейін
әртүрлі деңгейде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: