ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

4.4. антроптық қағида. 

биосаладан ноосалаға көшу мәселелері

 

Өзгеше күрделі құбылыс ретінде өмірдің қоршаған ортаға тигізетін 



ықпал-әсері  көп.  Соның  нәтижесінде  жердің  беті  өзгерді  және  біздің 

планетамыз ғарышта өте әдемі, көгілдір денеге айналды. Жер бетіндегі 

өмір жансыз материямен өзара әрекетке түсіп, өне бойы өзгерісте және 

дамуда болатын тұтас жүйені құрды.

Тарихи тұрғыда өмірдің өзгеруі тірі тіршіліктің формалары арасын-

да айырмашылықтардың артуына, олардың өзара байланыстарының 

күрделенуіне  келтіреді.  Қоршаған  ортаға  бейімделе,  онымен  заттек-

тер,  энергия  және  ақпараттар  алмаса  отырып,  өмір  биогеоценоздар 

(экожүйелер) туғызады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанның экожүйесінің 

Солтүстік  Қазақстан  экожүйесінен  айтарлықтай  айырмашылығы 

бар.  Биогеоценоздар  өсімдіктермен  қоректенетін  жануарлардан  бас-


387

тап,  тамақтың  қорытылуына  қатысатын  микроорганизмдерге  дейін, 

биосаланың кіші үлгілері болып табылады.

Біріге  отырып,  әртүрлі  биогеоценоздар  биосала  –  жер  бетіндегі 



өмірдің супержүйесін құрайды.

Көрнекті  орыс  ойшылы  А.И.Вернадский  биосала  түсінігіне 

жаңаша  жарық  берді.  Егер  оның  алдындағы  ғалымдар  биосалаға 

өмірдің бір-бірлерімен байланысты барлық формаларын жатқызса, ал 

А.И.Вернадский,  одан  өзге,  биосалаға  миллиардтаған  жылдар  өмір 

сүруі барысында өмірдің жер бетінде тұрақтап қалған қалдықтарын 

жатқызды.

Мысалы,  мұнай  деген  не?  Ол  –  миллиардтаған  жылдар  өмір 

сүру  барысында  теңіздер  мен  мұхиттардың  түбінде  жинақталған 

планктондардың  қалдықтары.  Таскөмір  деген  не?  Бұл  –  ерте  заман-

дарда болған, дін аман сақталған бұрынғы ормандардың қалдықтары. 

Жердің беті өсімдік әлеміне қажетті табиғи заттарға, – олардың өздері 

алдында болған өмірдің қалдықтары емес пе, – толы. Кез келген орга-

низм  қоршаған  ортадан  өзіне  қажетті  химиялық  элементтерді  алады, 

өзі өлгеннен кейін кері қайтарады.

Қазіргі заманғы жаратылыстану коэволюция (бірлесе өзгеру, даму) 

ұғымын  тудырды.  коэволюцияның  көмегімен  әртүрлі  организм-

дер  бір-бірлерімен  өзара  әрекеттесе  отырып,  өмірдің  жүйелі  бірбүтін 

ретінде  дамуына  себеп  болады.  Бұл  ұғымның  осы  заманғы  адамзат 

үшін  әдістемелік  мағынасын  асыра  бағалау  мүмкін  емес.  Егер  біз 

өзіміздің ары қарай дамуымызда өмірдің әртүрлі формаларын тұтынуға 

ғана бағыт алсақ, онда оны құртып тынуымыз әбден мүмкін, ал оның 

орнына  біз  бірлесе  даму  мақсатында  жыл  сайын  экожүйеге  көбірек 

көңіл  бөлуге,  оның  хал-ахуалының  жақсаруын  қамқорлыққа  алуға 

тиіспіз. Сол жағдайда ғана біз Табиғатпен үйлесімділікке жетеміз және 

ноосалаға – ақыл-парасатпен игерілетін салаға жол ашылады.

Сөйтіп, өзінің миллиардтаған жылдар бойы дамуы барысында өмір 



«ақылды  жануарлар»  деп  аталатындардың  шыңына  шығып,  өзінің 

миллиондаған  әртүрлі  формаларын  тудырды.  Олардың  қатарына 

маймылдарды,  иттерді,  пілдерді,  дельфиндерді,  киттерді  және  т.б. 

жатқызуға  болады.  Олардың  кейбіреулері  өз  дамуында  сынақтар  мен 

қателіктер,  өмір  сүрген  кезінде  әлдебір  жаңашылдыққа  үйрену, 

қоршаған ортаға икемді бейімделу арқылы нақты ойлау деңгейіне 

жетті.  Зоологиялық  күшке  негізделген  табындық  өмір  пайда  болды. 

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы да материя қозғалысының 

биологиялық  формалары  аясында  өмірдің  жеткен  жоғарғы 


388

шыңдары болды – жетілудің ары қарайғы мүмкіндігі сарқылып бітті.

Өмірдің ары қарай дамуы үшін «біртінділіктің үзілуі» және санаға 

секіру үшін, әлдебір «түсіргіш ілмек» қажет болды. Ол адамның пай-

да  болуына  байланысты  еді.  Ал  түсіргіш  ілмек  деп  климаттың  күрт 

өзгеруін  айтсақ,  соның  нәтижесінде  архантроптар  (ерте  замандар-

да  өмір  сүрген,  қазба  жұмыстары  арқылы  табылған  адамдар)  жерге 

түсуге  мәжбүр  болды  да,  алдыңғы  аяқтары  босап,  кейіннен  адамның 

қолдарына  айналды.  Сананың  пайда  болуының  шешуші  факторы  – 

алғашқы адамдардың бірлесе еңбек ету үдерісінде еңбек құралдарын 



жасауы және жүйелі түрде пайдалануы болды. Сөйтіп, материалистік 

философияда  сананың  пайда  болуы  қоғам  мен  адамның  өздерінің 



антропосоциогенез  деп  аталған  шығу  тегімен  тығыз  байланыста 

қарастырылады.  Бұл  үдерістің  терең  мәні  өмірдің  қалыптасуының 

биологиялық формадан әлеуметтік формаға секіруінде жатыр.

Ондай  мүмкіндік  климаттың  өзгеруіне,  ормандардың  сиреуіне, 

соның  нәтижесінде  маймылдардың  жерге  түсуге  мәжбүр  болғанына 

байланысты  ашылды.  Артқы  аяқтарымен  тұрып,  олар  алдыңғы 

аяқтарын  босатып,  жемісті  қағып  түсіру  немесе  жауларынан  қор-

ғану  үшін,  олармен  құрғақ  бұтақтарды,  тастарды  ұстайтын  болды. 

Мыңжылдықтар  өте  келе,  маймылдардың  алдыңғы  аяқтары  адам-

дардың қолдарына ұқсай бастады.

Ф.Энгельс  атап  айтқандай,  еңбек  құралдарын  жасау  және  жүйелі 

түрде  пайдалану  бұл  үдерісте  шешуші  рөл  атқарды.  Олай  болса,  бұл 

үдерісті ойша қайта құрып көрейік. Ең қарапайым тас құрал – «ашель 

шапқысы».

1

  Сырттай  сәбізге  ұқсайтын  бұл  құралдың  төменгі  бөлігі 



сүйір болып келеді. Ондай құралды жасау үшін, тасты тасқа ұра оты-

рып,  құралдың  қарадүрсін  кейпін  қашанда  есте  сақтау  керек,  онсыз 

құрал жасау мүмкін емес; екіншіден, лайықты тасты табу үшін, өзен 

бойын  жағалап  ұзақ  жүру  керек;  үшіншіден,  ол  тасты  басқа  таспен 

ұрып, оны өңдеу қажет; бұл аңғарымдылық пен сақтықты дамыта-

ды: ақырын ұрсаң – тас сынбайды, қатты ұрсаң – қақ айырыла сына-

ды. Сонда өкінішке ұқсас сезім пайда болады. Ол өзін өзен жағасына 

баруға итермелеп, қайтадан лайықты тас іздеуге мәжбүр болады, – ерік-



жігер дамиды. Енді ол мақсатына жетеді, – құрал дайын, оның бойын-

да қуанышқа ұқсайтын сезім пайда болады. Бірақ егер құралдың шет-

шеті біркелкі шабылмаса, ол пайдалануға қолайсыз болып, тез сынады. 

1

  «Ашель  шапқысы»  –  палеолит  дәуіріндегі  адамдардың  тастан  жасаған  еңбек  құралы 



Франциядағы Сент-Ашель деген жердің атымен аталған.

389

Содан  кейін  ол  басқасын,  қолайлырағын  жасайды.  Құралы  ыңғайлы, 

ұзақ пайдалануға жарамды болып шыққан соң, оның бойын әсемдікке 

жақын  ерекше  сезім  билейді.  Келесі  жолы  симметриялық  үйлесімді 

пішін, айталық, қарағайдың бұтағы оның пайдалануына байланыссыз, 

соған  ұқсас  қуанышты  сезім  оятады,  ол  кейіннен  ғасырлар  өткенде, 

сұлулық сезіміне айналады.

Сонымен, тіпті ең бір қарабайыр құрал жасаудың өзі адамның бой-

ында ақыл, зерде, ерік қасиеттерін дамытып, тіпті әуелі эстетикалық 

сезімдерді оятады.

Еңбек  құралдарын  жасау  және  бірлесе  аң  аулау  барысында 

әлдебір  қашықтыққа  маңызды  ақпарат  жеткізу  қажеттігі  туады.  Әлі 

сөйлей  білмегендіктен,  алдымен  аяқ-қол,  бет  қимылдары,  дене 

қозғалыстары  пайда  болады.  Соған  байланысты  би  –  өнердің  ең 

ертедегі  түрі  деп  айтуымызға  болады.  Ал  бір  немесе  басқа  сезімдер 

қуанышты немесе мұңды дыбыстар шығару түрінде берілетін. Кейіннен 

ғұлама  адамдар  сөздерді  ойлап  таба  бастады,  заттарды  көрсете  оты-

рып, сөздерді қайталап айта берген соң, – содан тіл шықты. Әлемнің 

түкпір-түкпірінде  пайда  болған  әртүрлі  тілдер  –  табиғат  үндеріне, 

әсіресе  құстар  мен  аңдардың  үндеріне  құлақ  түрудің  нәтижесі.  Ең 

болмағанда, бізге солай көрінеді.

Бұл үдерісте отты игеруді және пайдалануды асыра бағалау мүмкін 

емес. Отқа пісірілген тамақ, әсіресе ет мидың көлемінің жедел өсуіне 

жеткізді.  Екінші  жағынан,  бүкіл  ас  қорыту  жүйесі  өзгерді.  Аңның 

ақсиған азуының қажеті болмай қалды, жақ сүйектері адамдық кейіпке 

келе бастады. Үңгірді жылыту үшін отты пайдалану денедегі жүннің 

азаюына келтірді.

Адам мен қоғам бірге пайда болғандықтан, әлеуметтіктің алғашқы 

формаларының  пайда  болуы  жолымен  жүріп  көрейік.  Алғашқы  үйір, 

әлбетте, жартылай биологиялық және жартылай әлеуметтік құрылым 

болып  табылады.  Антропологтардың  ойынша,  40-50  мың  жыл  бұрын 



үйір-үйір болып өмір сүруден қоғам өмірінің ру-тайпаға ұйымдасуы, 

яғни  нағыз  әлеуметтікке  күрт  секіру  орын  алды.  Сол  кезден  бастап 

адамның  бүгінгі  тұрпаты  (кроманьонец),  оның  жер  бетіндегі  тарихи 

қадамдары қалыптасты.

Ру-тайпалық  ұйымдасу  аясында  қан  араласуына  (инцест)  ты-

йым  салынды.  Егер  үйір  өздігінен  жетілген  құбылыс  болса,  онда  ру-

тайпа  болып  ұйымдасу  шектерінде  олардың  арасында  байланыстар 

орнай  бастайды,  өйткені  ұрпақ  жалғастыруды  жүзеге  асыру  қажет. 

Ру-тайпалық  ұйымдасу  аясында  ғана  нағыз  адамдық  сүйіспеншілік 


390

сезімдер  қалыптасады,  өйткені  бозбаланың  назарына  іліккен  қыз 

қасында  емес,  басқа  тайпада  өмір  сүреді.  Жігіт  ол  туралы  армандай-

ды, қиялдайды, қайткенде де, оны көргісі, жанасқысы келеді. Бұл оның 

бойында  шығармашылық  шабыт  тудырады.  Осыдан  келіп  эпос  және 

т.б. қалыптасады.

Ру-тайпалық  ұйымдасу  барысында  бастапқы  моральдық 

көзқарастар пайда болды. Егер үйірдің ішінде біреуі аяғын сындырып 

алса,  ол  өледі.  Сол  ру-тайпа  аясында  оған  көмек  көрсетіледі,  тамақ 

беріледі, сөйтіп ол аман қалады. Өзара көмек, аяушылық, қамқорлық, 

үлкендерді сыйлау пайда болады.

Қоғамтанудың  ең  бір  күрделі  мәселелерінің  бірі  –  үйірден  ру-

тайпаға  жетуді,  секіруді  қисынды  түрде  қайта  құру  болып  табыла-

ды,  өйткені  оны  көптеген  мыңжылдықтар  бойындағы  «тарих  шаңы» 

басқан.  Кезінде  Ф.Энгельс  гносеологиялық  тұжырымдаманы,  яғни 

мәні  мыңжылдықтар  бойы  адамдардың  жинақталған  тәжірибелерді 

қорыта  келе,  қандас-туыс  адамдардың  арасындағы  жыныстық 

байланыстың  әлсіз,  кемтар  балалардың  дүниеге  келуіне  әкеліп 

соқтыратынын  байқағанында  жатқан  тұжырымдаманы  алға  тартты. 

Соны санамен түйсінген кезден қанның араласуына тыйым салынып, 

үйір ру-тайпаға айналып өмір сүре бастады. З.Фрейдтің «әкені өлтіру» 

тұжырымдамасымен  бірге,  терең  қарастыра  келгенде,  «тотем»  және 



«тыйым»  бұл  мәселені  гносеологиялық  түсінуге  жақын,  өйткені: 

«Біз  қайдан  пайда  болдық?»  –  деген  сұрақтың  тууын,  сондай-ақ  аға-

қарындастар арасындағы туыстық қатынастарды табуды қажет етеді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, шындыққа «бейбіт өмір қажеттігі» 

тұжырымдамасы  жақын,  оның  үстіне,  ол  бірқатар  фактілерге 

негізделген.  Археологтар  алғашқы  тұрғын-жайлардың  орнынан  бір 

мәнермен  өлтірілген  адамдардың  бас  сүйегін  тапқан.  Сол  заманның 

адамдары  құрбанының  ту  сыртынан  жасырынып  келіп,  шүйдесінен 

өткір  таспен  ұрып  өлтіретін  болған.  Зерттеулер  ол  бас  сүйектерінің 

барлығы  да  еркектердікі  екенін  көрсеткен.  Әйелдерді  иемдену  үшін, 

еркектер бір-бірлерін өлтірген деген болжам жасалған. Еркектер аң ау-

лаушылар болғандықтан, олардың санының азаюы үйірдің өзінің өмір 

сүруді жалғастыруына қауіп төндіреді. Сол кезде қанның араласуына 

тыйым салынған.

Тарихи  фактілерге  сүйене  отырып,  біз  адам  мен  қоғамның  пайда 

болуын ойша қайта құрып шығуға тырыстық. Әлбетте, бұл жерде әлі 

танылмаған нәрсе көп. Көптеген ауыспалы формалар әлі де табылған 

жоқ. Солай болғанмен, жүргізілген талдаудың өміршеңдігіне сенгіміз 

келеді.


391

Адамның  сана-сезімі  пайда  болған  уақыттан  бастап,  ол  өзін 

қоршаған ортаға қарсы қойып келді, ол өзіне: «адам деген кім? Оның 

өмірінің  мәні  қайдан  шықты  және  неде?»  –  деген  қасиетті  сұрақ 

қойды.  Ұлы  Сократ  өзінің  Ғаламнан  шыққанын  айтты.  Адам,  –  осы 

әлемдегі басқалары сияқты, тәні бар тіршілік иесі, бірақ оған қоса, ол 

рух болып табылады, оның мазасыздыққа, мақсат-ниеттерге, қуаныш 

пен  күйзеліске,  шабыт  пен  шығармашылыққа  толы  ішкі  ғаламы 

бар.  Егер  оны  осы  қырынан  алып  қарасақ,  онда  ол  және  қалған  әлем 

арасындағы айырмашылық шексіздікке кетеді. Сондықтан да кез кел-

ген дін әлі күнге дейін адамды Құдайдың жаратқаны туралы қағиданы 

ұстанумен келеді.

Философия адам мәселесін негізгі мәселе ретінде қарайды. Бүгінгі 

күні гуманитарлық пәндердің өкілдері ғана емес, сонымен бірге жара-

тылыстанушылар да 13,7 миллиард жыл бұрын жаратылған Ғаламның: 

есепсіз  көп  кездейсоқтықтардың  шиеленісуі  арқылы  өмірді,  содан 

кейін биік гүл – санаға ие адамды туғызуға тиіс болған «Үлкен жары-

лыс» нәтижесінде орнағаны туралы «антроптық қағиданы» ұстанады.

Ғасырлар бойы ойшылдар адамға әртүрлі анықтамалар беріп келді. 

Оның  ішінде  ең  көп  тарағаны  –  «Homo  Sapiens»,  яғни  адам  ақыл-

парасатқа ие. Ол туралы біз кітабымыздың беттерінде көп айттық.

Америка конституциясы әкелерінің бірі Б.Франклин адамға «Homo 

Faber» – құрал жасаушы адам деп анықтама берген. Іс жүзінде адам 

ғана еңбек құралдарын жасайды және оны жүйелі түрде пайдаланады. 

Мысалы, маймыл құрғақ бұтақты немесе тасты ұстап, соны пайдала-

на алады. Бірақ содан кейін оларды лақтырады. Бірде-бір маймылдың 

қолы бірде-бір еңбек құралын жасаған емес. Ф.Энгельстің бұл белгілі 

ойы әбден әділетті: құралды адам ғана жасай алады.

Кезінде  Аристотель  адамды  «Zoon  Politicon»,  яғни  саяси  немесе 

қоғамдық жануар деп анықтаған. Бұл да елеулі маңызы бар анықтама 

болып табылады, өйткені адам дербес жан сақтап, тірі қала алмайды. 

Алғашқы қауымдық қоғамда оны «өткір тасқа іліктіру», яғни тайпадан 

қуып жіберу – ең бір қорқынышты жаза болған. Жеке-дара өмір сүруді 

білмеген ол жыртқыш аңдардың құрбанына айналатын.

Ұлы  И.Кант  ішкі  адамгершілік  заңға  таңданып,  адамды  «Homo 

Morales»  –  адамгершілікті  тіршілік  иесі  деп  санаған,  адамның  бұл 

қасиетін  ұлы  ақын  Абай  «нұр  сәулелі  жүрек»  деп  бағаласа,  Шәкәрім 

оны «үш шындықтың» біріне жатқызады. Австриялық ғалым В.Франкл 

Құдайды  Ғаламнан  іздемеу  керектігін  немесе  соңынан  жүрудің 



392

қажетсіздігін,  Оның  адамның  жүрегінде  екенін  айтады.  Құдай  –  ол 

адамның ар-ожданы. 

«Homo Aesteticus» та адамның маңызды анықтамасы болып табы-

лады.  Қапырық  ыстық  күндердің  бірінде  батып  бара  жатқан  Күн  аса 

үлкен және қызыл күрең жарты аспанға айналады. Бұл ешбір адамды 

жайбарақат қалдыра алмайды. Ал кез келген жануар бұны байқай ал-

майды. Адам әсемдікке таңданғаннан шабыттана отырып, Табиғаттың 

ұлылығы туралы тұтас поэма жазып тастауы мүмкін. Сонымен, адам – 

әсемдікке ұмтылған тіршілік иесі.

Голландиялық  философ  И.Хейзинга  адамды  «Homo  Ludens»  – 

ойын  ойнайтын  адам  деп  айқындады.  Өлім  халінде  жатып  та,  адам 

«өлетін  адамның»  рөлін  ойнайды.  Ойын  арқылы  ғана  жануарлардың 

төлдерінің  ырықсыз  сезімдері  оянады,  ересек  жануарлар  ойын  ойна-

майды. Ал адам өмірінің ақырына дейін әртүрлі рөлдерді ойнайды.



«Homo  Electus»  –  тік  жүретін  адам  дегеннің  де  терең  мағынасы 

бар.  Бізді  тудырған  архантроптар  ағаштардан  жерге  түсіп,  артқы 

аяқтарына  тұрғанда,  бұл  нағыз  революция  болды,  өйткені  олардың 

босаған  алдыңғы  аяқтары  құрал  жасау  барысында  адамның  шебер 

қолдарына айналды: олар көз микрохирургиясынан бастап, өзі жүретін 

экскаваторға дейін барлығын да жасай алады. Мынадай жағдайды көз 

алдыңызға  елестетіп  көріңіз:  жер  бетінде  барлық  адамдар  ғайып  бо-

лып, адамның бір ғана қолы қалған дейік. Сонда жерден тыс ақыл оны 

көрген бойда жер бетінде ақыл болғанын түсіне қояр еді, өйткені қол – 

адамның ақылынан туған туынды.

Француз  философы  Э.Кассирер  адамды  «Homo  Simbolicus»  деп 

атады, өйткені адам өзін символдардың – нышан-белгілердің әлемімен 

қоршады.  Сіз  машинада  келе  жатқаныңызды  және  алдыңыздан  ор-

тасында  кірпіш  бейнеленген  дөңгелек  белгіні  көргеніңізді  елестетіп 

көріңіз. Сіз дереу тежегішті басасыз, өйткені ары қарай жүруге болмай-

ды. Мысалы, Прометейдің бейнесі – адамды сүюдің, адамгершіліктің 

белгісі болса, Сизиф бейнесі – ауыр да мағынасыз тер төгудің белгісі. 

Ал  Қозы  Көрпеш  пен  Баян  Сұлу  –  мөлдір  де  таза  романтикалық 

сүйіспеншіліктің бейнелері.

Ф.Ницше адамды «уәде беруші хайуан» десе, Ж.Ж.Руссо «бұзылған 



хайуан» деп атайды.

Адам  өзгеше  күрделі  тіршілік  иесі  болғандықтан,  ондай 

анықтамалардың  санын  ары  қарай  да  көбейте  беруге  болар  еді.  Біз 

өз  тарапымыздан:  «күлетін  адам»,  «адам  –  жылай  білетін  тіршілік 

иесі», «адам – өлетінін білетін тіршілік иесі» және т.б. дер едік. Бірақ 


393

«У.Оккама  ұстарасы»  бізге  мәндерді  қажеттіден  жоғары  өсіре  беруге 

болмайтынын  айтады.  Осыны  есімізде  ұстап,  адамға  кең  анықтама 

беріп  көрейік:  адам  –  қоршаған  ортаны  танып  білуге  қабілетті  және 

соның  негізінде  еңбек  құралдарын  жасай  алатын,  еңбек  ету  бары-

сында  өзінің  әртүрлі  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  отырып, 

қоршаған  әлемді  өзгерте  алатын  саналы  тіршілік  иесі.  Адамның  біз 

жоғарыда  айтып  өткен  барлық  қалған  қасиеттерін  осы  анықтамадан 

шығаруға болады.

Адам  –  қарама-қайшы  тіршілік  иесі.  Бір  жағынан,  ол  –  дене  және 

оған, басқа тірі тіршілік иелері сияқты, ауа, су, азық, ұрпақ жалғастыру 

және т.б. қажет. Екінші жағынан, ол рух та болып табылады: ол әлем 

туралы  ойға  шомады,  қоғамда  өз  орнын  табуға  тырысады,  қуанады, 

ренжиді, жаңа бірдеңе ойлап табады, жақсы көреді немесе жек көреді 

және  т.б.  Егер  хайуандар  ырықсыз  сезімдер  арқылы  қозғалса,  ал 

адам  өзін  әлеуметтік  нормаларға  бағындырады,  ол  өз-өзін  бақылауда 

ұстауға қабілетті.

Әйткенмен  адамның  бұл  ішкі  қарама-қайшылығы  әртүрлі 

философиялық ілімдерде түрліше ұғынылады. Мысалы, ортағасырлық 

философия,  бір  жағынан,  рух  иеленуші  адамды  тіпті  Құдайдың 

деңгейіне дейін жеткізсе, ал тән ретінде хайуаннан да төмен бағалайды.

жаңа  дәуір  философиясында  бұл  мәселеге  қатысты  қарама-

қайшы екі: биологиялық және әлеуметтік редукционизм (мағлұмат) 

көзқарасы пайда болады.

Биологиялық  редукционизм  адамның  мәнін  оның  тәнімен  байла-

ныстырады. Оны нәсілшілдіктен, ломброзиандықтан,

1

 әлеуметтік дар-



винизмнен, әлеуметтік биологиядан көруге болады.

нәсілшілдік өз нәсілінің басқалардан артықшылығын көрсетуге 

ұмтылады. Басқа ұлттарды отарлау негізінде еуропалықтар басқаларды 

жетілмегендер  деп  санайтын  ақ  нәсілшілдікті  тудырды.  Тәуелсіздік 

алуы  барысында  ақ  нәсілшілдікке  қарсы  қара  нәсілшілдік  шықты. 

«Негрлік» тұжырымдамасында қара адамдардың әлемді сезімдер мен 

ырықсыз  сезімдер  арқылы  игеретініне,  олар  музыкалық  ырғаққа, 

спортқа  көбірек  бейім  дегенге  сендіру  басым.  Сары  нәсілшілдік  ақ 

адамдар  пісе  қоймаған,  ал  қара  адамдар  күйіп  кеткен  деп  санайды. 

Бүгінгі  таңдағы  жаһандану  үдерістері  нәсілшілдіктің  қалдықтарына 

аяусыз  соққы  беру  үстінде.  Адамзат  барлық  халықтар  тарих  үніне 

1  Ломброзиандық  –  қылмыстық  жүйеде  Чезаре  Ломброзо  атымен  аталған  теория,  оған 

сәйкес,  қылмысқа  биологиялық,  анатомиялық-физиологиялық  факторлар  итермелейді  деп 

саналады.


394

өздеріне  тән  жауаптарын  беретін  маңызды  фактіні  көрсетіп  отыр. 

Әлемнің  жоғары  дамыған  елдерінің  қатарында  бүгінгі  күні  Оңтүстік 

Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) атауға 

болады. Адамзаттың ортақ біртұтас генетикалық тамырлары олардың 

бір-бірлерімен  үйлесімділігінен  (мулаттардың,  метистердің  дүниеге 

келуі) көрінеді. Кейде үйреншікті өмірде кездесіп қалатын адамдардың 

нәсілшілдік  пиғылдары  («қисық  көздер,  «қара  қожалақтар», 

«аққұлақтар»  дегендерді  айту  сияқты)  адам  өресінің  төмен  деңгейін 

немесе оның ұлтшылдық «ауруға» шалдыққанын көрсетеді.

Өткен  ғасырдың  басында  италиялық  психиатр,  антрополог  Че-



заре  ломброзо  қылмыскерлердің  өздерінің  биологиялық  табиғаты 

бойынша  қазіргі  адамдардан  төмен  тұратыны  туралы  идеясын 

ұсынды.  Олардың  жақ  сүйектері  ауыр,  қалың  қастары  бірігіп  кеткен, 

маңдайлары тар, қолдары ұзын болып келеді. Ондай адамдар қашанда 

әлеуметтік  ауытқушылықтарға  жақын  болғандықтан,  қылмысқа 

оп-оңай  барады.  Қылмыстарды  зерттеушілердің,  психиатрлардың 

кейінгі зерттеулері ондай тұжырымдардың толығымен негізсіз екенін 

көрсетті.  Қылмыскерлік  –  әлеуметтік  құбылыс.  Солай  болғанмен, 

ондай көзқарастарды ұстанатын адамдар әлі де бар.

әлеуметтік 

дарвинизм 

«өмір 


сүру 

үшін 


күрес», 

«тұқымқуалаушылық», «іріктеу» сияқты санаттарды қолдануға тыры-

сады.

әлеуметтік  биология  жоғары  ұжымдасқан  жануарлардың  да 

«әлеуметтік  қасиеттері»  бар  екеніне  сендіреді.  Мысалы,  жануар-

лардың  альтруистік  (төлін  қорғау  үшін  жануардың  өзінің  мерт  бо-

луы;  үйір  немесе  табын  ішіндегі  өзара  қамқорлық,  өзара  көмек 

сияқты)  ырықсыз  сезімдері  Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясының 

іргелі  қағидаларына  қайшы  келеді.  Іс  жүзінде,  өмірді  сақтап  қалу 

мақсатында  дербес  организмнің  қоршаған  ортаға  бейімделуінен 

үйірдегі өзара көмек қажеттіктері тумайды. Оның бұл ойымен келісуге 

болады.  Сондықтан  ол  тиімді  эволюцияның  қоршаған  ортаға  дербес, 

ұжымдасып  және  үйір-үйір  болып  бейімделу  арқылы  мүмкін  бола-

тынына  сендіреді.  Олай  болса,  әлеуметтіктің  бастамасы  алдымен 

алғашқы  қауымдық  үйірде  пайда  болады.  Ондай  идеялар  даму  тео-

риясына  қайшы  емес,  өйткені  жаңаның  ұрықтары  қашанда  ескінің 

қойнауында жатады. Алайда бұдан әлеуметтік туралы алысты болжай-

тын,  маңызды  негіздері  биологиялық  үдерістерге  кететін  қорытынды 

жасаудың қажеті жоқ.


395



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет