ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

әлеуметтік  редукционизмге  келсек,  онда  маркстік  философия 

оның айқын үлгісі болып табылады. Бұл теорияда адамның мәні «нақты 

тарихи  өмір  сүретін  қоғамның  «қоғамдық  қатынастар  ансамблін» 

құрайды  деп  сендіреді,  яғни  оның  әлеуметтік  сипаты  танылады.  Бұл 

қағида К.Маркстің коммунистік теориясында маңызды фактор ретінде 

жатыр.  Ол:  Коммунизм  тұсында  өндіргіш  күштерді  өркендетудің 

жоғары  деңгейіне  ғана  қол  жетіп  қоймайды,  сонымен  бірге  «жаңа 

адам» пайда болады, өйткені қоғамдық меншікке негізделген әлеумет 

оны  қажеттілікпен  қалыптастырады»,  –  деген  тұжырым  жасайды. 

Сондықтан  әлеуметтік-саяси  салаға  (мемлекет,  құқық,  түрме  және 

т.б.)  деген  қажеттілік  жойылады,  ал  адамдар  арасындағы  қатынастар 

моральдық нормалармен ғана реттеледі.

Бұрынғы кеңестік қоғамда коммунистік тәрбие беруде орасан үлкен 

жұмыс  атқарылды,  еңбек  ұжымдарында  «жаңа  адам»  қалыптастыру 

мақсатында  миллиондаған  дәріс  оқылды.  Алайда  адам  соған  дейін 

қалай болса, сондай қалпында қалды.

Бүгінгі  күні  адамның  биоәлеуметтік  табиғаты  танылды.  Адам 

тәнінің өмір сүруі биологиялық заңдылықтарға бағынады. Күнделікті 

өмірде  адамның  табиғат  өзгерістеріне  (атмосфералық  қысымның 

өзгеруі,  геомагниттік  толқулар,  Күн  сәулесінің  белсенділігі  және 

басқалары)  тәуелділігін  көру  үшін,  дәрігер  болудың  қажеті  жоқ. 

Адамның өмірлік кезеңдері де биологиялық заңдарға (жарық дүниеге 

келу,  балалық  шақ,  есею,  қарттық,  дүниеден  өту  сияқты)  тәуелді. 

Өмірге келетін әрбір адамның қайталанбастығы да оның ата-анасынан 

алған  генетикалық  ерекшеліктеріне  байланысты.  Ондай  мысалдарды 

жалғастыра беруге болады.

Сонымен  бірге  адамның  өмір  сүруі,  қалыптасуы  және  дамуы  ба-

рысында  әлеуметтік  факторлар  үлкен  рөл  атқарады.  Егер  алғашқы 

қоғамда  адамның  орташа  өмір  сүру  жасы  25-ке  теңелсе,  ал  қазіргі 

дамыған  елдерде  75-78  жасқа  жетеді!  Егер  сәби  ерекше  музыкалық 

дарыны болып туса, онда оны дамытуға тиісті жағдайлар туғызылса, 

ол  баладан  тамаша  композитор  немесе  орындаушы  шығады.  Бірақ 

егер ондай жағдайлар туғызылмаса, ол ары кеткенде, кафе музыканты 

бола  алады.  Тарихтың  мыңжылдықтарында  қаншама  дарынды  адам-

дар  дүниеге  келді  десеңші!  Қоғамда  оларды  дамытатын  жағдайлар 

болмағандықтан, «ашылмаған гүл іспетті», олар дарынын көрсете ал-

мастан сөніп қалды. Әлі күнге дейін бұл мәселе кез келген қоғамның 

«ақтаңдағы» болып келеді.



396

Қазіргі замандағы адамзаттың әлеуетті ғылыми-техникалық дамуы 

осы  заман  адамы  үшін  әлем  тарихында  теңдесі  жоқ  қауіп-қатерлер 

туғызады.  Олардың  ішінде  бастысы  –  мәні  бойынша  қаруланудың 

құртып-жоятын,  адамға  жат  түрлерін  жасау.  Еген  бұрын  бір  жерлер-

де  соғыс  жүріп  жатса,  адамзат  сонда  да  тарихтың  жалғасатынына 

күмәнданбайтын.  Бірақ  қазір,  ядролық  соғыстың  ғылыми  болжамы  

бастауында жер бетіндегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін.

Екінші қауіп – экологиялық апат мүмкіндігі, өйткені ауа мен судың 

ұлттық шекаралары жоқ. Бір жағынан, адам – біздің арғы анамыз бо-

лып  табылатын  Табиғаттың  үзілмейтін  бөлшегі.  Екінші  жағынан,  са-

налы  болғандықтан  және  әлемді  тани  отырып,  біз  көп  жағдайда  оны 

өзгертеміз,  бірақ  жақсы  жаққа  қарай  емес.  Жанды  табиғат  әлсіреді, 

өсімдіктер  мен  жануарлардың  көптеген  түрлері  келмеске  кетті.  Көп 

ғасыр  бойы  адамзат:  «Табиғат  –  сарқылмайтын  байлық»,  –  деп  ойла-

ды. Алайда бұл ой жалған болып шықты. табиғат жай ғана «қоршаған 

орта» емес, – ол барлық элементтері миллиардтаған жылдар бойы бір-

бірімен табиғи байланысқан орасан үлкен жүйе, ал адам соның ішінде 

өмір  сүреді.  Сол  себепті  өмірдегі  ғылыми-техникалық  жетістіктерді 

пайдалану стратегиясын құрмай, адамзат өз-өзін құртуға жетеді.

Үшінші,  әлі  күнге  дейін  терең  зерттелмеген  қатер  –  адамның 

биоәлеуметтік  табиғатын  сақтау  мәселесі.  Кейбір  ғалымдар  оны 



«антропологиялық  тоқырау»  деп  атайды.  Оның  мәні  жыл  сайын 

техниканың  жаңа  түрлерін  пайдалана  отырып,  адамның  өз  өмірін 

қиындата түсетіндігінде жатыр. Ол, әрине, олардан көбірек рақат ала 

түскенмен, алайда ол жаңалықтардың теріс зардаптарын байқамайды. 

Адам табиғатты терең өзгерткен сайын, өмірдің сапасын төмендететін 

теріс әлеуметтік факторлар көбірек пайда болады.

Қазақстандық қоғамды алып қарасақ, онда бүгінгі күні адамдардың 

табиғи  дарындарын  көрсетуге  кең  мүмкіндіктер  туып,  әрбір  жеке 

тұлғаның  өз  шығармашылығының  бастамашыл  дарынына  жол 

ашылған.  Тәуелсіздік  жылдары  ішінде  қаншама  жастар  спортта, 

мәдениетте,  білім  алуда,  саясатта,  экономикада  шығармашылық 

табыстарға  жетті!  Алайда  егер  біз  республикада  адамның  жетілуінің 

көлеңкелі  жақтары  туралы  айтпасақ,  ол  шындықтың  жартысы  ғана 

болар еді. Мысалы, туберкулез, гепатит сияқты «әлеуметтік аурулар-

ды» алып қарасақ, су қорларын, ауаны тазартпай, адамдардың тұрмыс 

жағдайын жақсартпай, біз ол ауруларды жеңе алмаймыз.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  әрдайым  адамның  биоәлеу-

меттік табиғатын бір-бірінен ажыратпай қарауымыз керек.



397

Адам  қоршаған  ортаны  тани  отырып,  кеңістік  пен  уақыттың 

шеңберінен шығуға тырысып, ол туралы түсініктер мен бейнелер ту-

дырады,  оның  заттар  мен  құбылыстардың  ішкі  мәнін  ашып  көрсете 

алатын  қабілеті  де  бар.  Ол  барлық  мүмкін  болатын  құндылықтарды 

жасап, соларды басшылыққа алады, кейде сол құндылықтарды сақтау 

жолында  өзін  құрбан  етуге  де  әзір.  Адам  –  өзінің  өлетінін  білетін 

тіршілік иесі, осы маңызды факт оның жан дүниесінде өмір мен өлім 

туралы  ойларды  тудырады.  Осы  айтылғандар  бізді  адамның  өмір 

сүруінің  мағынасы  туралы  мәселеге  жақындата  түседі.  Бұл  мәселе 

бұрынғы  өткен  ғасырларда  да  талқыланған,  адамзат  өмір  сүретін 

болашақта да көтеріле бермек.

Өмірдің  басқа  формалары  сияқты,  адам  өзінің  алуан  түрлі 

қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Алайда  байлыққа,  тоқшылыққа 

жету  –  адамның  барлық  мұқтаждықтарын  өтемейді,  оның  өмірінің 

мәнін  құрай  алмайды.  Оның  сыртында  рухқа  негізделген  көптеген 

әртүрлі қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктерді зерттеуші американдық 

ғалым  А.Маслоу  адам  қажеттіліктерінің  төменнен  жоғарыға  қарай 

орналасқан келесі тәртібін жасаған-ды:

1.  Ең  төменгі  физиологиялық  (тыныс  алу,  тамақтану,  қозғалу,   



баспана салу, ұрпақ жалғастыру) қажеттіліктер. 

2.  Экзистенциалдық  (қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  ертеңге 



болашаққа сеніммен қарау, өмір шарттарының және айналадағы адам-

дармен өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы) қажеттіліктері. 

3.  Әлеуметтік  (басқа  адамдармен  байланыста  болу,  олардың  та-



рапынан танылу) қажеттіліктер. 

4.  Бедел-абыройға  жету  (өзі  үшін  маңызы  бар  адамдардың  ор-



тасында  болу,  мансап  баспалдағымен  көтерілу,  өз  тұлғасының 

маңыздылығын басқаларға таныту) қажеттіліктері.

5.  Рухани  (тұлғаның  шығармашылық  дарындарының,  қабілет-



терінің ашылуы) қажеттіліктер.

А.Маслоу  бойынша,  егер  төменгі  қажеттіліктер  қанағаттандырыл-

маса, онда адам үшін жоғарғылары қызықты емес. Қанағаттандырылған 

қажеттіліктер  сарқылып  біткен  соң,  адамды  одан  да  жоғарырақ 

қажеттіліктерге  итермелейді.  Қоғамның  даму  деңгейіне  қарай,  егер 

негізгі  қажеттіліктер  қиындық  тудырса,  онда  олар  адам  өмірінің 

мәніне  айналуы  мүмкін.  Бүгінгі  күні  қанша  адам  «нан  табу» 

мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны, сірә, қоғамның тарихи 

қалыптасқан кемшілігі деп қарау керек шығар.

Сөйтіп, адам болмысының ең жоғарғы мәні – бастау-бұлақтарын да-

мытып, сол арқылы өз тұлғасының рөлі мен орнын айқындап, өмірден 


398

қанағат  ала  отырып,  шығармашылық  деңгейге  дейін  көтерілу.  Ондай 

адамдарға тән қасиеттер:

•  өмірдің әр күнін құрметпен және қуанышпен қарсы алу;

•  басқаларды  өзіңдей  бағалау,  тәуелді  болмау,  сонымен  бірге   

айналадағы адамдардың пікіріне құлақ асу;

•  өз өміріңді арнаған істі сүю және мамандығыңды шығармашылық 



деңгейде  меңгеру.  Өзіңнің  шығармашылық  қабілеттеріңді  ары  қарай   

дамыту мақсатында өз-өзіңді жетілдірумен шұғылдану;

•  қашанда Шындыққа, Жақсылыққа және Әсемдікке ұмтылу;

•  әрдайым  қарапайым  және  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  

жасауға дайын болу.

Австриялық  ғалым  В.Франкл  адам  өмірінің  мағынасы  жайын-

да  арнайы  кітап  жазды.  Осы  заман  адамының  өмір  қарекетін  қарай 

келіп,  ол  оның  айтарлықтай  қиындықтарын  көрді.  Қазіргі  адам  жан-

жануарлар құсап ырықсыз сезіммен өмір сүре алмайды, әдет-ғұрыптар 

мен дәстүрлер адам өмірін айқындайтын өткен қоғам да артта қалған. 

Сондықтан  ол  басқалар  сияқты  болғысы  келеді  (конформизм)  неме-

се  жоғарыдағылардың  қалағанын  істегісі  келеді  (тоталитаризм).  Ол 

(Батыстың адамы туралы айтылып отыр) рухани тоқырауға ұшыраған, 

өмір мағынасын іздеумен жүр. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық 



вакуумға»  (ішкі  бос  қуыс,  өмір  мәнін  жоғалту  –  В.Франкл  енгізген 

термин)  түскен.  Ондай  адам  әлеуметтік  ауытқушылыққа  (ішімдікке, 

нашақорлыққа  салыну,  қылмыс  істеу,  Құдайды  іздеу,  өз-өзін  өлтіру 

және  т.б.)  тап  болады  (қараңыз:  В.Франкл.  Человек  в  поисках  смыс-    

ла. – М., Прогресс, 1990).

Батыс елдерінде адамдардың көпшілігі өмір мағынасын байлықтан 

іздейді. бұл – жалған өмірлік бағдар. Мысалы, ата-ана баласы үшін 

барлық  қолайлы  материалдық  жағдайды  жасап,  қалағанын  сатып 

алып  береді  де,  сонымен  өз  міндетін  атқарғандай  болады.  Ал  бірақ 

баласының  жан  дүниесінде  не  болып  жатқанынан,  нені  армандайты-

нынан,  кім  болғысы  келетінінен  хабарсыз.  Баланың  жанын  түсінуге 

және  қалыптастыруға  олардың  уақыты  жоқ.  Нәтижесінде,  жылдар 

өтіп, бала есейеді, балалық қиялдары артта қалады, бірақ адам тұлға 

болып қалыптаса да, өмірдегі өз орнын таба да алмайды.

Мәселенің  төтенше  қиындығы  –  адамға  өмір  мағынасын  беруге 

болмайтындығы:  ол  оны  өзі  іздеп,  өзі  табуға  тиіс.  Осы  дүниеге  кел-

ген әрбір адамның өзінің белгілі орны бар, демек, оның өзіндік «өмір 

мағынасы»  бар.  Өмір  соқпақтары  қандай  бұрмалаң  болса  да,  адам  өз 

орнын іздеп табуға тиіс. Біреу өмір мағынасын балаларын тәрбиелеуден 


399

көрсе, екінші бір адам өзінің шығармашылық жетістігінен, ал үшіншісі 

сүйікті адамы үшін өмір сүруден көреді.

В.Франклдің ойынша, тым жалпылама айтқанда, өмірдің мағына-



сын үлкен үш топқа ажыратуға болады. жоғарғы мағына – тұлғаның 

шығармашылық  құндылықтарға  жетуі,  яғни  бұрын  өмірде  болма-

ған  өзгеше  жаңалық  ашу.  Ол  үшін  адам  дарыны  мен  талантын  кең 

ашып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  өз  мамандығын  терең,  кәсіби 

деңгейде  меңгеруге,  соның  шыңына  көтерілуге  тиіс.  Негізінен,  бұл  – 

таңдаулы топ өкілдеріне тән қасиет.

Алайда  кең  мағынасындағы  шығармашылық  –  адамның 



тектік қасиеті. Сондықтан әрбір адам сүйікті ісімен айналысып қана 

шығармашылық деңгейіне көтеріле алады. Мысалы, тиянақты оқушы 

адамзатқа  ежелден  белгілі  күрделі  математикалық  есепті  шешеді. 

Алайда ол басқалардың көмегіне жүгінген жоқ, ол берілген есепті өзі 

үшін  жаңадан  ашқандай  болды.  Ол  соны  іске  асырды,  енді  өзін  жа-

сампаз адамдай сезінеді! Үй шаруасындағы әйел әсемдік журналдары 

беттерінде жарияланған өрнектерді үйреніп, көп жыл бойы өз балала-

ры үшін жылы киім тоқып келді. Жылдар өте келе, әлдебір сәтті күні 

ол өз өрнегін ойлап табады. Ол жаңа туындыны дүниеге әкелді! Оның 

өрнегі  журнал  беттеріне  шықпай-ақ  қойсын,  бірақ  ол  бәрібір  соның 

өрнегі ғой! Егер адам кертартпалыққа негізделген әлдебір істі өзінше 

істеуді қолға алса, бұл да кең мағынасындағы шығармашылық болып 

шығады. 

Бірқатар  жағдайларда  адам  алдына  қойған  мақсаттарына  жете 

алмайды,  ол  өзін  өмірінің  мағынасын  жоғалтқандай  сезінеді.  Он-

дай  жағдайда  ол  бұл  мақсатқа  деген  көзқарасын  өзгертіп,  оны  басқа 

мақсатқа  ауыстырса,  барлық  қиындықтары  артта  қалады.  Бұны 

В.Франкл  «көзқарас  құндылықтары»  деп  атайды.  Мысалы,  бір 

сұлу  қызға,  мысалы,  егер  құндыз  ішік  сатып  алса,  «өмір  шыңына» 

шығатындай  көрінеді.  Алайда  күндер,  айлар  өткенмен,  қыздың  арма-

ны орындалмайды, ол жүйке ауруына шалдығады, бар ойы – сол ішік. 

Бірақ  ол  сол  мақсатқа  деген  көзқарасын  (мүмкін,  оған  аң  терілерінен 

киім  кию  үшін,  аңдарды  өлтірудің  қажеті  жоқ  деп  есептейтін  Джина 

Лолабриджеден  үлгі  алу  керек  шығар)  өзгертіп,  басқа  нәрсені  мақсат 

етсе  (мысалы,  құндыз  ішіктің  орнына,  жасанды  теріден  жасалған 

ішікті сатып алуды ойласа) болды, барлығы да өз орнына келе қалады, 

ал біздің сұлу бикешіміз қайтадан тыныш ұйықтайтын болады. 

Адамдар  кейде  өмірде  қорқынышты  түсінде  де  көрмеген 

жағдайларға  (апаттар,  цунами,  жер  сілкінісі,  түрме,  қатерлі  ісікпен   


400

ауыру және т.б.), сол жағдайлардан шыға алмайтын қиындықтарға тап 

болады. Өмірінің соңында адамның бәрібір «қасіретті үштік» деп ата-

латын азап, кінә және өлімнен құтыла алмасы анық болса да, ол өмір 

мағынасын жоғалтқандай күй кешеді, кеудесі – бос қуыс, күйзеліс жа-

нын жегідей жейді. В.Франкл айтқандай, «тіпті осындай адам төзгісіз 

жағдайларда да, өмірдің мағынасын жоғалтуға болмайды». Олай болса, 

«күйзелістер құндылығы» дегенге көшу керек, ол кезде күйзелістің 

өзін  жан  дүниесін  тазарту  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.  Өз-

өзімен іштей сөйлесуге көше отырып, күйзелуші адам көп заттардың 

құндылықтарын  қайта  бағалай  біліп,  өмірдің  жаңа  мағынасын  таба 

алады.

Ал  енді  үлкен  экзистенциалдық  мәселе  –  адамның  өлімі  және 



ажалсыздығына келейік.

Кез келген өмірдің ерте ме, кеш пе, өліммен аяқталатынын әркім де 

біледі. «Дүниеге келу де бар, кету де бар», – дейді қазақ мәтелі. Бұл – 

табиғат заңы. Біз оны өзгерте алмаймыз. Әрине, бұл – қасірет, әсіресе 

жақын  адамдардың  өлімі.  Біз  енді  ешқашанда  оларды  көре  де,  арала-

са да, қуаныш-ренішімізді бөлісе де алмаймыз. Бәрі де келмеске кетті, 

дәл сол кезде біз өзімізді де осындай тағдыр күтіп тұрғанын күйзеле 

түсінеміз.

Сонымен бірге, егер біз «мәңгілік өмірді» таразыға салып, сол ту-

ралы терең ойлансақ, онда оның ақылға сыйымсыздығын білер едік: 

ол ең қорқынышты тозақ болар еді. Мәңгілік өмір сол өмірдің мағынасы 

мәселесін  жояды.  Олай  болса,  бірде-бір  дәрісханада  бірде-бір  студент 

қалмайды: асығудың керегі не – алда мәңгілік өмір күтіп тұр. Мәңгілік 

өмір адамзаттың бүгінгі өткір мәселелерін бейжай қабылдауға әкеліп 

соқтырады: бәрі қара балшыққа батады. Сіз: «Көбірек өмір сүру жаман 

болмас еді!» – дерсіз. Бұл тілегіңізбен келісуге болады. Алайда мәселе 

өмірдің  ұзақтығында  емес,  оның  сапасында  жатса  керек.  Алжығанға 

дейін ұзақ өмір сүруге болады, әрине. Бірақ бұл кімге керек?!

Мәселеге  терең  көзқарас  өмір  мағынасы  мәселесінің  өзі  адамның 

ажалды екені туралы маңызды фактіден келіп шығатынын көрсетеді. 

«Сана  берілген  адам»  өз  өмірінің  уақытпен  шектеулі  екенін  түсінеді 

және  «Ұлы  Мәртебелі  Табиғат»  сыйлаған  әрбір  сәтті,  сағатты,  күнді 

тиімді  пайдалануға  ұмтылады.  Шындығында,  өмір  –  баға  жетпес 

байлық, оның баламасы – уақыт қана. Адамзат тарихында өздерінің 

ғаламат  туындыларын  дүниеге  әкелген  алыптардың  өмірлерінің 

шектеулілігін  білгендіктен  де,  үлгіріп  қалуды  ғана  ойлап,  ғаламат 

еңбектерін  аяқтағанын  тарихтан  білеміз.  Егер  олар  мәңгі  өмір  сүрсе, 



401

мүмкін,  өздерінің  ұлы  туындыларын  бастамаған  да  болар  еді!  Анти-

ка стоиктері: «Өлімді ұмытпа!» – деп айтып кетті. Бұл әрбір айтылған 

сөзді,  істелген  істі  соңғы  рет  айтылып  тұрған  сөз  немесе  соңғы  рет 

істеліп  жатқан  іс  деп  елестету  керек  дегенді  білдіреді.  Егер  осының 

барлығын  іс  жүзіне  асыра  алғанда,  адамдардың  өзара  қарым-

қатынастарындағы көптеген қолдан жасалған қиындықтар болмас еді. 

Өздері  қастарынан  байқамай  өтіп  бара  жатқан  ұсақ-түйектерге  көңіл 

аударатын да, дүниенің өлшеусіз, ғажап әсемдігін өткір сезінер де еді.

Бұл әлемде өмірдің кез келген формасы ұрпақтар ауысымы арқылы 

жалғасып  жатады.  Табиғаттың  дана  құдіреттілігі  де  осында.  Алға 

өрлеу де, өркендеу де соған орай іске асады.

Әрбір  адам  өлімді  тыныс  алу  мен  жүрек  соғысының  тоқтауы, 

сананың  сөнуі  деп  елестетеді.  Бірақ  адамның  миына  қан  құйылып, 

есінен  танып,  сана-сезімі  сөнсе  де,  өмір  сүруін  жалғастыратын 

жағдайлар  кездеседі:  ол  тыныс  алып  жатыр,  жүрегі  соғып  тұр. 

Кейбіреулер  адамның  осындай  жай-күйін  «тірі  өлік»  деп  атайды, 

өйткені енді тұлға жоқ.

Кемеңгер  Платон  философияның  бізді  лайықты  өлуге  үйрететіні 

туралы ой айтқан. Бұнда терең мағына жатыр.

Бір  адамдар  өмірлерінің  алғашқы  жартысын  «бір  гүлден  екінші 

гүлге секіріп» жүретін көбелектерше өткізеді. Жастық шақтың желігі 

басылып, қырыққа таяғанда, әлдебір үлкен істі бастаған болады, бірақ 

оны аяқтау – оған бұйырмаған шаруа. Босқа өткен жастық шағын опы-

на еске алып, мақсаттарына жете алмаған күйі ол өмірден «аһ-оһ» деп 

үһлеумен өтеді.

Екіншілерге өлім қорқынышын аттап өтуге діни сенімі көмектеседі. 

Олар  жандары  өлмейтініне,  мәңгілік  өмірге  ие  болатынына  сеніп, 

өмірмен  қиналмай  қоштасады.  Ал  мәңгілік  өмірдің  не  екенін  біз 

жоғарыда айттық.

Үшіншілердің  ойынша,  адам  бұл  өмірге  бір-ақ  рет  келетіндіктен, 

өмірдің әр сәтінен ләззат алып өмір сүру керек, яғни олар гедонистік 

бағдар ұстанады. Бірақ кейде ондай адамдар шіркеуге немесе мешітке 

(кім  біледі,  мүмкін,  Құдай  бар  шығар?)  барады,  қайыр-садақа  береді, 

содан кейін қайтадан бұрынғы өміріне оралады. Алайда жандары жай 

таппайды,  олар  да  бәрібір  болашақтағы  өлімнің  суық  лебінен  қашып 

құтыла алмайтынын түсінеді.

Енді Платонның философиялық дайындығы жақсы адамына келсек, 

ол өз өмірінің Табиғатпен, Ғаламмен байланыстылығын түсінеді және 

өзін өмірдің жаһандық мұхитына тамған, одан үзілмейтін бір тамшы-



402

дай сезінеді. Бұл оны терең нұрландырып, өлімнің заңды және әділетті 

екенін түсінуге жеткізді. Ондай адамды өлім қорқыта алмайды.

Өмірлік  тағдыр  шеңберінде  бұл  өмірде  өзінің  қарапайым  қолтаң-

басын  қалдыру  үшін,  қолынан  келгеннің  бәрін  істейтін  адамдар  бар. 

Олар қуанышты да, қайғы-қасіретті де, шабыт пен күйзелісті де ба-

сынан  өткізіп,  өмірінің  соңына  қалжырап  шаршаған  күйде  жетеді. 

Ешқандай  өкініш  және  реніш  жоқ.  Олар  шамалары  келгеннің  бәрін 

істеді.  Іске  аспаған  жоспарларына  келсек  (олар  әркімде  де  бар, 

қазақтар  айтқандай,  үмітсіз  –  шайтан  ғана),  өмірден  алған  тәлімі 

мол болған соң, олар қашанда солай болатынын түсінеді. Олар – нағыз 

адамдар. Ондайлар қашанда басқалардың есінде сақталады.

XX ғасырдың соңғы үшінші бөлігінде Батыста «аутоназия» (auto – 

өзі, nazia – өлім), орыс әдебиетінде «эвтаназия» деп айтылатын термин 

пайда  болды.  Бұл  мәселе  Батыстағы  университеттер  қабырғасында 

кең  талқыланып  жатыр.  Ал  ең  «азат»  ел  –  голландияда  тіпті  ауто-

назия туралы заң қабылданды. Әңгіме адамның өмірден қоғамның 

келісімі  және  көмек  етуі  арқылы  өз  еркімен  кетуі  туралы  болып 

отыр.  суицид  (өзін-өзі  өлтіру)  әрекетінде  қоғамның  бұған  келісімі 



жоқ. Кең философиялық тұрғыда аутоназия тәндік-сезімдік бағыттағы 

Батыс  адамының  өмір  бағдарламасынан  келіп  шығады.  Қысқаша 

айтқанда,  өмірден  мейлінше  көп  рақат,  ләззат  алуға  ұмтыла  отырып, 

Батыс  адамы  қартайған  шағында  да  еш  қиналмастан,  тәтті  ұйқыда 

жатып  болмыссыздыққа  кеткісі  келеді.  Бұл  мәселені  біз  де  талқылап 

көрейік.


Бір  қарағанда,  Батыс  өркениеті  қоғамды  ары  қарай  адамгершілік 

қағидаларына  бұру  жолында  тағы  бір  үлкен  қадам  жасаған  сияқты. 

Шындығында,  қатерлі  ісікке  шалдыққан,  адам  төзгісіз  зардап  шегіп 

жатқан  немесе  жақын-жуықтары  қалмаған  және  ешкімге  керегі  жоқ 

кәрі адамға неге көмектеспеске?

Алайда бұл мыңжылдықтар бойы адамзат жинақтаған тәжірибеге, 

көрегендікке  және  түйсікке  қайшы  келеді.  Адамға  өмірінің  соңына 

қарай  күйзеліс,  кінә  және  өлім  (алдында  айтылған  қасіретті  үштік) 

күйін  сезіну  бұйырған,  ешкім  де  одан  айналып  өте  алмайды.  Бұл  да 

сол  адамның  айналасындағы  жақын  адамдардың  ақыл-естері  мен 

сезімдеріне  күшті  әсер  ететін  өмірлік  тәжірибенің  біл  бөлшегі  емес 

пе. Соңғы күйзелістерден өту – адамның рухын шексіз арттырады



оның жанының тазаруына жеткізеді және өмірден лайықты абырой-

мен өтуге мүмкіндік тудырады. 

403

Екіншіден,  бұл  дүниеде  тән  мен  қаннан  жаралған  адамнан  артық 

құндылық  жоқ.  Ендеше,  қоғамның  оның  өмірін  қиятын  қандай  құқы 

бар?


Үшіншіден, бұл құбылысты заңдық тұрғыда қоғам өміріне енгізу – 

тым  өткір  моральдық-психологиялық  зардаптарға  соқтыруы  мүмкін. 

Мысалы,  сол  зардаптар  ретінде  адамның  дене  мүшелерін  кең  сатуды 

немесе  психологиялық  қысым  жасау  арқылы  адамдарды  өз  еркімен 

өмірмен  қоштасу  туралы  шешім  қабылдауға  мәжбүрлеу  сияқты 

әрекеттерді айтуға болады.

Бұл мәселені семинарларда талқылау, сұрақты жалпылама, дерексіз 

қою  барысында  студенттердің  оны  адамгершілікті  іс  санап,  ол  идея-

мен  келісетінін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Бірақ  сұрақ:  «Сіздің  анаңыз 

немесе басқа жақын адамыңыз ауыр науқас болса, аутаназияға келісер 

ме  едіңіз?»  –  деп  нақты  қойылғанда,  қашанда  дерлік  теріс  жауап 

қайтарылады.

Енді адамның ажалсыздығы туралы мәселені талқылайтын уақыт 

келген  сияқты.  Бұл  мәселенің  адам  өмірінің  мағынасымен  байланы-

сы  бар  екені  айдай  анық.  Егер  осы  дүниеге  келген  адам  артында  із 

қалдырмаса, оның жауын құртынан айырмашылығы бар ма?!

Ажалсыздық  мәселесі  кез  келген  діннің  қасиетті  өзегін  құрайды. 

Ешкім  ешқашанда  Құдайдың  бар  немесе  жоқ  екенін  дәлелдей  алмай-

ды, бірақ жер бетіндегі миллиардтаған адам Оған сенеді, өйткені ажал-

сыз болғанды, жоқ дегенде, жаны өлмегенін қалайды. Ажалсыздықтың 

бастаулары  алыс  замандағы  алғашқы  қауымдық  қоғамға,  адамдар 

ажалдан қорқа бастаған уақытқа кетеді.

Ертедегі Үндістан мен Мысырда өлгеннен кейін адамның жанының 

басқа  денеге  ауысатыны  туралы  идеялар  қалыптасқан.  Бұдда  діні 

адамның  жаны  бір  денеден  екінші  денеге  ауысқанда,  күнәларынан 

көбірек тазарады деп санайды. 

Ертедегі  гректер  адам  өлгеннен  кейін  оның  екінші  өмірі  баста-

латынына  сенген.  Құдайлар  мен  адамдар  арасында  ерекше  үлкен 

айырмашылықтар  жоқ.  Өлген  соң,  жақсы  адам  құдайлар  қатарына 

өтіп, өзінің өлмейтін күйіне жетеді.

Бүгінгі әлемдік діндер (христиандық, ислам және бұдда діні) адам 

өлгенмен,  оның  жанының  өлмейтініне  сендіреді.  Дегенмен  әлемдегі 

бірде-бір  дін  әлі  күнге  дейін  адамға  өмір  мен  өлімнің  не  екенін 

ұғынықты етіп түсіндіре алмай келеді.

Бұл  мәселе  бойынша  идеалистік  философияның  ұстанымы  діни 

ұстанымға  жақын.  Алайда  адамзаттың  көп  мыңдаған  жылдар  бойы 



404

жинақтаған  тәжірибесінде  өлген  адам  тірілген  емес,  ал  қазіргі  за-

ман  адамының  ажалсыз  жанның  денеден  тыс  және  одан  бөлек  өмір 

сүретініне сенімі аз.

Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы 

заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті адам тәнінің де бұл 

өмірден  мүлдем  жоқ  болып  кетпейтінін  нық  сеніммен  айта  аламыз. 

Біздің  бейнеміз,  мінез-құлқымыз,  дауысымыз,  іс-әрекетіміз,  дене 

тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз ба-

лаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.

Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың 

туындылары  қашанда  адамзат  тарихында  өмір  сүруін  жалғастыра 

береді.  Солар  құрған  құндылықтардан  біз  мәңгіліктің  жылы  лебін 

сеземіз.  Егер  миллиондаған  қарапайым  адамдардың  тағдыры  туралы 

сөз  қозғасақ,  онда  олардың  өлместігі  –  айналасындағылардың  есінде 

сақталатын олардың қайырымды істерінде.

Әрине,  біз  осылардың  барлығын  да  ақылымызбен  түсінеміз,  бірақ 

адам нақты ажалсыздық туралы армандайды және барлық үміттерін 

қазіргі  заманғы  ғылымға  бағыттайды.  Әсіресе  жылдам  қарқынмен 

дамып  келе  жатқан  генетика  адамға  оның  өмірін  белгісіз  уақытқа 

ұзартуға уәде береді.

Айтылғандарды  қорыта  келе,  нақты  ажалсыздықтың  әлемнің 

миллиардтаған  жылдар  бойғы  дамуы  барысында  қалыптасқан  іргелі 

де  маңызды  заңдарына  қайшы  келетінін  растауымызға  болады.  Бізге 

берілген  баға  жетпес  сый  –  өмір  жайында  және  оның  кеңістік  және 

уақытпен  шектелген  аясында  осы  өмірде  ізін  қалдыратын  жақсылық 

жасаудың  бақытты  мүмкіндіктері  туралы  айтқанымыз  дұрыс  болар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет