ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет46/47
Дата06.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#8195
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

анализ  (талдау)  –  зерттеу  нысанасын  бөлшектеуден  тұратын 

ғылыми  танымның  маңызды  әдістерінің  бірі.  Ол  қашанда  мазмұн 

деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бір құрамдас бөлшектерге, 

элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.



антиинтеракционализм – соған сәйкес философия мен ғылымның 

мақсаттары  бойынша  әртүрлі  болатыны  соншалықты,  олардың  ара-

сында  ешқандай  ішкі  байланыс  бола  алмайтын  философия  мен 

ғылымның  арақатынасы  тұжырымдамасы  (экзистенциализмнің, 

мәдениет  философиясының,  құндылықтар  философиясының,  өмір 

философиясының өкілдері және т.б.).



414

антиципация – болашақ оқиғалар субъектісін, «саңырауқұлақтың» 

ішкі  және  сыртқы  жай-күйін  күнібұрын  біліп  отыру;  бірдеңе  туралы 

алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір.

антроптық  ұстаным  –  қазіргі  заманғы  космологияның 

(әлемнің  құрылымы  мен  дамуының  жалпы  заңдылықтары  туралы 

ілім  және  астрономияның  осы  ілімге  арналған  саласының)  негізгі 

тұжырымдарының  бірі.  Соған  сәйкес  Ғаламның  онда  адамның  өмір 

сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.

антропологизм  –  1)  Адам  теориясының,  оның  мәнінің,  өмір  сүру 

тәсілдері  мен  мағынасының  жалпы  теориясы  ретіндегі  философия 

нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық 

танып  білуге,  олардың  адами  өлшемдегі  мағынасы  мен  маңызын 

іздеуге деген ұстаным.

апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпирия-

лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.



апперцепция  –  кез  келген  әрекеттің  нақты  бір  субъектінің 

алдыңғы  жинақтаған  өмірлік  тәжірибесіне  немесе/және  оның  өмір 

сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.

ар-ождан  –  моральдық  сана  мен  этика  санаты  ұғымы.  В.Даль 

бойынша,  «адамның  ішкі  адамгершілік  қадір-қасиеті,  қажыр-қайрат, 

адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық 

танымдағы  табиғи  қажеттіліктері  салдарының  көрінісі  сияқты 

атаққұмарлықтан  ажырата  білу  керек.  Атаққұмарлық  ізгіліктен  бас-

тап  көргенсіздікке  (теріс  қасиет  деп  бағаланатын  менмендікке)  дейін 

әртүрлі деңгейде көрінеді.

әдістеме  –  1)  танымның  ғылыми  әдісі  туралы  ілім;  2)  әлдебір 

ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.



биофилософия  –  дүниетанымдық,  адамгершілік  және  эпистемо-

логиялық  мәселелерді  шешу  барысында  бастапқы  негізгі  ұғымы 

оның  ғылыми-биологиялық  түсіндіруінде  деген  сенімнен  шығатын 

табиғи  бағытталған  философияның  бір  нұсқасы.  Биофилософия  осы 

мағынасында  XIX  ғасырдың  аяғында-ақ  дарвинизмнің  әсерімен  және 

соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта 

биофилософия  қалыптасатын,  кемінде,  үш  дербес,  бірақ  өзара  байла-

нысты:  1)  биологияның  немесе  биология  философиясының  филосо-

фиялық  мәселелерін  зерттеу;  2)  адамға  және  адам  мәдениетіне 

байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз 

кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір құбылысын 


415

зерттеу  және  өмірді  зерттеу  барысында  жинақталған  ұғымдарды 

күрделі  табиғи,  әлеуметтік  және  мәдени  жүйелердің  бүкіл  тобына, 

оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.



биоэтика  –  биомедициналық  ғылым  және  іс  жүзіндегі  денсаулық 

сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.



бифуркация  –  жүйенің  эволюциялық  режимі  орнықтылығының 

бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.



буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал-

пы  атау.  Ол  басқаша  ойлаумен  және  діни  плюрализммен  этикалық 

релявитивизм  және  бойларын  шаттық  билеген  сенімге  төзбеушілік 

тұрғысында  кең  көлемді  күрес  жүргізетіндермен  біріккен  (үлестес) 

ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден 

шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады. 



Верификация  –  дәлелдеу,  растау:  теориялық  (ғылыми)  тұжырым-

дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен 

тікелей  салыстырылатын  тексеру  амалдары.  Егер  барлық  осындай 

салдарлар  шындыққа  сай  болса  (яғни  шынайы  болып  шықса),  онда 

тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.

генезис  –  шығу,  пайда  болу  тегі;  дамып  жатқан  құбылыстың 

құрылу немесе қалыптасу үдерісі.



гомеостазис  –  өздігінен  реттелетін  күрделі  жүйелерге  тән  және 

рұқсат  етілетін  шектерде  сақтау  үшін  елеулі  маңызы  бар  өлшемдер 

жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.

ғылым  –  1)  әлем  туралы  объективтік,  жүйелі  ұйымдастырылған 

және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерек-

ше  түрі;  2)  ғылыми  танымдық  қызметтің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз 

ететін әлеуметтік институт.



ғылым  психологиясы  –  ғылым  философиясымен,  когнитология-

мен  және  ғылымтанумен  шекаралас  сипаты  бар  жаңа  психлогиялық 

пәндердің бірі. Оның зерттеу нысанасы жеке ғалымдардың да, ғылыми 

ұйымдардың  да  ғылыми  қызметін  психологиялық  әдістермен  зерттеу 

(тестілер, статистикалық, өмірбаяндық және әлеуметтік әдістер) болып 

табылады.



ғылыми  білім  деңгейлері  –  пәні,  әдістері,  қызметтері  бойын-

ша  ғылыми  білімнің  әрқилы  сапалы,  жеке  бір  ғылыми  пән  аясында 

біртұтас жүйеген біріккен түрлері. Кез келген дамыған нақты-ғылыми 

пәнде ондай үш: эмпириялық, теориялық және метатеориялық деңгейді 

ажыратуға болады. Олардың бірлігі кез келген ғылыми пән үшін оның 


416

салыстырмалы  дербестігін,  орнықтылығын  және  өз  негізінде  дамуға 

деген қабілетін қамтамасыз етеді.

ғылымтану – ғылымның жұмыс істеуін, дамуын, ғылыми білімнің 

құрылымын  және  серпінін,  ғылыми  қызметін,  ғылымның  қоғамның 

басқа әлеуметтік институттары мен материалдық, рухани салаларымен 

өзара қарым-қатынастарын зерттейтін пән.



ғылымның  даму  заңдылықтары  –  қолдан  жасалу  сипаты-

на  қарамастан,  ғылымның  жүйе  ретінде  бірқатар  объективтік 

даму  заңдылықтары  бар.  Олардың  аса  маңыздылары:  1)  үзіліссіз-

дискреттік сипат (оның сапалы секірістері, когнитивтік мазмұнының, 

құрылымының және әлеуметтік-мәдени қызметтерінің революциялық 

өзгерістері  бар  дамуында  эволюциялық  кезеңдердің  алмасып  отыруы 

(бұл  тұтас  ғылымның  өзінің  де,  оның  жекелеген  салалары  мен  тео-

рияларына да қатысты); 2) ғылыми мағлұматтың, ғалымдар саны мен 

ғылымға  жұмсалатын  материалдық  шығындардың  экспоненциалдық 

өсуі;  3)  білімдік  және  институттік  көзқарас  бойынша  ғылым  құры-

лымын  күрделендіру;  4)  ғылымның  мәдениет  жүйесінде,  әсіресе 

материалдық қызмет және т.б. саласында салыстырмалы салмағының 

артуы.

ғылым философиясы – 1) өзінің негізгі мәселесі ретінде ғылымды 

эпистемологиялық  (танымдық)  және  әлеуметтік-мәдени  құбылыс 

ретінде  таңдайтын  философиялық  бағыт;  2)  нысанасы  ғылым  болып 

табылатын  арнаулы  философиялық  пән  (бұл  термин  алғаш  рет  неміс 

философы  және  экономисі  Евгений  Дюрингтің  1878  жылы  шыққан 

«Ғылым логикасы және философиясы» деген еңбегінде пайда болған).



Дедуктивизм  –  соған  сәйкес  ғылыми  білімді  және  оның  дұрыс 

көрсетілуін  дәлелдеудің  жалғыз  әдісі  дедукция  болып  табылатын 

әдістемелік  тұжырымдама;  оның  түсінілуі:  1)  жалпыдан  жалқыға 

көшу  деп;  2)  немесе  ойдың  іргелі  және  қарапайым  ұғымдарынан 

туынды  және  күрделірек  түрлеріне  қарай  құрылымдық  қозғалыс 

ретінде  (құрылымдық-генетикалық  әдіс);  3)  немесе  бастапқы  (жалпы-

лама,  дерексіз),  нысанды  біржақты  көрсететін  қарама-қайшылықтан 

нақты  (жан-жақты  немесе  көпжақты)  қарама-қайшылыққа  оның 

жетілген  күйінің  бейнесі  сияқты  диалектикалық  «өту»  (Гегельдің 

диалектикалық  дедукциясы);  4)  немесе  салдарларға  (сондай-ақ 

ортақтық пен мазмұнның кез келген дәрежесіне) жолдаудан шығатын 

кез келген қажетті қисынды қорытынды.



Джастификационизм  –  растау,  бекіту,  негіздеу.  Эмпириялық 

тәжірибені ғылыми білімнің бастауы, негізі және белгісі деп санайтын 

логикалық эмпиризм (позитивизм) философиясы нұсқаларының бірі.


417

Диахрондық  талдау  –  зерттелетін  нысананың  (нысанның)  даму 

үдерісін  бір-бірін  ауыстыратын  бірқатар  кезеңдерге  бөлшектеуден 

және  кейіннен  оларды  белгілі  бір  белгілері  бойынша  салыстырудан 

тұратын таным әдісі.



Дискурс  –  ауызша  сөйлесуден,  ауызша  тілдік  ойыннан,  сондай-

ақ түйсікпен ойлаудан айырмашылығы – кез келген жазбаша мәтінді 

(тілдік  білімді)  білдіретін  лингвистика  және  тіл  білімі  түсінігі. 

Нақ  осы  дискурс,  қазіргі  заманның  бірқатар  философтарының 

(структуралистердің,  постструктуралистердің,  постмодернистердің) 

пікірі  бойынша,  жалпы,  философияның,  оның  ішінде  ғылым 

философиясының (ғылыми дискурс) тікелей және басты нысанасы бо-

лып табылады.



евгеника – ізгілікті (шығу тегі бойынша), асыл тұқымды. Адамның 

генетикалық  табиғатын  жақсарту  туралы  ғылым  немесе  адамның 

тұқымқуалаушылық  саулығын  жақсартуды  мақсат  еткен  әлеуметтік 

қозғалыс.



жаңалық  енгізу  үдерісі  –  іргелі  ғылымды,  қолданбалы 

зерттеулерді,  жобаларды,  маркетингті,  өнімнің  жаңа  түрін  саралап 

өндіруді  қамтитын  жүйелілік  немесе  жаңа  технология  құру  және 

қолданудағы, сондай-ақ бұйым жасаудағы соған ұқсас жүйелілік.



идеогенез – ғалым тұлғасының маңызды өлшем-белгілерінің бірі; 

ол  ғалымның  оған  дейін  туған  және  айтылған  ғылыми  идеяларды 

игеріп  және  бойына  сіңіріп,  кейіннен  дамытатын,  оларға  жаңаша  үн 

мен  түсінік  беретін  ерекше  қасиеттерін  сипаттайды.  «Идеогенез»  са-

наты ғылымда мүлдем жаңа, оның алдындағы баламаларсыз идеялар 

болмайтын жағдайды баса көрсетеді. 



идеографиялық әдіс – бұл гуманитарлық білімдердің (неокантиан-

дықтар,  негізінен,  тарихты  айтады)  әдісі;  оның  міндеті  –  жеке-дара 

құбылыстардағы  маңызды  қасиеттерді  сипаттау  (сондықтан  ол  «да-

ралау  әдісі»  деп  те  аталады).  Маңыздыны  сипаттау  «құндылықтарға 

жатқызу» жолымен іске асырылады.

имманентті – әлдебір заттың, құбылыстың табиғатынан шығатын, 

соған тән ішкі қасиет.



индуктивизм  –  ғылым  философиясындағы  ғылыми  танымда 

индукцияның рөлін асыра көрсетуге негізделген эмпириялық парадиг-

ма нұсқаларының бірі. 

инновация – жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді 

білдіреді.



418

инструментализм – соған сәйкес көпшілік теориялық түсініктердің, 

оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпириялық мазмұны 

болмайтын  және  осы  мағынасында  объективтік  әлемнің  сипаттамасы 

бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті 

оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану 

тіпті  мүмкін  емес.  Теориялық  білімнің  мақсаты  мен  құндылығы 

басқада – эмпириялық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, 

оның логикалық реттілігін құрудың жақсы құралы болуда жатыр.



интерминизм  –  соған  сәйкес  себепті  байланыстардың  болуы  не-

месе  себепті  түсіндірменің  танымдық  құндылығы  ғылымда  теріске 

шығарылатын философиялық-ғылыми тұжырымдама. Индетерминизм 

Табиғаттың ғажап тұтастығы мен дамуын түсіндіру үшін, Табиғаттың 

өздігінен  жетілуін  терістейтін,  Құдайға  жүгінетін  діни  болуы  да, 

Табиғаттың өздігінен жетілуі идеясынан келіп шығатын табиғи да бо-

луы мүмкін.

интернализм  –  тарих  жазудағы  және  ғылым  дамуының  теория-

сындағы  бағыт;  соған  сәйкес  ғылым  дамуының  басты  қозғаушы 

күшін  оған  имманентті  тұрғыда  тән  ішкі  мақсаттар,  құралдар  және 

заңдылықтар құрайды; ғылыми білім өздігінен дамитын жүйе ретінде 

қаралмауы  керек,  мазмұны  оның  болмысының  әлеуметтік-мәдени 

шарттарына,  әлеуметтің  дамығандығының  дәрежесіне,  оның  әртүрлі 

қосымша  жүйелерінің  (экономика,  техника,  саясат,  философия  және 

т.б.) сипатына байланысты емес.



интерсубъективтілік  –  кең  мағынасында  өзара  әрекеттесетін 

субъектілер тәжірибесінің ортақтығы және оның нәтижелерінің ортақ 

маңыздылығы. Интерсубъектілер деп, әдетте, құрылым субъектілеріне 

тән,  өзара  түсінушілік  және  ортақ  маңыздылық  мүмкіндігін 

қамтамасыз ететін ортақтық аталады.

когнитивистика  –  жақында  адамның  ойлау  қабілетін  зерттейтін 

пәндер тобына арналып жасалған атау. Термин ғылымдар бірлестігіне 

жатады;  бұл  –  бұрын  салыстырылмаған:  когнитивтік  психология, 

гносеология,  лингвистика,  компьютерлік  ғылымдар,  жасанды  интел-

лект  теориясы,  математика,  нейропсихология  сияқты  ғылымдардың 

тәсілдерін қамтитын жалпы термин.



когнитивтік (ғылымға қатысты) әлеуметтану – XX ғасырдың 70 

жылдары пайда болған ғылым философиясы мен әлеуметтануындағы 

бағыт.  Оның  өкілдерінің  ойынша,  ғылымның  жұмыс  істеуі  мен 

серпінінің  балама  үлгісі  әлеуметтік-мәдени  факторлардың:  ғылыми 

мәселелер  (бағыттар)  мен  олардың  шешілу  қарқынына  (барын-

ша  қолайлы  қаржылық,  материалдық  және  ұйымдастырушылық 



419

жағдайлар  туғызу  есебінен)  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларды  шешу 

тәсілдеріне,  нәтижелеріне  де  (ақыр  соңында,  ғылыми  теориялардың 

мазмұнына да) елеулі ықпалын есепке алуға тиіс.



конвенционализм  –  конвенциялардың  ғылыми  танымдағы  рөлін 

дараландырушы  әдістемелік  тұжырымдама.  Бұл  тұжырымдамаға 

сәйкес,  ғылыми  ұғымдар  мен  теориялар  объективтік  шындықты 

білдірмейді,  ғалымдардың  келісуінің  нәтижесі,  шартты,  ерікті  белгі-

ленген ережелер болып табылады.

коэволюция  –  адамзат  қоғамы  мен  биосаланың  дамуын  бөлек 

қараудан «биосала – адамзат қоғамы» дейтін біртұтас жүйе дамуының 

жалпы  теориясына  көшу  керек  деп  санайтын  қазіргі  заманғы  ғылым 

философиясы  тұжырымдамасы.  Бұл  тұжырымдама  өкілдерінің 

(Н.Моисеев және басқалары) ойынша, осы жолмен ғана осы заманның 

адамзат  алдында  тұрған  ғаламдық  мәселелерінің  оңтайлы  шешімін 

ұсынып қана қоймай, сонымен қатар адамзаттың болашақтағы өмірін 

сақтауды да қамтамасыз етуге болады.



Қоғам – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, иерархиялық реттел-

ген әлеуметтік жүйе. Оның тұтастай өзінің және қосымша жүйелерінің 

қайта  құрылуы  және  өмір  сүруі  белгілі  бір  қағидалар  және  инсти-

туттар  (экономикалық,  моральдық,  құқықтық,  саяси  және  басқадай) 

арқылы реттеледі.

Қорытындылау  –  білімді  ойша  жалқыдан  жалпыға  өту  жолымен 

арттыру  әдісі,  оған  абстракцияның  жоғарырақ  сатысына  өту  де  сай 

келеді.

логицизм  –  XIX  ғасырдың  соңы  –  XX  ғасырдың  басында  пайда 

болған математика философиясындағы бағыт. Оның мәні математика-

ны логикаға (математикалық) келтіруге тырысу, сөйтіп, математиканың 

шынайылығын және қарама-қайшылықсыздығын негіздеуде жатты.



мәдениет – (лат. – Cultura – тәрбие, білім, жетілу, құрмет тұту) – бұл 

адам қарекетінің (қызметі, мінез-құлқы және қарым-қатынасы) биоло-

гиядан жоғары тұрған, оның барлық көріністерінде әлеуметтік өмірді 

қайта жасау және өзгертуді қамтамасыз ететін бағдарламаларының та-

рихи дамитын жүйесі.

метатеориялық  білім  –  ғылыми  білімнің  аса  жоғары  деңгейі; 

ғылыми  теориялардың  негіздерін  құрайтын  пікірлердің  (тұжырым-

дардың,  ұстанымдардың,  әлемнің  ғылыми  бейнесінің,  ғылым 

зерттеулердің мақсат-мұраттары мен нормаларының және т.б.) көпшілігі. 

Ғылыми білімнің жүйелі сипатына байланысты мететеориялық білім, 

бірінші кезекте, тікелей маңызды ғылыми теорияларға (математикада – 



420

арифметика  мен  геометрияға;  физикада  –  механикаға,  биологияда  – 

түрлердің дамуы теориясына және генетикаға және т.б.) жатады.

метафилософия  (ғылымның)  –  философияның:  мақсаты  әртүрлі 

логикалық мүмкін болатын және тарихи іске асырылған ғылым фило-

софиясы  тұрпаттарына  (ғылымның  айқын  философиясы,  ғылымның 

классикалық  емес  философиясы,  ғылымның  постмодернистік  фило-

софиясы),  олардың  когнитивтік-құндылықтық  құрылымына,  интер-

претативтік  мүмкіндіктер  мен  әлеуметтік-мәдени  негіздемелерге, 

ғылымның  нақты  тарихы  мен  оның  сана-сезімінің  байланысына  тал-

дау жасау болып табылатын саласы.



номогенез  –  «заңдылықтар  негізінде  даму»  –  орыс  географы 

және  биологы  Л.С.Берг  (1922  ж.  туған)  ұсынған  және  сол  арқылы 

Дарвиннің жай генетикалық, яғни заңдарға да, заңдылықтарға да емес, 

кездейсоқтыққа негізделген сияқты табиғи іріктелу тұжырымдамасына 

қарсы қойылған тұжырымдама.

номотетикалық  әдіс  –  бұл  жаратылыстану  әдісі,  оның  міндеті 

құбылыстарды  қорытындылау  негізінде  заңдар  белгілеу  болып  табы-

лады (ол топтап қорыту әдісі деп те аталады).

ноосала  –  биосаланың  жаңа  даму  ахуалы.  Ноосала  барысында 

адамның  саналы  қызметі  оның  дамуындағы  шешуші  факторға  айна-

лады.  «Ноосала»  түсінігін  қолданысқа  француз  ғалымдары  Э.Леруа 

және  П.Тейяром  де  Шарден  (1927  ж.  туған)  енгізген.  В.И.Вернадский 

ноосала  туралы  көзқарасты  адамның  ғылыми  ойға  негізделген 

әлемді  өзгертудегі  шығармашылық  қызметінің  нәтижесінде  табиғат 

пен  қоғамның  өзара  қатынасы  барысында  пайда  болатын  ұйымдас-

тырушылықтың жаңа сапалы формасы ретінде ары қарай дамытты.



Операционализм  –  ғылым  философиясы  мен  әдістемесіндегі 

бағыт.  Соған  сәйкес,  кез  келген  ғылыми  ұғымдардың  (әсіресе 

жаратылыстанудағы)  мағынасы  әлдебір  заттардың  (денотаттар), 

олардың  осы  түсінікпен  аталатын  қасиеттерінің  көптігі  емес,  атқары-

латын  шаралардың  (бәрінен  бұрын  материалдық,  табиғи)  жиынтығы 

болып табылады.



өмір  –  1)  болмыстың  қоршаған  ортамен  заттектерді  және  энер-

гияны  таңдап  алмасуға,  өзінің  өмірлік  қызметтерін  іске  асыру  үшін 

оларды өңдеуге және игеруге, шексіз қайта тууға, қоршаған ортаға кең 

ауқымда бейімделуге қабілетті, жоғары ұйымдасқан формасы (бірлігі 

де). Өмірдің аса қарапайым формалары болып бактериялар мен микро-

организмдер әрекет етеді; 2) мақсатқа сай болмыс; 3) бірбүтін және са-

намен ұғынылған болмыс.


421

парадигма – нақты ғылыми қауымдастықта ғылымның белгілі бір 

саласында жалпыға бірдей қабылданған функционалдық теория.



парағылым  –  ғалымдардың  тиісті  қауымдастығы  мүшелері  ара-

сында  ғылыми  таным  жүйесінің  толық  құқылы  элменттері  деп  тану-

да  оларға  қатысты  мығым  консенсус  (пәтуа)  болмайтын  идеялар  мен 

тұжырымдамалар (мысалы, парапсихология, евгеника және т.б.).



принцип (қағида, ұстаным) – танымдық, іс жүзіндегі және руха-

ни қызметті жүзеге асыруға қойылатын белгілі бір талаптан тұратын 

нормативтік  жалпы  пікір  (салыстырмалылық  қағидасы,  сәйкестік 

қағидасы, тиімділік қағидасы, моральдық қағидалар және т.б.).



пролиферация  –  П.Фейерабендтің  ғылым  философиясындағы: 

өзара  бір-бірін  теріске  шығаратын  әртүрлі  ғылыми  болжамдар  мен 

теориялардың  көбеюін,  мейлінше  ұлғаюын  ғылымның  табысты 

өркендеуінің қажетті шарты деп санайтын негізгі ұғымдардың бірі.



Редукционизм – ғылыми білім синтезін қамтамасыз ету жөніндегі 

жалпы зерттеу стратегияларының бірі. Таным теориясында редукцио-

низм түсіндірудің тиісті қағидасы ретінде қолданылады.

Релятивизм  –  білімнің  объективтік  мазмұнын  терістейтін  адам 

танымының  салыстырмалылығы,  шарттылығы  және  субъективтілігі 

туралы ілім; этикалық релятивизм – міндетті адамгершілік нормалар-

ды және адамгершіліктіктің объективті әлеуметтік белгісін терістеу.



Релятивтілік  –  салыстырмалылық,  «абсолюттік»  деген  түсініктің 

қосарлы қарсыласы. 



Рефлексия – 1) ойға шому, өз-өзін бақылау, өз-өзін тану. 2) фило-

софияда  –  адамның  өз  іс-әрекеттерін  және  оның  заңдарын  ұғынуға 

бағытталған  теориялық  қызметінің  формасы.  3)  философиялық-

әдістемелік  рефлексия  –  ойға  бату,  толық  күмәндану,  қарама-

қайшылықтар.

Руханилық  –  адамда  дүниетанымдық  құлшыныстарға  тәуелсіз 

тұлғаны  айқындайды,  оған:  ақыл-парасат,  өз  қадір-қасиетін  сезіну, 

белсенді  өмірлік  қағида,  жан  дарқандығы,  белгілі  бір  адамгершілік-

этикалық  мұраттарды  ұстану,  отбасы,  туыс-жақындары,  қоғам 

алдындағы іс-әрекеттері үшін жоғары жауапкершілік көтеру, борышын 

түсіну,  ізгілік,  пайда  көздемеу,  аяушылық  таныта  білу,  жәрдемдесу, 

сүю сияқты қасиеттер жатады.

санаттық  апперцепция  –  ғылыми  танымның  алдыңғы  тарихи 

тұрпаты санаттарының торы, яғни соның сүзгісі арқылы ғылымда кез 

келген танылушы мазмұн қабылданады.


422

сәйкестік  ережесі  –  ғылымның  белгілі  бір  саласында  ескі  тео-

рия  мен  оны  ауыстырушы  жаңа  теориялық  тұжырымдама  арасын-

да  «тиісті»  қатынастар  орнатудың  реттеуші  қағидасы.  Осы  қағидаға 

сәйкес, жаңа теория ескі теория одан жеке немесе шекті деп алынатын 

жағдайда ғана «жақсы» болып табылады.

сенсуализм  –  танымның  жалғыз  бастауы  деп  сезінуді  мойындай-

тын философиялық ілім (оған қарама-қарсы ілім – таным бастауы деп 

ақыл-есті мойындайтын рационализм).

синергетика  –  ашық  жүйелерде  (биологиялық,  физикалық-

химиялық және басқадай) құрылатын құрылыс элементтері (қосымша 

жүйелер) арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт.

субстрат  –  философия  мен  ғылымның  материалдық  нысандар 

мазмұнының маңызды түрін білдіретін санаты, негізінде, оған әртүрлі 

нысандардың түрі бойынша көптеген мазмұндарын жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет