Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коллледжі»


Мектептегі поэма жанрын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша сараптама



бет5/7
Дата27.05.2022
өлшемі153,76 Kb.
#35736
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7
Мектептегі поэма жанрын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша сараптама

Поэма жанрын оқытудың әдіс-тәсілдері мен жүйесі де біршама қалыптасқан. Дегенмен, шығарманың көркемдік қуатын, идеялық мазмұнын терең меңгертерде көп олқылықтарға жол беріліп жүр. Көп кемшілік шығарманың идеялық мәнін жете түсінбеуден немесе сол мәселеге жол сілтейтін оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесін құра алмау, әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана алмаудан туындайды. Әдеби шығарманы талдаудың жалпы тақырыптық мәселелеріне байланысты: оның сюжетін, композициясын, әдеби кейіпкерді, әдеби туындының идеялық-көркемдік қуатын танытуды мақсат еткен зерделі зерттеу еңбектері әдебиеттану ғылымында да, әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында да молынан жарияланған (М.А.Рыбникова, В.В.Голубков, Г.А.Гуковский, Л.И.Тимофеев, Г.Л.Абрамович, Д.С.Лихачев, В.И. Сорокин, А.И.Ревякин, Н.И.Кудряшев, В.Г.Маранцман, Н.О.Корст, Н.А.Демидова, Г.И.Беленький, Т.Ф.Курдюмова, З.Я.Рез, Л.С.Айзерман сияқты т.б.). Әдебиетші, әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде көркем шығарманы талдап танудың ғылымиәдістемелік жүйесі жасалған. Бұл мәселе қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында да біршама қарастырылған. Жеке қаламгердің шығарамаларын оқыту әдістемесінен жазылған еңбектерде де прозалық шығармаларды оқыту қамтылады. Атап айтар болсақ: Қ.Тасболатов М.Әуезов шығармашылығын оқыту мәселесінен әдістемелік ғылыми-зерттеу еңбегін жазды. Ал Қ.Бітібаева М.Әуезов шығармашылығын оқыту әдістемесін практикалық жағынан жетілдіре түсті. С.Қалиев Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдарын қарастырған. С.Мұқанов шығармашылығын оқыту әдістемесінен жазылған әдіскерғалым Әдебиетті оқыту әдістемесінен жазылған бірқатар әдістемелік нұсқауларда эпикалық текке жататын шығармаларды оқыту мәселесі талданады. Бұл қатарда С.С.Қирабаевтың, Қ.Мырзағалиевтің , К.Елікбаевтың құралдарын атауға болады. Эпикалық шығармаларды оқытудың ұстанымдары әдеби тектің өзге түрлерін, соның ішінде поэма жанры да бар, оқытуда қолданатын оқу-әдістемелік жұмыстармен мазмұндас. Көркем шығарманың тақырыбы, идеясы, көркемдік әлемі, тарихи-әлеуметтік ұстанымдар қай жанрды талдағанда болсын ортақ мәселелер екені белгілі. Дегенмен, поэманың көлемі, сюжеттік, композициялық құрылымы, образдар жүйесі, тілдік ерекшеліктерін талдауда, оқу-танымдық жұмыстарда күрделілігін байқатады.
Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап айқындауда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, көзқарасын танып білудің мәні зор. Ол көбіне жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асырылып жүр. Әйтсе де, тек қаламгер өмірбаянын түсіндіру арқылы
поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелігінен туындайды.
Поэмадағы автордың айтпақ ойын зерделеу үшін бірнеше мәселеге көңіл аударған дұрыс. Алдымен автор неліктен шығарманы тарихи кезеңді сипаттаудан бастаған деген сұраққа жауап іздеу маңызды. Ойрат одағы жойылғаннан кейін шығыс аймаққа көшкен қандай рулардың арасында тартыс басталды. Тартыстың себебін ақын қай тармақтарда көрсеткен деген мәселелер талқыланса, екі жастың махаббаты трагедиямен бітуінің де нақты себептері айқындала түседі[9, 12].
Поэма мәтіні бойынша жүргізілетін жұмысты екіге бөліп қарастыруға болады:
1. мәтін мазмұнын меңгеру;
2. мәтінге талдау жасау.
Мәтіннің мазмұнын меңгертуде анықтама сұрақтармен жұмыс, мәтіннің идеялық мазмұнын айқындау бағытындағы топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар, сөздікпен жұмыс, шығарма идеясын, авторлық ұстанымды айқындайтын шумақтардан немесе образ композициясын құрайтын бөліктерден мәнерлеп оқу сияқты түрлі жұмыстар да сабақ үдерісінде назардан тыс қалмағаны орынды.
Поэманың мазмұнын меңгертуде тиімді ықпал ететін тәсілдің бірі ортақ ұқсастықтары бар өзге шығармалармен салыстыра қарастыру. Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын «Қалқаман –Мамыр» поэмасымен салыстыру немесе әйел теңсіздігі тақырыбын көтерген басқа қаламгерлердің шығармасымен салыстыра қарастыру да шығарма сюжетіндегі айырмашылықтарды зерделетуге жағдай туғызады.
«Еңлік-Кебек» трагедиясы М.Әуезов шығармашылығына да өзек болғаны белгілі. «Еңлік–Кебек» пьесасының сюжеті Шәкәрім шығармасының сюжетінен алшақ кетпегенімен, қосалқы элементтердің кездесетінін аңғарту, пьесамен танысуды сыныптан тыс жұмыстарда ұйымдастыру да шығарма мазмұнын ауқымды талдауға мүмкіндік туғызады.
Әдіс-тәсілдердің, жаңа инновациялық технологияларды әдебиет сабағында қолдану қаншалықты ұтымды әрі тиімді екенің анықтау үшін 9 «А» және 9 «Б» сыныптарында тәжірибелік эксперемент жұмыс өткізуге болады. Алғашында екі сыныптың білім сапасы деңгейі 65%, ал білім үлгерімі 100% құрады. Сараптама жүргізу үшін әдіс-тәсілдер арқылы поэмалар оқытылды.
Екі сыныптың бастапқы көрсеткіш деңгейі:

Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен композиция, образдар жүйесінен тұрып, күрделі, ауқымды проблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С.Сейфулиннің «Көкшетауы», І.Жансүгіровтың «Құлагер», С.Торайғыровтың «Кедей» т.б. поэмалары жатады. Лиро-эпикалық поэмаларда шиеленіскен оқиғалар болмайды, дегенмен поэманың басынан аяғына дейін әңгімеші рөлін атқаратын лирикалық кейіпкер,оның сезімі үлкен рөл атқарады. Лиро-эпикалық поэмаларды оқытуда мәнерлеп оқуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды автор ізімен талдауды қолдану тиімді болып келеді. Мысалы, Ілиястың «Даласын» оқытудың жемісті жолы – алдымен мәтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотациян оқушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жұмыстарында пайдаланды. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.


Үлгі:

Поэма бөлімдері:

  1. «Арнау»

  2. «Ақтабан»

Ақын толғауы


Қазақ даласының шапқыншылыққа ұшырауы. Тарих шал әңгімесі.

Ары қарай сұрақ – жауап арқылы поэмадағы лирикалық кейіпкер (ақын) әңгімеші тарих шал туралы, поэманың проблематикасы жайында әңгіме қозғалады. Тіл көркемдігі, өлең құрылысдағы ерекшеліктерге де
міндетті түрде талдау беру керек. Сюжетті поэмаларды образдық талдаумен де, мәтіндік талдаумен де оқытуға болады. Ең тиімдісі- аралас талдау. Поэманы оқыту үшін «Салыстырмалы әдісі» арқылы тапсырмалар орындату тиімді болады. Сонымен қатар әдебиетті тереңдете оқыту оқушының ой өрісін дамытуға септігін тигізеді.
Поэманы оқытудың сан қырлы жолдары белгілі. Барлық әдіс-тәсілдердің басты мақсаты оқушының білім деңгейін арттыру, ой өрісін дамыту, сөйлеу, мәнерлеп оқу, мазмұндау дағдыларын қалыптастыруі, сабақты тиімді әрі әсерлі өткізуге ықпалын тигізу. Әрине, осыған қол жеткізу үшін мұғалім жан-жақты, жаңашыл болу қажет.
Үлгі:
Тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

  1. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы – өзінің көтерген мәселесі, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэма әдеби талдау алдында оның мазмұнын түгелдей оқыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы мақсатта мұғалім үйге алдын ала тапсырмалар береді.

Жалпы сыныптық тапсырма:

  1. Поэманы түгелдей оқып, мазмұнымен танысу.

  2. Әр бөлімге қысқаша аннотация жазып келу.

Топтық тапсырма сыныптағы оқушылар санына байланысты.

1 топ
Поэмадағы Көкше көріністерін С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкше көріністерімен салыстыру (поэтикалық тілі, әр ақынның өзіндік стилі т.б.)





  1. топ

10-сынып әдебиеті боынша Ақанның «Құлагер» өлеңін поэманың «Бай, бай Құлагерім» бөлімі бойынша Ақанның Құлагерді жоқтау өлеңімен салыстыру.
Мақсаты: І.Жансүгыров өз поэмасында Ақанның «Құлагер» өлеңін қалай пайдаланғаны туралы іздендіру.



  1. топ

Абайдың «Аттың сыны» өлеңін поэмадағы «Құлагер» сынымен салыстыру.
Мақсаты: Екі ақынның ат сынын берудегі шеберлігі, яғни поэтикалық үндестік туралы іздену. Тапсырманы мына үлгіде орындауға болады:



Абай
Тәует бас, қамыс құлақ, қоян жақ.

Ілияс
Тәует бас, қамыс құлақ, қуырған жақ.

Поэтикалық үндестік



Жеке тапсырмалар:



  1. «Құлагер» поэмасы туралы ғалым – сыншылар, әдебиетшілер пікірі бойынша хабарлама жасауға дайындау.

Ескерту: Материалдарды мұғалім ұсыну керек, әрі осы жұмыста балаларға басшылық жасайды.

  1. 10- сынып оқулығы бойынша Ақан Сері туралы хабарлама.




  1. топ

Поэма бөлімдері бойынша басты – басты оқиғаларын саралап, сюжеттік – композициялық жоспар жасау, оны сабаққа пайдалану үшін , кестеге жазып қою («Ас» бөлімінен бастап алу)

Үлгі:


Бөлім

Басты оқиғалар

Ақанның әс-әрекеті

«Ас»

«»Құлагер



  1. Сағынай асы, үш жүздің оған «құйылуы»

  2. Ақанның Құлагермен асқа келуі

  3. Елдің Құлагерді көруге жөнелуі

  4. Құлагерге берген халық бағасы

  5. Күреңбайдың сыны

  6. Батыраштың қазғанышы

Халықтың Ақанды құрметтеуі
Атын көзінен таса етпеуі
Жаршыға айтқан өтініші
Ақанның өткір тілмен Батырашты жерге қаратуы

Тақырыбы: Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы


«Қос жазба» күнделігі Шығармадағы автор бейнесін білдіретін үзіндіні тауып, үзіндідегі автор бейнесін талдап, айшықты пікірмен дәлелдеңдер. Тапсырманың орындалуына қарай қосымша сұрақтар қою.





Үзінді

Автор бейгесі

«Автор мінбері» әдісі /Ортақ тапсырма беріледі, ең құндысын топ басшысы хабарлап автор оқып баяндайды/ «Бәйтерек» поэмасында қандай мәселелер көтерілді?
(Ортақ тапсырма беріледі, жеке-жеке топ ішінде оқып, ең құндысын ұсынады, топ басшы хабарлайды авторы баяндайды)

Тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Ескендір» поэмасы





  • «Ескендір» поэмасы

Негізгі мазмұн: Ежелгі Македония шаһарында Филипп патшасы өмір сүріпті, уақыты жетіп өмірден өткен соң, таққа баласы Ескендір отырады. Ескендір таққа отырысымен - ақ мұздай қаруланып, жан - ағындағы көршілес мемлекеттерді бағындыруды көздейді. Әр жасаған шабуылы сәтті шыққан сайын, араны барған сайын ашылып, дүние жүзіне әмірімді жүргізсем деген сұрқиялыққа басады. Сөйтіп атағы талай жерге жетіп, бір шама белестерді бағындырып үлгереді.

Күндердің бір күні Ескендір жасағымен бірге елсіз шөл далаға тап болады, бір жұтым суға зар болып қалады. Шыдамсыздықпен жанындағы қызметкерлерді өлтіруге бел байлап тұрған сәтінде, бір сәулені көзі шалып жанына жетіп барады. Тұп- тұнық мөлдір бұлақты көргенде өз көзіне өзі сенбей, бірден жасағын ертіп, шөлдерін қандыруға шақырады.


Ескендір бойына жан шақырып алған соң:"оо,ғажап,мына жердің суында ерекше тәтті дәм бар екен, демек бұл жердің өзіде қасиетті болмақ! Қайтсемде мына байтақ даланы уысыма түсіремін. " - деп алты қарыс азуын қайрай бастайды. Алған беттерімен өрге қарай ілгерлей берді, кенет алдыларынан алып қақпаны кездестіреді. Бар күштерін жұмылдырып, қанша ашуға тырысқанымен, әл - дәрмендері жетпейді. Ескендір:"қақпаны ашыңдар" деп айбатымен айғайға басты,сонда қақпа ішінен :


-Қ ақпаны саған ашуға рұқсат жоқ, мықтымын деп мақтанбай - ақ қой, мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең!" - деп біреу жауап қайтарады.


-Солай ма?!Дегенің болсын ендеше, ел - жұртыма айтып барайын қонақжайлығыңды, алыстан келген қонаққа сый құрметің бар болар.


Ескендір айтып ауыз жиғанша, қақпа сыртына орамалға оралған зат лақтырылды. Дән риза болып, орамалдың ішін ашып қараса, кеуерсіп қалған қу сүйекті көзі шалып,"Бұл тағы қай мазағы?" - деп ашуға бұлығып, қу сүйекті лақтырып жібереді.


Осы сәтте жолдасы Аристотель жердегі сүйекті алып,таразының бір жақ басына қояды,екінші жақ басына алтын мен күмісті қойғанда сүйектің салмағы басым болып тұрды. Бұған назары ауған Ескендір алтын - күміске өзінің қару - жарағында қоса қояды, алайда ештеңе өзгермейді. Сонда Аристотель бір уыс топырақты сүйек үстіне шашып қалғанда, сүйек қисайып барып жеңіл тартып қалады.


Істің байыбына бара алмай тұрған Ескендірге Аристотель былай деп түсіндіреді: Бұл адамның көз сүйегі, адам баласының бұл жалғанда ештеңеге көзі тоймасы анық, тек қара жер қойнауына кіріп,топырақ жамылғанда ғана ашкөздігі толастап,сабасына түсетіні хақ.


КУБИЗМ стратегиясы.



  • Суретте.

  • Шығармадағы аталған тарихи тұлғалардың ақын идеясын жеткізудегі орны.

  • Салыстыр.

  • Ескендір мен Аристотельді салыстыру (Венн диаграммасы қолданылады) Зертте. Абай ақын туралы не білесің? Қолдан.

  • Ескендірдің психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс)

Бірнеше сабақтар бойы екі сынып бақылау үстінде болды. 9 «Б» сыныбында дәстүрлі сабақтар жүргізілу нәтижесі бойынша білім сапасы еш өзгеріссіз қалды. Ал 9 «А» сыныбында поэманы оқыту барысында тиімдә әдіс-тәсілдер, көрнекілік, АКТ кеңінен қолданыды. Сараптама бойынша 9 «А» сыныбы сабақ барысында тапсырмаларды орындау барысында ерекше белсенділік, қызығушылық танытты. Яғни, білім сапасының деңгейі арта түсті.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет