Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ әдебиетіндегі эпостық жанрдың поэма түрін оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, балалардың тілін, ой өрісін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– поэма жанрының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
– поэма жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытудың жолдарын саралап қарастыру;
– поэманы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
- поэма жанрындағы шығармалардың құрылысын меңгерту;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Поэма жанрындағы шығармалардың табиғатын таныту» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ ПОЭМА ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Поэма жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы
Поэма — эпикалық жанрдың орта көлемді түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің “Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті [1,45].
Поэма - өлеңді повесть, өмірде болған не болуға тиіс күрделі кұбылыстар мен келелі окиғаларды алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, жеиілі эпикалык не лирикалык сипаттағы өлеңмен суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар болады. Поэмаларда жасалатын адам обрздары да әр алуан: эпикалык образ да, лирикалык образ, романтикалык образ, реалистік образ болады. Поэма өзінің туу даму тарихының әр кезеңінде әр сипатта болды. Көне дәуір әдебиетінде классикалык халык эпосы «Илиад одиссея» түрінде туған болып ауыз әдебиетінде батырлар жыры (Қобыланды батыр) лиро-эпос (Қыз жібек) немесе тарихи жырлары (Бекболат) түрінде дамып жазба әдебеттегі романтикалык дастандар (Медғат-Қасым) мен реалистік поэмаларға (Сұлу шаш ) ұласты.
Поэманың ұзақ та қысқа өлеңдерден, лирикалық балладалардан айырмашылығы:
ПОЭМА
Поэма-қазіргі қазақ поэзиясындағы мол өркендеп кең өріске шыққан шешуші түрлердің бірі. Романтилық поэмадағы каһарманның тағдыры ерекшелеу болып, бір жағын бір қаһарман тағдырымен байланысты болып келе бермейді.
Қазіргі әдебиеттану ғылымында әдеби жанрлар және олардың даму кезеңдері мен түрлік ерекшеліктері туралы алуан тұжырымдар мен пікірлер бар. Қазақ әдебиетінде ежелден бері өзіндік даму сипатымен дараланған эпостық жанрдың бірі – поэма.
Поэма – әлем әдебиетінде ежелден қалыптасып, жан-жақты салалана дамыған, әрі әдебиеттану ғылымында біршама кешенді зерттелген жанрлардың қатарына жатады. Қазіргі қазақ поэмасы да дамудан кенде емес.
М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Қ.Аманжоловтардың ізгі дәстүрін жалғастырған бүгінгі поэма шеберлерінің қарымы бұған дәлел бола алады.
Әрбір зат пен құбылыс негізсіз, себепсіз туындамайтыны сияқты, қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының арғы тегі ұлттық фольклорымыздың аса өнімді де бай саласы – батырлық, ғашықтық эпостарда жатқандығы анық. Сондықтан да поэма жанрының тууы мен қалыптасуы, этногенезисін қарастыруда халық ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы жасап келе жатқан эпикалық дастандарымызды зерттеудің маңызы зор.
Еуропалық әдебиеттанушылар ежелгі грек заманында туған Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясын» көне поэмалардың қатарына жатқызады. Олардың генезистік пайда болу жағдаяттары мен мүмкіншіліктерімен салыстырғанда, қай жағынан алғанда да ешбір кем соқпайтын түркі (қазақ) эпостарын да көне поэмалардың қатарына жатқызуға болады. Дегенмен, көне гректің аталған эпостық поэмаларын «Соқыр Гомер атты ақын (біздіңше жырау) шығарыпты-мыс», - делініп, авторлық шығарма ретінде танылса, түркілік (қазақ) бірде-бір эпостық поэма авторлық шығарма ретінде қарастырылмағандығын ескеруіміз керек. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырын үлкен бір эпикалық дастан деп қарастыратын болсақ, оның авторы ретінде Марабайды да, Жанақты да, Біржан Толымбаевты да танылды.
Әуел баста қара сөзбен жазылған «Қорқыт ата кітабынан» бастау алып, қоңырат руы арасында кең тарап, кейіннен бірнеше түркі халықтарына ортақ сипат алған ұзақ жыр – «Алпамыс батырдың» қысқаша, үзік-үзік сұлбасы байқалатынына қарап, эпостық поэманың тууы мен даму динамикасын аңғартады. Осы құбылысты бағамдаған академик Қ.Жұмалиев былай деп тұжырым жасайды: «Қазақтың батырлар жыры бірден-ақ бір бүтін ұзақ бола салған емес. Бұлар әуелде батырлардың әртүрлі оқиғаларда істеген ерліктері жөнінде жеке жырлардан құрастырылған. ...әрбір батырлардың әр кездегі ерліктері жөнінде шығарылған жырлар, бір батырдың не бір оқиғаның маңына жинастырылып, біріктіріліп жазылғаннан кейін, эпостық поэма атағын алады» [2, 158].
Қазақ поэмаларының еуроамерикандық және ресейлік әдебиеттерден тыс, өзіндік даму сатысына мән берген әдебиетші ғалым Ж.Толыспаева эпостық поэма жөнінде мынадай ой айтады: «ХХ ғасырдағы жанр теориясында поэманың бастауларын эпостан іздеу керек деген ортақ тұжырым бекітілген [3. 156].
Поэма да өзге жанрлар тәрізді қоғамдық сана сұранысына бейімделетіні, қоғамдық көркем ойлаудың сөз арқылы сыртқа шыққан көрінісі іспетті болғандықтан, қазіргі күні постмодерндік көңіл-күйді танытатын туындылар да көптеп ұшырасып жатады. Дегенмен, қазіргі кейбір ақындардың поэмаларынан тамырында батыстық христиандық пен жапондық дзен-буддалық жатқан постмодерндік үлгіге саламын деп, жалаң символизмге орынсыз ұрыну, күйректікке бой ұру, ұлттық, мұсылмандық танымның шеңберінен шығып кету халдері жиі ұшырасатыны да дәуір шындығы. Қазіргі поэма тарихи-әдеби және теориялық аспектіде толық зерттеліп болған жоқ және де жалпы поэманың, оның ішінде лирикалық поэманың анықтамасы әлі күнге айқын еместігін көптеген әдебиеттанушы ғалымдар атап көрсетеді, әрі бұл Отандық ғылымға ғана тән құбылыс емес.
Ресейлік әдебиеттанушы ғалым В.Е.Гусев поэма туралы тек жалпылама түрде айтуға болатындығын, оның тек тарихи-теориялық сюжет қана екендігін, әдеби үдерістің шындығы бола алмайтындығына ерекше тоқтала отырып: «Существуют жанры поэмы, но нет жанра поэмы»[7, 5] - деп ой түйеді. Яғни, поэманы жанрға бөліп қарастырудың ешқандай мәні жоқ дегенге саяды.
Қазіргі қазақ поэзиясын, оның ішінде поэма жанрын өзіндік бояу-реңкімен даралап көрсетумен қатар, әлемдік поэзиямен жымдаса кіріккен, біртұтас бірлікте алып қарастыруға да болады. Яғни, әлемдік эпикадағы поэтикалық кеңістік пен талғам – қазақ әдебиетіне де ежелден тән. Оған соңғы жылдары қазақтың қарымды ақындары қаламынан туған поэмалар айғақ.
Эпикалық поэмалар көбінесе басты қаһарманның айналасына құрылатындығын және оны шығарма арқылы қалай көрсететіндігі басты мәселе десек дұрыс болар.
Арғы бастауын эпикалық жырлардан алатын қазақ әдебиетіндегі поэма жанры бүгіндері жанрлық мазмұны мен құрылымы тұрғысында заманға сай жаңарып, жаңғыруды бастан кешуде. Сондықтан да поэманы типологиялық тұрғыда зерттеу үдерісі бүгінгі заман сұранысы тұрғысында зерттелуі тиіс деп білеміз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ поэзиясындағы поэма жанрының пайда болуына тек эпикалық дастандар ғана ықпал етті десек, қазақ қаламгерлерінің Батыс, Шығыс әдебиетінен алған үлгі-өнегесін, белгілі бір дәрежеде еліктеуін де мүлде жоққа шығара алмаған болар едік. Сондықтан да поэма жанрларының әлемдік әдебиеттегі алғашқы көріністері туралы мәлімет деректерді де қарастыу – қазақ поэмасының да эволюциясын айқынырақ тануға мүмкіндік туғызатындығы анық.
Қазіргі қазақ әдебиетінде поэма жанрының түрлі салалары игерілді деуге толық негіз бар. Кейбір санаулы түрлері ерте кезеңде пайда болғанымен де, әлем әдебиетінде кеңінен дәстүрге ене қоймауы – ондағы мазмұндық жүктің тым ауырлығы болса керек.
Орыс әдебиетімен ХІХ ғасырдан бастап етене араласып, үйрену, игеру нәтижесінде қазақ әдебиетінде поэма жанры ХХ ғасырдың басында жаңа беталысқа ие болғандығын біз мойындауымыз керек әрі мұның өзі «қазақ поэмасының арғы бастауы тек қана Батыс, Ресей әдебиетінде жатыр» дегенді білдірмесе керек. Тіпті орыс әдебиеттану ғылымының өзінде «поэма» термині ХІХ ғасырда ғана пайда болғанына В.Г.Белинскийдің мына сөзі айғақ болмақ: «В новейшей поэзии есть особый род эпоса, который не допускает проза жизни, который охватывает только поэтические, идеальные моменты жизни и содержание которого составляет глубочайшие миросозерцания и нравственные вопросы современного человечества». Этот род эпоса один удержал за собой имя «поэмы». Таковы все поэмы Байрона, некоторые поэмы Пушкина (в особенности «Цыганы», «Голубь»), также Лермонтова «Демон», «Мцыри» и «Боярин Орша»[6, 410].
Қазақ әдебиеті Батыс, Ресей мәдениетінен де ерте араласқан рухани байланыс әлемі – араб, парсы өркениеті. Әсіресе, парсы, яғни Иран өркениеті мен Тұран өркениеті арасындағы мыңдаған жылдық тарихи, рухани байланысқа қатысты деректер аса мол.
Түркі халықтары ҮІІІ ғасырлардан бастап жаңадан түскен хак дін – исламға мойынұсына бастаған тұстан бастап, араб мәдениеті түркілік мәдениетке бірте-бірте дендеп кіріп, айыра танығысыз, ажырамастай кірігіп кетті. Бұл аса озық араб әдебиеті, оның жанрлық, поэтикалық жүйесіне де қатысты. «Діни қиссалар – пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейнелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті "Құран Кәрімнен» алынған. Өйткені, Құран Кәрім тек діни кітап қана емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі. Негізінен, қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен әпсаналарды араб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп атайтыны мәлім. Алайда қазақ қауымы Шығыс хикаяларының өлең жырға айналдырған үлгілерін ғана «қисса» немесе «дастан» деп таныған» [7, 76], - деп атап көрсетілген «Ислам» анықтамалығында.
Яғни, жыр-дастан түрінде келетін, қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан жанры ретінде қалыптасып үлгерген қисса немесе дастаны – қазіргі қазақ поэмаларының ілкі бастауларының бірі ретінде қарастырылуы заңды құбылыс болып табылады. Қазақ тілінде жыр-дастан, немесе қисса дастан, жыр-қисса деп қосақтап айта береді.
Бұл арада ескеретін жағдай – қазақ, тіпті жалпы түркі халықтарының әдебиетінде «поэма» терминінің орнына әдетте «дастан» термині қолданыла береді. Әрі дастан аталған поэзиялық, эпикалық шығарманың өзі сюжеттік құрылымы, поэтикалық қуаты, лирикалық иірімдері тұрғысында поэманың жүгін толық көтере алатындығын көреміз. Бұдан біз түркі дастандарының еуропалық поэмадан өзіндік ерекшелігін байқаймыз. Біз атап көрсеткен мәселе жөнінде өзбек ғалымы Д.Қуббатова былай деп атап көрсетеді: «Исследования показали, что термины «достон» и «поэма» используются как синонимы народного эпоса восточно-классических и современных лиро-эпических произведений. Нельзя отрицать роль народных дастанов, созданных в лиро-эпическом жанре. Они имеют своеобразные композиции, что и послужило почвой жанра «поэма». Появление в письменной литературе жанра достон тесно связано устными народными дастанами»[8, 3-4]. Ғалым халық ауыз әдебиетінің жазба поэзияға тигізген әсерін дұрыс бағамдаған және бұл пікір тек өзбек әдебиетіне ғана емес, қазақ әдебиетіндегі дастан мен поэманың ара қатынасына да тікелей қатысты.
Қазіргі поэмалар генезисінің бастауы ретінде халық эпостарын қарастырушы ғалымдардың бірі, литван әдебиеттанушысы В.Киканс былай деп атап көрсетеді: «Халық эпосы, романтикалық және реалистік поэмалар осы заманғы ақиқат болмыс жағдайында жеке жанр ретіндегі өзінің тарихи негізін жоғалтты. Бірақ олар эпостың әсіресе романтикалық және реалистік поэмалардың элементтері ретінде өмір сүруін жалғастыра береді»[9, 227-228].
Өзбек әдебиеттанушылары ауызша тараған дастандар мен қазіргі түркі жазба поэмаларының түп-тамырын тым бағзыдағы түркі жәдігерліктерінен іздейді. Мысалы, академик Б.Валиходжаев Мұхамед Қашғаридің «Диуани–лұғат ат-түрік» еңбегінде келтіріліген өлең-жырлардағы поэма элементтерін қарастырады. Мысалы, аталған еңбектегі «Алып Ер Тұңға туралы жырда» поэмаға тән элементтер кездеседі деп біледі және бұл пікірді қазақ ғалымы Мәлік Ғабдуллин де айтқан болатын[10, 68] .
Әдебиеттанушы ғалым В.Киканс поэмалардың стильдік жүйесі туралы қарастыра отырып, мынадай пікір білдіреді: «Өз тарихында поэма тарихында мифологиялық эпос, қаһармандық эпос, қаһармандық поэма, романтикалық поэма, реалистік поэма сияқты тұрақты жанрларға бөлінеді. Бұл жанрлардың барлығы да мазмұндық-пішіндік категориялардың нәтижесі болып табылады, яғни бұл мамзұндық формалардың барлығы – біртұтас стильдік жүйеге енеді», - деп атап көрсетеді[9, 187].
Өзбек фольклортануында да мифологиялық эпос, халықтық эпос, романтикалық және реалистік эпостар бар деп қарастырылған және олардың өзіндік ерекшеліктері бар деп танылған.
Келесі бір өзбек әдебиеттанушысы Ш.Хасановтың пікірінше, поэма деп – барынша реалистік сипатқа ие шығармаларды жатқызу керек, ал дастан деп романтикалық сипаттағы шығармаларды атау керек. Бірақ ешбір әдебиеттегі жанрлар реалистік немесе романтикалық бағыттар бойынша бөлінбейтіндігін ескерсек, автордың тұжырымдамасымен келісу қиын болмақ. Бірақ автордың «поэма» – «дастан» терминінің батыстық баламасы. Қазіргі заманғы дастан – бұл классикалық дастанның көлемі мен сапасы тұрғысында өзгерген, жаңа моделі»[11, 18], - деген пікірлер бар.
Қазіргі күннің өзінде дастан мен поэма терминдері арқылы қамтылатын поэзиялық туындыға қатысты түсінік мидай араласып кеткен деп айтуға болады. Өткен ғасырдың басында, яғни 30-жылдарына дейін «дастан» термині кеңірек қолданылып келсе, 30-жылдар соңынан бастап, «поэма» термині алға шыққанын байқаймыз. Мұның бір себебі – көптеген ғалымдардың аатап көрсетуінше, дастанның жоғарыда біз атап көрсеткен «қисса-дастан» деген тіркеспен қатыстылығы.
Демек, 30-жылдардағы қуғын-сүргін кезінде дінге еш қатысы болмаса да дастан жанрында жазылған туындылардың ескілікті жырлау сипатындағы туынды ретінде билік пен партия тарапынан жазаға ұшырауы мүмкін болған. Сол себепті де авторлар өз шығармасын «дастаннан» гөрі «поэма» деп атауды жөн санағандықтан, поэма атауы жиі қолданыс тапса керек. Бұл жөнінде өзбек ғалымы В.Хализов былай деп көрсетеді: «Әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде және сол жанрдағы әрбір жаңа шығарма барысында жанр қайта жаңғырады, түлейді»[11, 259].
Осы тұста тығыз ішкі жақындықтағы дастан мен поэманың мынадай айырмашылықтарын да тануға болады:
Халық дастаны – бұл ұжымдық еңбектің жемісі.
Классикалық дастан мен осы заманғы поэмалар – жеке тұлға еңбегінің жемісі.
Халықтық дастандарда лирика өлең түрінде көрініс тапса, эпикалық дастанда проза түрінде де көрініс таба береді
Классикалық дастандарда лиро эпикалық күй өлең түрінде келеді;
Осы заманғы поэмаларда екұшты әдіс қоданылады, яғни кейбірі лиро-эпикалық стильге құрылса, енді бірі лирикалық (немесе эпикалық) құрылымға ие болады.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ ақындары өздерінің шығармалары арқылы жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Көркем шығармаларға қоғам мен заманнан үлкен орын алатын өзекті мәселелер нсгіз болса, қазіргі қазақ ақындарының шығармаларына арқау болған осындай қоғамдық мәні зор мәселенің бірі — азаттық, бостандық, теңдік. Азаттық пен бостандық тек қазақтың ғана емес, жалпы адамзат баласының арман-мақсаты болғаны белгілі. Қазіргі таңда қазақ ақындары сан ғасырлар аңсаған егемендігіміз жолында қаншама қан төгіліп, қаншама жанның өмірі қыршынынан қиылғанын жан-жақты бейнелеуде. Адамзатқа ортақ бостандық мәселесінің қазақ халқы үшін де орны ерекше. Бұл мәселені ақындар тарихи тақырыптарға жан бітіру, қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан замандастарымыздың тағдырын көркем бейнелеу арқылы шешуге тырысты. Олардың қатарында Қ. Мырза-Әли, К. Салықов, М. Рәш, Н. Ораз, Ж. Бөдеш, Н. Айтұлы, Н. Оразалин, А. Егеубаев, Т. Әбдірахманқызы, К. Ахметова, Б. Жақып, Қ. Аманжол. И. Тасқараұлы, М. Бектемірова сынды ақындарды атауға болады.
Осы мақсатта тарихи поэмаларды көптеп жазган ақынның бірі -Несіпбек Айтұлы. Оның «Тоғыз тарау» жинағына енген «Сардар», «Бердіқожа батыр», «Шақантай», «Сары қаз», «Көкала үйрек», «Ерлік пен тектілік», «Кәмей ұшқан», «Түс — елес», «Игор жорығы туралы жыр» сынды поэмаларының дені тарихи тақырыпты арқау етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |