Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық коллледжі»



бет6/7
Дата27.05.2022
өлшемі153,76 Kb.
#35736
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7
ҚОРЫТЫНДЫ
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр.
Әдістемелік құрал ретінде әңгіме эстетикалық өзара әрекеттесу арқылы іске асырылады, ол «ұғым арқылы емес, сезімдік тәжірибенің құрылымдық элементтерін қабылдау, ...өз қызметін сенім мен түйсіну арқылы жүзеге асыратын адамға тән эстетикалық қабылдау арқылы әрекет ететін зияттың көрінісі болып табылады; мәселен, зияттың логикалық тұжырым сияқты басқа түрлерімен салыстыруға келетін түрлерінің бірі болып табылады». Поэманы талдай, зерделей отырып, оқушылар нені үйрене алады?Адамның мiнез-құлқы мен ол өмір сүретін әлемді түсiну; ойлар мен сезiмдер өзгере отырып қалай дамитынын түсіну; мәдени дискурс (тілдік тәжірибе) қарым-қатынастың тиiмдi құралы екендігін түйсіну.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асады, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі: образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізіменұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру.
Әдеби шығармада кейіпкер, оның өсу динамикасы, сюжеттік желі болмаса, тұтас құрылым − композиция болмайды. Сондықтан мұғалім мектеп қабырғасында көркем шығарманы оқып-үйрену барысында кейіпкерлерді әртүрлі жағдайларға байланысты өзге бейнелермен тығыз органикалық бірлікте, қарым-қатынаста қарастыруы қажет. Мұны өмірлік мәні бар құбылыстармен салыстыра танытуға, оған шәкірттердің өз пікірлерін білдіруіне назар аударуы керек. Әдетте оқушы шығармадағы көркем ойды шындық түрінде ғана қабылдап, ондағы образдылық, типтілік, мазмұн мен форманың бірлігі секілді әдебиеттің теориялық астарларына назар аудара бермеуі мүмкін. Сол үшін мұғалім көркем мәтінмен жұмысты тереңдете отырып, оқушыларды әдебитеориялық сауаттылыққа дағдыландыруы керек. Бұл көркем туындыны дәйекті түрде талдауға, білімді саналы меңгеруге үйретеді.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет