Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Б. Оқушының оқу материалымен жұмысын бағыттайтын тапсырмалар; Бұл тапсырмалар оқушыны оқу материалын түсінуге, жүйелеуге бағдарлайды. В



бет117/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   160
Б. Оқушының оқу материалымен жұмысын бағыттайтын тапсырмалар; Бұл тапсырмалар оқушыны оқу материалын түсінуге, жүйелеуге бағдарлайды.
В. Оқушыдан шығармашылық әрекетті талап ететін тапсырмалар. Бұл тапсырмалар оқушыны проблеманы шешуге, материалды өзбетімен жинауға, шығарма жазуға т.б. бағыттайды.
Жоғарыда аталған тапсырма түрлерін нақты қарастырайық:
А. Оқу мәліметін негіздейтін тапсырмалар. Тапсырманың бұл түрі жаңа оқу мариалымен жұмыс жасауға тән. Оның басты мақсаты - жаңа оқу материалын оқушының санасына жеткізу. Әдетте оқу материалы мәтін түрінде беріледі (оқу мәтіні, анықтамалық, көркем әдебиет мәтіні, мақала, т.б. ) Мұндай тапсырмаға мысал келтірейік:
«Параграфты, өлеңді, мақаланы, бірінші тарауды оқы». Оқу материалын бейнелік түрде (сурет, кескін,т.б.) беруге болады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыны осы нысандарды бақылауға бағдарлайды (теледидар, радио, фильм, слайд түрінде беру).
Бұл тапсырмаларды оқушының зейінін негізгі, мәнді нәрсеге шоғырлататындай етіп құру керек. Тапсырманың мұндай түрінде болатын басты мәселе - оның көлемі. Оқыту психологиясынан білетініміздей, материалды берудің оңтайлы көлемі болады. Сондықтан қабылдау үшін оны толығымен беру қажет. Материалдың шағын көлемі оны қабылдаудың үзіндісін шарттайды, мәтінді толықтай меңгеруге және жүйелеуге кедергі келтіреді. Керісінше, көлем шамадан тыс көп болса, оқушылар материал туралы жалпы түсінікті ала алмайды.
Бихевиористік теорияның негізін салушылардың бірі Б.Ф.Скиннерге сәйкес материал көлемі шағын болу керек (небары 1-2 сөйлем). Мұндай жағдайда оқушылар тапсырманы қатесіз орындай алады.
Өзіндік жұмыста көлемді анықтауға оқулық көмектеседі. Өйткені онда материалдар параграф пен бөлімдерге бөлініп берілген.
Б. Оқушының оқу материалымен жұмысын бағыттайтын тапсырмалар. Тапсырмалардың бұл түрі әртүрлілігімен айрықшаланады. Оқушының жұмысын бағыттайтын келесі тапсырмалар ажыратылады: 1) байқау; 2) оқулық мәтінімен жұмыс; 3) жаттығулар; 4) практикалық және зертхханалық жұмыстар. Соңғы аталғандар сурет салудағы, сызудағы негізгі әдістер. Олар физикада,химияда,география мен биологияда маңызды орынға ие. Көрсетілген пәндер бойынша практикалық және зертханалық жұмыстың орындалуы әдістемелік сұрақтарға байланысты.
1.Бақылау. Тапсырмалардың бұл тобына сезімдік қабылдауға негізэделген тапсырмалар кіреді. Кейде оған пәндерді қосады. Бақылаудың нысаны ретінде кез-келген бейнелік зат алынады: шынайы зат, карта, сызба, сурет, модельдер, оқулық иллюстрациясы, фильм, т.б. Бейнелік құралға негізделген тапсырмалардың түрлі қиындық деңгейі болуы мүмкін.Пәндер қатары бойынша (тарих, география, биология,т.б.) оқулықтың иллюстрациялық материалы жиі қолданылады.Сызбалардың негізінде оқушылар қорытынды жасап, кестелер құрады. Заттарды сурет бойынша атау, сөйлемдер мен әнгіме құру орыс және шетел тілдерін оқуға тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет