Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Базисиік компоненттердің жүйеге қосарланып ену ұстанымы



бет79/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

3.3. Базисиік компоненттердің жүйеге қосарланып ену ұстанымы

Педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде ішкі және сыртқы құрылым тұжырымдамасы өте маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, бұл тұжырымдаманың жүйені құрудың ерекше ұстанымын білдіретін аспектілерінің бірін қарастырамыз.


Бұл ұстаным бірінші рет қалыптасып және монографияны дайындау кезінде жалпы білім беру мазмұнының құрылымын талдау мақсатында 1980 жылы пайдаланылған болатын.
Мысалдан бастайық. Сабақтың құрылымы теориясынан арнайы аралас аймақты алайық. Сабақ бойына оқытушы басқаруды жүзеге асыра отырып, оқушы іс - әрекетін жүйелі түрде бақылап отырады. Басқаша айтқанда, тіпті сабақтың құрылымымен айналыспағанның өзінде біз оқушы іс - әрекетін бақылау сабақтың құрылымының «өткінші» компоненті, яғни ол сабақтың басынан аяғына дейін кезкелген кезеңінде түрліше қатысады және ол оқытудың қарастырылып отырған компонентінің сабақтың жалпы жүйесіне енуінің бір жолы. Бірақ мынаған көңіл аударсақ: оқушы әрекетін бақылау – үй тапсырмасын тексеру – сабақтың дербес бірізді элементтерінің бірі. Бұл – сабақтағы іс - әрекет жүйесіндегі оқушы қызметін бақылаудың екінші түрі.
Екінші мысал – мектепте ана тілін оқыту. Кезкелген пән бойынша кезкелген сабақ оқушылардың тілдік дайындығына өзіндік үлес қосатыны күмәнсіз. Бұл тілдік білім берудің ұқсастығы бойынша алдыңғы мысалдағыдай «өзгермейтін» деп аталатын бірінші жолы. Бірақ бұл жолмен тілдік дайындық бітпейді – жалпы білім беретін мектепте ол арнайы оқу курсында жүзеге асады. Бұл – ана тілі аумағында коммуникативтік білім берудің екінші асректісі. Ақырында, басқа саладан тағы бір мысал. Қандай циклға жататын болса да әр ғылымның қолданбалы аспектісі болады. Бұл барлық ғылыми білімнің «өзгермейтін» жолы. Осымен бірге ғылыми білімнің айырықша саласы – қолданбалы қыры зерттеу нысанасы болып табылатын практикалық ғылым. Мұндай құбылыспен зерттеуші – педагог әр адым сайын жолығады.
Қарастырылған мысалдардан екі тұжырым жасауға болады. Бірінші, білім беру мазмұнының кезкелген құрылымшасының базистік компонентінің әрқайсысы оның жалпы құрылымына қосарлана енеді: біріншіден, сыртқы құрылымдық компонентке қарағанда «өзгермейтін» жол ретінде, екіншіден, апикальды (жоғары), анық бейнеленген компоненттердің бірі ретінде.
Екінші тұжырым көрсетілген заңдылықты қолдану аймағына байланысты: ол тек педагогикалық немесе психологиялық құбылыстарда ғана емес, басқа да нақты аймақтарда байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет