Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Білім беру мазмұны мәселесін жүйелілік тұрғыдан қарастыру



бет77/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   160
3.1. Білім беру мазмұны мәселесін жүйелілік тұрғыдан қарастыру

Білім беру мазмұны құрылымдаудың жаңа ұстанымдарын сипаттаудан бұрын педагогикалық құбылыстарды жүйелілік тұрғыдан талдаудың кейбір қағидаларын еске салайық.


Ғылымның қызметі – барлық объективті моделін жасау. Материяның негізгі қасиеті құрылымдық болып табылады. Сондықтан жүйелілік тұғыр қазіргі қазіргі ғылымда өзінің нық көзқарасымен алда келеді. Кезкелген жүйені жасаудың, яғни теориялық моделін құрудың, біріншіден, оның метажүйедегі (жоғары иерархиялық деңгейдегі) орнын (қызметін, байланысын) анықтау, екіншіден, жүйенің және оның дамуының тиімді қызметін қамтамасыз ететін компоненттерінің және олардың қасиеттерін тиімді анықтау, үшіншіден, осы компоненттер арасындағы байланысты орнықтыру.
Білім беру мазмұны мәселесін зерттеулерде олардағы түп нұсқасының табиғатын көрсететін модельге қатысты жалпы типологиясына немесе ол «құрылып» тұрған «материалға» қатысты; жүйені құруды ұйымдастыру; жүйенің қозғалыс моделі немесе динамикасы (құрылымдық – қызметтік – динамикалық модельдер) жиі қолданылады.
Көптеген еңбектерде қарастырылған теорияны баяндауға тереңдемей – ақ, біз зерттеуіміз үшін ерекше маңызды екі кезеңіне ғана тоқталайық. Біріншіден, жүйелілік тұғырдың барлық әдіснамасы В.Г. Афанасьевтің сөзімен айтқанда «жүйені өзара әрекеті жаңа интегративтік сапалардың пайда болуына әсер ететін, жүйені құрайтын жеке–жеке компоненттерден тұратын нысандар жиынтығы ретінде анықтауға болады. Жүйе өзінің компоненттеріне, өзінің табиғатына сәйкес түрлене отырып, белсенді түрде әсер етеді. Жүйені жан–жақты танып білу үшін ең алдымен оның ішкі құрылымын зерттеп білу керек, яғни ол қандай компоненттерден тұрады, оның құрылымы мен қызметі қандай, сонымен қатар оның тұтастығын қамтамасыз ететін факторлары, күштері қандай». Екіншіден, зерттеу әдістері тұрғысынан жүйені зерттеудің негізгі аспектілері туралы мәселені қарастыру керек. Күрделі биологиялық және әлеуметтік жүйелер оларды екі жақты қарастыруды талап етеді. Бірінші жағынан, олар динамизм, яғни статикадан тысқары пәндік тұрғыдан қарастырылады. Бұл берілген жүйенің құрамын модельдеп құруға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, динамикада олардың нақты бар болуы қарастырылуы керек. Мұнда динамика екі жақты: біріншіден, жүйенің қозғалысы, оның жүзеге асуы, қызметі және екіншіден, оның дамуы – пайда болуы, құрылуы, өзгеруі, құлдырауы, түрленуі. Осыған сәйкес күрделі динамикалық жүйе туралы ұқсас ұғымдар зерттеудің үш – пәндік, қызметтік және тарихи жазықтығын талап етеді. Жүйені зерттеудің бұл үш жазықтығы «тұтас жүйелік тұрғының қажетті және жеткілікті әдіснамалық компоненті ретінде мойындалған».
Білім беру мазмұнын зерттеуде біз әртүрлі жүйе компоненттерін айқындаумен бірнеше рет кездесеміз және барлық уақытта да бұл жағдайда әдіснама тұрғысынан өте күрделі мәселе туындайды: жүйе компоненттерінің оның бар болуына қажетті және жеткілікті құрамы қандай. Бұл сұраққа біржақты жауап беру мүмкін бе, бірақ көптеген ғалымдардың, оның ішінде М.С. Каганның пікірі бойынша: «біздің көзқарасымызша, бұл міндетті шешудің жалғыз ғана тиімді жолы – зерттеліп отырған жүйеге қандай да бір метажүйе, яғни ол бар болатын және тиісті орта тұрғысынан келу».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет