Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет83/160
Дата18.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#83853
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   160
Зорина Л.Я. Көрнекті педагог, педагогика ғылымдарының докторы, Любовь Яковлена Зорина.
Негізгі еңбегі: «Жоғары сынып оқушыларының білімдерінің» жүйелілігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. – М., Педагогика, 1978. – 128с.
Л.Я.Зарина бұл кітабында оқытудың ғылыми –теориялық деңгейін оқу ақпаратын және оқу курстарына танымдық жалпы әдістері, білімдер құрылымы туралы білімдерді енгізу арқылы көтеру жолдарын қарастырды.


3.1.7 Зорина Л.Я. Жоғары сынып оқушыларының білімдерінің жүйелігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері


І тарау. Жоғары сынып оқушыларының білімдерінің жүйелілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың білімдерінің жүйелілігінің қалыптасуы үшін қажетті шарттарды зерттеу мәселесі үш нысанды талдауды талап етті: ғылымның құрамы мен құрылымы (оның элементтерін ажырату үшін), жаратылыстану-ғылыми циклдағы оқу пәндерінің ғылыми мазмұны және осы мазмұнға сәйкес оқыту үдерісі.
Бұл проблеманың басты мәселесі негізгі дидактикалық нысанның білім мазмұнының «бірлігін» таңдау болды.


1. Теория - жоғары сыныптардағы ғылым негіздері бойынша білім мазмұнының «бірлігі»

Осы уақытқа дейін дидактикалық-психологиялық және әдістемелік зерттеулерде білім «бірлігі» ретінде жеке ұғым таңдалды (ұғым жүйесі) және оның қалыптасуының дидактикалық шарттары мен меңгеру тетіктері қарастырылды. Ұғымдар жүйесінің басты сипаты – оның элементтерінің біртектілігі, яғни жүйенің кез келген элементінде ұғым бар. Алайда, білім жүйесіне ұғымдар жүйесі ретінде баға бергенде келесі маңызды факторларды ұмытпау керек.


Біріншіден, ғылыми білімнің жүйесі тек ұғымдармен шектелмейді. Ғылыми ұғымдармен қатар басқа да заңдар, ғылыми деректер бар.
Екіншіден, кез келген ғылыми ұғым нақты түрде сәйкес теориялық жүйе ішінде анықталған, сондықтан жеке ұғымды сәйкес меңгеру жүйесінің өзге де элементтері мен аралас ұғымдарды қатар меңгеруді болжайды.
Үшіншіден, кешенге кіретін ұғымдар арасындағы байланыс оқушыларға өздігінен ашылмайды, яғни түсінікті емес: «Көптіктен» «жүйеге» алмасу осы байланыстар мен қатынастарды түсіндіруге қатысты арнайы жұмысты талап етеді (заңның ғылыми ұғымдардан айырмашылығы неде, ғылыми теорияда ғылыми деректердің орны қандай, ғылыми дерек дегеніміз не – осыларды нақты түсіндіру керек).
Оқушылардың ғылым негіздерінің мазмұнын меңгеру үдерісін зерттеуде ғылыми ұғымдар мен олардың жүйесін меңгеруін зерттеп талдау қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Дидактикалық зерттеудің басты нысанасы ретінде өзге нысан таңдалу керек, яғни бүтіннің қасиетін сақтайтын ең шағын құрылым. Ғылымның құрылымдық бірлігі дегеніміз не?
«Әдіснамалық зерттеулерде табиғи-ғылыми білімнің басты «жасушасы» ретінде әдетте теория алынады» (Мамчур Е.А.). Ғылымға теориялардың, болжамдардың, тұжырымдамалардың жиынтығы, сонымен қатар жүйеге ұйымдастырылмаған білімдер қатысты. Жүйеленген және әлі жүйеленбеген білімнің арақатынасы ғылымның даму деңгейіне тәуелді. Жаратылыстану ғылымдары ішінде физика дамыған ғылым болып табылады. Өзге ғылымдарға қарағанда мұнда материалдар жоғары деңгейдегі тұйық теорияларға ұйымдастырылған (дедуктивті теориялар). Дегенмен қазіргі физикада үлкен эмпирикалық-массивті оны жаңа позициядан ұғыну, жоғары деңгейде құрылған теорияларды меңгеру күтіп тұр. Бұл – ғылым дамуының табиғи үдерісі. Бірақ жүйеленбеген білім – тәжірибелі деректер, жеке заңдылықтар әрбір ғылымның іргетасында кездеседі. Бірақ «олар әртүрлі, қызықты, көп болса да ғылым болып табылмайды. Олар кірпіш тас сияқты ғылымның үйін құруды болжайды». Жоғарыда айтылғанның барлығы меңгеруге қажетті нысан ретінде минималды бүтін алыну керектігін көрсетеді. Бұл – оқу бағдарламасына енгізілген ғылыми теория.
Кез келген ғылыми теорияның нақты құрылымы бар. Ол әрдайым басты екі бөліктен тұрады: Негіздеме және салдар.
Негіздеме –бұл теорияның бір бөлігі, оған негізгі ұғымдар тобы, бастапқы алғышарттар, эмпирикалық база кіреді.
Салдар – бұл теорияның келесі бөлігі, мұнда алғышарттар негізінде белгілі фактілер түсіндіріледі, интерпретацияланады және жаңа теориялар болжанады. Әдетте теорияның соңғы бөлімі біріншісіне қарағанда көлемдірек.
Мектепте ғылыми теорияның кейбір бөлімдері оқылады. Ол – теория негіздері деп аталады. Бірақ дидактикада «теория негіздері» деген ұғымның мазмұны біржақты анықталмаған. Әрбір автор бұл ұғымға қатысты өз ойын айтқан.
Бағдарламалар мен оқулықтарда теория негізі оның бірінші бөлімімен, яғни негіздемемен байланыстырылады. Теорияның екінші бөлімі бағдарламадан тыс қалады. «Теория бірінші бөлімсіз бос, – дейді академик Л.И. Мандельштам, екіншісіз – теория мүлдем жоқ. Көрсетілген екі бөлімнің жиынтығы ғана физикалық теорияны береді».
Мектепте оқылатын теория негіздері құрылымы жағынан теорияға сәйкес келеді, аталған екі бөліктен тұрады, бірақ келесі ерекшеліктерімен айрықшаланады:
а) Бөліктердің арақатынасы (теория негіздерінде екінші бөлім, яғни салдар кең түрде көрсетілген);
б) Негізгі ұғымдардың анықтамалары;
в) Әдіс-құралдар сипаты, негіздемеден салдарға көшу барысында қолданылатын тәсілдер.
Ғылым негіздері жеке білім мен теория негіздерінің жиынтығын береді. Бұл жеке білімдер мектепте оқылмайтын теория негіздерінің элементтері де, әлі бүтін жүйеге ұйымдаспаған білім элементтері болуы да мүмкін. Бұл жеке білімдер қажеттілігімен түсіндіріледі: біріншіден, классикалық ғылымның негіздерін жаңа қазіргі заманғы позициямен түсіндіру (білім берудің ғылыми деңгейін көтереді); екіншіден, оқушыларды қазіргі проблемаларға араластыру;
Осылайша ғылым негізі дегеніміз – теория негіздерінің жиынтығын беретін білім жүйесі. Бірақ арадағы айырмашылықтарды ескеру керек. «Ғылым негізі» және «Оқу пәндері» деген ұғымдардың айырмашылықтарын атап көрсетейік. Ғылым негізі бойынша біз оқу пәндерін екі бөліктен тұратын жүйе ретінде қарастырамыз: Ғылым негіздері – оқу пәнінің басты бөлімі және екі түрдің тәсілі: оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін, тұлғаны тәрбиелейтін білім. Аталған бір тәсілдің өзі екі функцияны да орындауы мүмкін. Оқу пәндері мен ғылым негіздерінің арақатынасын схема түрінде көрсетейік:

О қу пәндері




Ғылым негіздері




Н егізгі тәсілдер




Меңгеру мен даму үшін




Тәрбиелеу үшін

Білімдердің кейбір жүйесін білім беру мазмұнының «бірлігі» ретінде белгілегенде, осы терминді талқылау барысында туындайтын қиындықтарды ескеру қажет. Егер де элементтердің кейбір жиынтығы жүйені берсе, онда оның құрамы, құрылымы болады. Жоғары сыныптарда табиғи-ғылыми білім берудің мазмұнын құруда теория мазмұнның басты «бірлігі» ретінде көрінуі керек. Бұдан кейін осы «бірлікті» меңгерудің шарттары мен тәсілдері туындайды.


Әдістемелік зерттеулердің бірқатары қандайда бір теорияны оқытудың тиімді жолдарын таңдауға арналған. Басты дидактикалық міндет – жеке нақты теорияны емес, ғылыми теорияны оқытудың тиімді тәсілін анықтау. Бұл міндетті шешу үшін теория мазмұнның «бірлігі» ретінде бейнеленетін білім формаларын талдайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет